• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 3 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Донор болу - өзгеге өмір сыйлау

    [ 2021 ] 30 қаңтар, 11:01  |  Сұхбат

    Қан – адам ағзасының маңызды бір бөлігі. Онсыз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан көп мөлшерде қан жоғалту өте қауіпті. Дегенмен, 40% қан жоғалтқан ағзаға мамандардың айтуынша, тез арада қайта қан құйса, аман алып қалуға мүмкіндік бар. Қан құю демекші, адам өмірін арашалап қалуда бірінші кезекте ақ халатты абзал жандар еске түседі. Алайда өлім аузында жатқан дәрменсіз жанға араша түсуде өзге де мамандардың еңбегі зор. Тегін қан қайдан келуде, оны кім жинайды? Бұл сұрақтардың жауабын біріміз білсек, біріміз білмеспіз. Сондықтан келесі кезекте облыстық қан орталығының басшысы Рафаэль САРСАМАЛИЕВПЕН сұхбаттасуды жөн көрдік.

    – Облыс бойынша қан тарататын жалғыз нүкте – қан орталығы. Осы тұрғыда сұранысты орындай алу деңгейлеріңіз қалай? Жалпы жұмыс барысына тоқталып өтсеңіз...

    – Біз қанды компоненттерге бөліп дайындаймыз. Сол арқылы медицина мекемелерін қамтамасыз етеміз. Қазіргі таңда облыс бойынша 14 мекемеге қан компоненттерін жіберіп отырмыз. Бірақ кез келген аурухана, емхана біз жіберген қанды қорда сақтай алмайды. Ол үшін арнайы бөлмелері, тоңазытқыштары, мамандары болу керек. Сондай-ақ жоғарыда аталып өткен мекемелердің сұранысына қарай жұмыс жасаймыз. Төтенше жағдай қашан орын алатынын ешкім білмейді. Сондықтан қорда артық қан плазмаларын сақтаймыз. Біз барымызша шұғыл жағдай орын алғанда қажеттілікті өтеуге тырысамыз. Дегенмен, қордағы қан азайса, қайтадан орнын толықтыру үшін базада тіркеуде тұрған донорларымызға хабарласып, шақырамыз. Қазіргі таңда облыс бойынша 5 700-ге жуық донор тіркеуде тұр. Бірақ олардың барлығы бірдей қан тапсыруға келе бермейді. Біреулер көшіп кетеді. Енді біреулері бас тартады. Осы орайда айта кету керек, қан тапсырған адам, екі айдан соң қайта тапсыра алады. Сонда бір адамның жылына 4-5 рет қан тапсыруға мүмкіндігі бар.

    – Кез келген адам донор бола ала ма?

    – Жоқ, кез келген адам донор бола алмайды. Сондықтан қан тапсыруға келген адамдарға бірінші кезекте анкета толтыртамыз. Соған қарап созылмалы, жұқпалы, сары аурумен ауырған, қан қысымы жоғары, бауыры ауыра ма, соларды анықтаймыз. Одан кейін екі анализ аламыз. Сол бойынша жарамды, жарамсыздығын анықтаймыз. Майлы тамақ жесе де анализ дұрыс шықпайды. Сондықтан екі апта, бір айдан кейін қайтадан тапсыруға мүмкіндік бар. Осы орайда айта кетейін, жасы 18-ден асқан, салмағы 50 кг жоғары дені сау кез келген адам донор бола алады.

    – Донор болу адам ағзасына қаншалықты пайдалы?

    – Адам денесінде 5 литр қан бар. Соның 500 миллиграмын алғанда, ол сол көрсеткішке азаяды. Бірақ оның орнын толтырып бермегенімізбен, қанда жаңа жасаушалар пайда болып, қайтадан толығады. Бір сөзбен айтқанда адам ағзасы жаңарады. Сондықтан донор болудың ешқандай зияны жоқ, керісінше өте пайдалы. Қан тапсырған адамдардың өздері де айтып жатады, қайтадан күш жинап, әлденеміз деп. Қан беру – өзгенің өміріне араша түсу ғой. Екінші жағынан жағдайы әл үстінде жатқан жанға қайта өмір сыйлап, сауапқа қаласыз.

