• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 16 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    С. Сейітқазынов: Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті футболшыларды тәрбиелеу

    [ 2021 ] 31 қаңтар, 12:14  |  Сұхбат

    Бүгінде еліміздің батыс аймағынан танымал – «Ақтөбе», «Атырау», «Ақжайық» футбол клубтары республика бойынша ел біріншілігінде жақсы тартысты өнер көрсетіп келе жатыр. Солардың сапында біздің өңіріміздің «Каспий» футбол командасы да үздіктер қатарында бақ сынап келеді. Өздеріңізге мәлім, өткен жылдың маусым айында «Каспий» командасы премьер-лига клубтары арасында футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының жоғарғы дивизионында Маңғыстау облысының намысын қорғады. Өкінішке қарай елімізде қатаң түрде жүргізілген карантин режиміне байланысты футбол жаңалықтарынан оқырмандарымызды хабардар ете алмадық. Жуырда сәті түсіп, «Каспий» футбол клубының басшысы Санжар Сейітқазыновпен жүздесіп, өңірдің намысын қорғап жүрген команда хақында аз-кем әңгімелескен едік.

    – Санжар Дүйсембайұлы, дана халқымызда «Ештен кеш жақсы» дейді. Өткен жылы өңіріміздің танымал «Каспий» футбол клубының жеткен жетістіктері аз болған жоқ. Премьер-Лига клубтары арасында үздік ойын көрсетіп, облыс намысын қорғады. Сұхбатымызды сол сәттерден бастасақ.

    – Иә, дұрыс айтасыз. Өткен 2020 жылы Қазақстан Республикасы чемпионатының жоғарғы дивизионында премьер-лига клубтары арасында біздің команда үздік ойын көр сетіп, жақсы жағынан көрінді. Жалпы айтқанда, «Каспий» футбол клубы – Қазақстан бірінші Лигасында ойнайтын футбол клубы. Қазіргі таңда команда құрамына ЕАС-­қа кіретін елдердің келісіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында легионерлер болып саналмайтын 5 легионер, Ресей Федерациясының 3 азаматы және 17 қазақстандық футболшы кірді, олардың 8-­і – Маңғыстау футбол мектебінің тәрбиеленушілері. Жаттықтырушылар құрамы 4 шетелдік жаттықтырушыдан және Маңғыстау футбол мектебінің 1 тәрбиеленушісінен тұрады.

    Клубтың 2020 жылғы маусымдағы бюджеті 1 миллиард 30 миллион теңгені құрады. КММ мазмұнына премьер-­лига командасы, екінші лига командасы, футзал командасы, футбол орталығы кіреді. Премьер­Лиганың командасы футболдан ҚР чемпионатында 10­-орынға ие болды және еліміздің жоғарғы дивизионында орнын сақтап қалды.

    2020 жылдың шілдесінде пандемияға байланысты бюджеттің қысқаруына орай оңтайландыру жүргізілді. Командада жоғары жалақы алатын футболшылардың саны көп болды және олардың орнына жалақы талаптары жоқ ойыншылар келді.

    Маусым қорытындысы бойынша Маңғыстау футбол мектебінің тәрбиеленушілері алаңда 3 663 минут ойнады. Бұл лигада үшінші нәтиже болып табылады, көп ойнаған тек «Тараз» ФК мен «Қызылжар» ФК тәрбиеленушілері болды.

    Біздің команда жергілікті және шетелдік футбол сарапшыларынан қызықты футбол ойнаушы және көшбасшылардан қорықпаушы ретінде жақсы пікірлер алды. Маусымда еліміздің қазіргі чемпионы «Астана» ФК және екі рет футбол бойынша ҚР кубогының иегері атанған Қызылорда қаласының «Қайсар» футбол командасын көп ұпаймен ұтты.

    Тек қана Маңғыстау футбол мектебінің тәрбиеленушілерімен жасақталған екінші лига командасы екінші лига командалары арасындағы турнирде бірінші орын алды және турнир қорытындысы бойынша бірінші лига клубтары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасының Біріншілігіне қатысу үшін жолдама алды.

    – Бәрекелді, біздің өңір командалары жараған екен. Ақтауда футзал құрамында шетелдік азаматтар ойнай ма?

    – Футзал командасы жергілікті тәрбиешілермен жабдықталған, командада Ресей Федерациясының екі азаматы ғана ойнайды, бұл барлық футзал клубтарының ішіндегі ең аз көрсеткіш болып табылады. Қазіргі таңда футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионатында 5-­орындамыз.

    КММ футбол орталығында футбол бойынша 7 жастан 18 жасқа дейінгі 400­-ден астам бала дайындықтан өтуде, ал 14 жас командасымен «А», «В» және «С» санатындағы лицензиялары бар 17 жаттықтырушы қызмет істейді.

