• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 15 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Исембай Матенов: Өзім жетпеген жетістіктерге шәкірттерім жетсе екен деймін

    [ 2021 ] 3 маусым, 11:12  |  Спорт

    Бұл азаматты 2019 жылдан бері білемін. Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округінің балалар-жөспірімдер спорт мектебінде жұмысқа келген кезім. Бір күні спорт мектебінің басшысы Өтеген Сабытаев екеуара әңгімемізде: «Исембай Матенов деген жаттықтырушымыз бар. Мектебімізден жасөспірімдер мен жастар арасынан әлем чемпионатының жүлдегері мен Азия чемпионын дайындап шығарды. Енді оның өзін және шәкірттерін бұдан да биіктерден көргіміз келеді», - деді.

    Шынында да, отыздан жаңа асқан Исембай тісқаққан жаттықтырушылардың бірі екен. Қазір маңғыстаулықтар да спорттың осы бағыты бойынша Еуропа мен Азия спортшылары сескенетіндей бәсекелеске айналып үлгеріпті. Олардың жаттықтырушысы Исембай Матенов те әлемнің түкпіріндегі әріптестеріне танылыпты.

    Бүгінгі дейін қол күрестен спорт мектебіміздің атын шығарып жүрген азаматтың: «Өзім жетпеген жетістіктерге шәкірттерім жетсе екен», - деген талабы нағыз мотивация болыпты. Бірақ өзі әлі де жарыстарға қатысып тұрады. Ауыл балаларын да спортқа баулып, олардың бағын ашып жүрген сол білікті бапкер Исембай Матеновті әңгімеге тартқан едік.

    – Исембай, өзіңіз туралы толық айттып өтсеңіз? Спортпен неше жастан бастап айналыстыңыз? Қазір қандай жұмыс атқарасыз?

    - 1983 жылы 14 сәуірде Түрікменстанда қарапайым отбасында дүниеге келдім. Әкем спортқа жақын адам болған. Әкем ауыр атлетикамен айналысқан. Мен алтыншы сыныптан бастап спортпен айналыса бастадым. Қазіргі таңда Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде армрестлингтен (қол күрес) спортынан бес жылдан астам жаттықтырушы болып жұмыс істеймін, Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысымын.

    – Ауылда тұрып чемпион шығару көп жаттықтырушының қолынан келе бермейді...

    - Мұнайлы ауданынан көптеген чемпиондар шықты. Көп еңбектеніп аянбай тер төгу, жаттығуларға үзбей дайындалып, күнделікті тұрақты айналыса бергеннің арқасы деп білемін. Жалпы қол күресінің ауданда қалай дамығаны туралы айтайын. 2013 жылы Мұнайлы аудандағы №1 орта мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ бердім. Сол жылы біздің мектепте балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорттық үйірме ашу керек болды. Мен оны қол күресінен аштым. Содан бері көптеген жетістіктерге жетіп отырмыз. Әлі талай шыңдарды бағындырамыз деген үміттеміз. Осы салада Мұнайлы ауданы мен Маңғыстау облысынан республикаға, қазақ елін әлемге таныту арманымыз. Өзімнің жетпеген жетістіктеріме шәкірттерім жетсе екен деймін. Сол үшін барымды салып еңбектеніп жүрмін.

    – Маңғыстау облысындағы қол күресі қандай деңгейде? Облыстық федерация қолдау көрсетіп тұра ма?

    - Маңғыстау облысында қол күрестің деңгейі жоғары. Армрестлинг олимпиадалық спорт түріне жатпайды. Соған қарамастан қызығушылықпен айналысып жүрген Маңғыстау облысында, әсіресе, Жаңаөзен қаласын мен Қарақия ауданында жақсы спортшылар бар. Осы жақында ғана облыстық чемпионат өтті. Маңғыстау ауданы Шетпе кентінен спортшылар келіп қатысты. Кейінгі жылдары қол күрес жақсы дамып келе жатыр. Жақында федерация басшысы ауысқан болатын. Бізге федерация тарапынан да қолдау, көмек көрсетіліп тұрады. Алға ұмтылыс бар, соған қуанамын.

    - Жасөспірімдер мен жастар арасынан әлем біріншілігінің жүлдегері мен Азия чемпиондарын шығардыңыз. Енді ересектерден чемпион шығару ойыңызда жоқ па?

    - Әрине, ойымда бар. Соған дайындап жүрген шәкірттерім де бар. Алдағы уақытта ересектер арасындан да ел біріншілігінде, Азия чемпионаттарында, әлем чемпионаттарында жүлделі орындардан көрінеді деген үміттеміз. Сол спортшыларымыздан да, ересектер арасынан да Азия және әлем чемпиондарын шығарамын деген үміттемін.

    - Спортта кімді үлгі тұтасыз? Қол күрестің өзіне тартатын қандай қасиеті бар?

    - Ел намысын қорғап жүрген қаншама спортшыларымыз бар. Соларды жоғары жетістіктерге жеткізген жаттықтырушылардың еңбегі. Спорттың қай саласының болмасын, жаттықтырушыларын үлгі тұтамын. Ең алдымен Маңғыстаудан олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын дайындап шығарған Марат Жакиев ағамызды құрметпен атағым келеді. Одан қалса, қол күрес спортын ерекше дамытып, әлем мен Азияда біріншіліктерінде Қазақстанды жоғарғы рейтингке кіргізген Арман Романұлы Қарсыбаевты үлгі тұтам. Айтта берсек көп, елімізде үлгі тұтатындай спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыз жеткілікті. Аянбай еңбек етсең бәрі де болады.

    - Қай шәкіртіңізден үміт күтесіз?