    – Түсінікті, ал осы жылға жоспарларыңыз қалай жүзеге аспақ?

    – 2021 жылға стадионды премьер-­лига матчтары үшін қайта құру, ауа райынан қорғайтын шатырлар салу, матчтарды түсіру үшін инфрақұрылымды жақсарту жоспарланған. Клубтың ребрендингі жүргізіледі, жастар командасы орналасқан жерін ауыстырады және Жаңаөзен қаласында ойнайтын болады. Бұл Маңғыстау өңірінің географиясын кеңейтуге және футболмен қамтуға мүмкіндік береді.

    Сондай-­ақ футбол орталығының балаларымен және жастарымен жұмыс істеуге клубтың селекциялық және әдістемелік жұмысына көмектесетін мамандар тартылатын болады.

    Команда өз конференциясында бірінші орынға ие болғандықтан, 2021 жылғы маусымда футболдан бірінші лига Біріншілігіне қатысуға мүмкіндік алды. Бұл – турнирге қатысу болашақта бәсекеге қабілетті футболшыларды тәрбиелеу деген сөз.

    Футбол орталығында талантты балаларды іріктеу бойынша селекциялық және әдістемелік жұмысты жолға қоюға көмектесетін мамандарды тарту, УЕФА лицензиясын алу үшін ҚФФ курстарында жергілікті жаттықтырушыларды оқыту, Маңғыстау облысының аудандарында жаңа филиалдар ашу арқылы өңірде балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту жоспарланған.

    Сонымен қатар Жаңаөзен қаласынан футбол орталығының филиалы ашылады. «Каспий-­М» командасы Жаңаөзен қаласында жаттығып, алдағы уақытта Каспий-Жаңаөзен деген атауға ие болуы мүмкіндігі бар. Алдағы уақытта 3 жас ерекшелігі бойынша футзал орталығы ашылады.

    – Таяуда жақсы жаңалық естіген едік... Өңіріміздің мақтанышы, спорт саңлағы Дінмұхамбет Сүлейменов елге оралып, «Каспий» құрамында ойнайды екен.

    – Иә, дұрыс айтасыз. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жұмабаевтың қолдауымен, ҚР футзалдан құрама командасының капитаны, УЕФА кубогының 2 дүркін чемпионы және әлем супер кубогының жеңімпазы, 9 дүркін ҚР чемпионы, 4 дүркін ҚР кубогының және ҚР 3 суперкубогының иегері, өлкеміздің мақтанышы Дінмұхамбет Сүлейменов ағамыз «Каспий» футзал клубының ойыншы­-бапкері атанды.

    – Әңгімелескеніңізге көп рақмет!

    Кенжебек СЕРЖАНҰЛЫ

    1655
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Сұхбат қоғам спорт
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Донор болу - өзгеге өмір сыйлау

    Келесі жаңалық

    Анна Мергенбайқызы: Жақсылықты көрсетуге күшіміз жетпей тұр

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ердос Жаңабергенов: Олимпиадада 57 келі салмақ Махмұд Сабырханға ауыр болады

      29 шілде, 10:05
      451

      Н. ЖАРЫЛҒАПОВ, әлем чемпионы: Дзюдода олжа салғым келеді

      [ 2022 ] 27 желтоқсан, 10:50
      874

      Исембай Матенов: Өзім жетпеген жетістіктерге шәкірттерім жетсе екен деймін

      [ 2021 ] 3 маусым, 11:12
      4793

      Батырбек Естаулетов: Вьетнам, Иран, Тайланд спортшылары – басты қарсыластарымыз

      [ 2021 ] 18 наурыз, 09:33
      2063

      Бекзат Нұрдәулетов: Токиода топ жарып, елімді қуантсам деймін

      [ 2021 ] 9 наурыз, 10:39
      1625

      С. Сейітқазынов: Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті футболшыларды тәрбиелеу

      [ 2021 ] 31 қаңтар, 12:14
      1656

      Рубрикалар

        ЖарнамаТағайындауАнықтама бюросыАуыл өміріРедакция туралыӘлем жаңалықтарыҚазақстан жаңалықтарыРедакцияАшық қоғам

      Автордың басқа да жазбалары

      Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?

      8 қазан, 16:12
      574

      Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?

      26 қыркүйек, 15:47
      861

      Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайындалды

      5 қыркүйек, 15:39
      4626

      Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілді

      27 тамыз, 09:38
      7273

      Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешеді

      26 тамыз, 09:57
      2500

      Жармыш ауылында 153 үйге газ желісі тартылды

      25 тамыз, 14:47
      2557

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»