    -Үміт күттіретін шәкірттерім көп. Атап өтейін, Ыбырай Шолпанов, Нұрзат Амангелді, Сара Сисенбай, Айжан Маймақова, Нұрсат Еділбай, тағы басқа үміт күтетін шәкірттерім көп.

    - Үйірмеге қатысу ақылы ма, тегін бе?

    - Әрине, қатысу тегін. Балаңызды спорт мектебінде әкеліп, әдіскерлерге жолығасыздар. Олар балаңызды көріп, сіздерге медициналық тексеруден өту парағын береді. Соны алып, аудандық поликлиникадан өтеді. Содан соң балаңыз бір жылда екі рет дәрігердің тексеруінен өтеді. Спортқа жарамды болса, бейімін байқап, жаттықтыруға дайынбыз.

    Армрестлинг жаттықтырушы Исембай Матенов шәкірттерінің жетістіктері:

    Айжан Маймақова - ҚР спорт шебері. Жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері (Петропавл, 2015 ж), әлем чемпионатының қола жүлдегері (Малайзия, 2015 ж), жастар арасындағы Азия чемпионы (Қырғызстан, 2017 ж) және әлем чемпионатының қола жүлдегері (Венгрия, 2017 ж), жастар арасында Азия біріншілігінің күміс жүлдегері (Шучинск, 2018 ж), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Қырғызстан, 2019 ж).

    Ыбырай Шолпанов - ҚР спорт шеберінен үміткер. Жасөспірімдер арасында Қазақстанның күміс жүлдегері (Өскемен, 2016 ж), Азия чемпионы (Ташкент, 2016 ж), жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы (Алматы, 2017 ж), Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Бастери, 2017 ж) және әлем біріншілігінің қола жүлдегері (Венгрия, 2017 ж), Азия біріншілігінің алтын жүлдегері (Қырғызстан, 2019 ж), Азия кубогының күміс жүлдегері (Алматы, 2019 ж).

    Жансүйген Мамедова - ҚР спорт шебері. Жасөспірімдер арасында VІІІ Жазғы спартикаданың күміс жүлдегері (Тараз, 2016 ж), Қазақстанның күміс жүлдегері (Алматы, 2017 ж) және Азия кубогының иегері (Тараз, 2017 ж), Азия біріншілігінің күміс жүлдегері (Бастери, 2017 ж) және ҚР чемпионы (Талдықорған, 2018 ж), Азия чемпионы (Шучинск, 2018 ж).

    Қамбар Дилманов - ҚР спорт шеберінен үміткер. Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Шучинск, 2018), ҚР чемпионатының қола жүлдегері (Талдықорған, 2018 ж).

    Сара Сисенбай - ҚР спорт шебері. Жасөспірімдер арасында Қазақстанның чемпионы (Алматы, 2018 ж), Азия чемпионатының қола жүлдегері (Қырғызстан, 2019 ж), Азия кубогының қола жүлдегері (Алматы, 2019 ж).

    Талғат Бападжанов - ҚР спорт шеберінен үміткер. Жасөспірімдер арасында Қазақстанның күміс жүлдегері (Алматы, 2015 ж) және Қазақстанның чемпионы (Өскемен, 2016 ж), Азия кубогының күміс жүлдегері (Алматы, 2019 ж).

    P.S.: Алдымен ауыл мектебінде үйірме ашып, оны спорт мектебінде жалғастырып, аз жылда Маңғыстау облысының аға жаттықтырушысына айналып үлгерген азаматтың талабына тәнті болдық. Спорт мектебіне сатылай көтеріліп келе жатқан жаттықтырушының мақсат-мұратына жетеріне сенеміз. Осындай жанкешті еңбек иелері ғана әділ бәсекелерде өз бағасын алып, жеңіске жетуге лайық. Тек түрлі кедергілер кездескенде немесе көлденең қиындықтар тап болғанда, талабы қайтып, жігері мұқалмауын тілейміз.

    Айбек МҰХАНОВ,

    Басқұдық ауылдық округінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері.
    Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы

    4792
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Спорт қоғам сұхбат
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтауда 200-ден аса самбошы шеберлік сағатына қатысты

    Келесі жаңалық

    Футбол: «Каспий» 4:0 есебімен жеңіске жетті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ердос Жаңабергенов: Олимпиадада 57 келі салмақ Махмұд Сабырханға ауыр болады

      29 шілде, 10:05
      451

      Н. ЖАРЫЛҒАПОВ, әлем чемпионы: Дзюдода олжа салғым келеді

      [ 2022 ] 27 желтоқсан, 10:50
      874

      Исембай Матенов: Өзім жетпеген жетістіктерге шәкірттерім жетсе екен деймін

      [ 2021 ] 3 маусым, 11:12
      4793

      Батырбек Естаулетов: Вьетнам, Иран, Тайланд спортшылары – басты қарсыластарымыз

      [ 2021 ] 18 наурыз, 09:33
      2063

      Бекзат Нұрдәулетов: Токиода топ жарып, елімді қуантсам деймін

      [ 2021 ] 9 наурыз, 10:39
      1625

      С. Сейітқазынов: Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті футболшыларды тәрбиелеу

      [ 2021 ] 31 қаңтар, 12:14
      1655

      Рубрикалар

        ХабарландыруМаңғыстау жаңалықтарыБейнеуҚызық дерекЖастар бетіМұнайлыЖаңалықтарӘдебиетСпорт

      Автордың басқа да жазбалары

      Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?

      8 қазан, 16:12
      571

      Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?

      26 қыркүйек, 15:47
      857

      Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайындалды

      5 қыркүйек, 15:39
      4622

      Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілді

      27 тамыз, 09:38
      7264

      Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешеді

      26 тамыз, 09:57
      2496

      Жармыш ауылында 153 үйге газ желісі тартылды

      25 тамыз, 14:47
      2553

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»