    – Әлеуметтік желілерде «Тез арада қан керек, қан орталығына барып тапсырыңыздар» деген сипатта хабарламалар келіп жатады. Бұл облыста қан тапшылығы бар дегенді білдіреді ме?

    – Жоғарыда айтып өткенімдей, қорда артық қан бар. Алынған қан 42 күн сақталады. Одан кейін есептен шығарылады. Бірақ біз мерзімін өткізуге жеткізбейміз. Сол үшін де донорлардан үздіксіз қан ала бермейміз. Ал егер төтенше жағдай орын алғанда қордағы қанды бір күнде алып кетеді. Одан кейін екінші жақта қиын жағдай орын алса өзіміздің баспасөз хатшымыз әлеуметтік желілерде хабарлайды. Бірақ бұндай жағдай бізде сирек орын алады, ал сіз айтып отырған хабарламаларды түсіндіре кетсем, кейде өзімізде таңғалып жатамыз. Біздің сұранысымыздан тыс адамдар өздері хабарлап жібереді. Ол дұрыс түсінбегендіктен орын алып жатады. Бізде туыстық донор ұғымы бар. Мәселен, науқасқа ота жасар кезде алдын ала сақтану үшін туыстарынан қан сұраймыз, бірақ мәжбүрлемейміз. Соны адамдар дұрыс түсінбей, ортақ чаттарға, инстаграм желісіне, фейсбукқа таратып жібереді. Сондықтан жалған ақпараттқа сене бермей, алдын ала біздің орталыққа хабарласып біліп алған жөн.

    – Осы жазда Маңғыстауда донорлар саны азайды деп дабыл қақтыңыздар. Жағдай тұрақталды ма?

    – Жалпы донорлармен жұмыс жасау өте қиын. Кейбіреуі келіседі, енді бірі келе алмайды. Біздің орталықта қан әр топтан екі-үш дозадан сақталады.

    Бізде донорлар тізімі бар. Бірақ өзіңіз айтып өткендей, өткен жылы пандемияға байланысты донорлардың саны 100–150 адамға азайды. Тапсыратын дозаларына дейін кеміді. Себебі олар қойылған блок-посттардан өтіп, келе алмады. Енді бірі аурудан қорқып келмеді. Соған қарамастан қан тапсырысуға ниеті бар алыста тұратын донорларға арнайы көлік бөліп, орталыққа әкеліп, үйіне апаруға жағдай жасадық. Біз үшін донорлардың саны көбейгені жақсы. Донор болу – өз денсаулықтарына да пайдалы әрі өзге адамға өмір сыйлар еді. Осы орайда айта кетуді жөн санап отырмын, кейде мекеме басшылары тарапынан донорларды жұмысынан босатпауға байланысты қиыншылықтар орын алып жатады. Жұмыстан жібергісі келмейді. Бірақ заң бойынша қан тапсырған донорға сол күні және келесі жұмыс күні демалыс беріледі. Сондықтан мекеме басшылары донорлыққа немқұрайлы қарамаса екен дейміз.

    Ал енді зертхана жағдайына келетін болсақ, 2011 жылы осы ғимарат салынып, пайдалануға берілгеннен бастап толықтай жаңартылған. Кейбір құрылғыларды тағы да жаңарттық. Барлығы талапқа сай жұмыс жасап тұр. Облыста қан қоры жеткілікті.

    – Сұхбатыңызға рақмет!

    Сұхбаттасқан Айгүл ОРЫНБАЕВА

    2203
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Сұхбат қоғам денсаулық
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    МӘМС: Көкейдегі сұрақтар

    Келесі жаңалық

    С. Сейітқазынов: Мақсатымыз – бәсекеге қабілетті футболшыларды тәрбиелеу

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ануар Жақсыадай: Облыста радиолог маман тапшы

      [ 2021 ] 9 қараша, 11:13
      1941

      Өлім мен өмір: Инсульттің қалай алдын алуға болады?

      [ 2021 ] 29 қазан, 18:30
      1806

      Қазақстандағы COVID-19, той өткізу және балалар вакцинасы – Ерлан Қиясовпен сұхбат

      [ 2021 ] 4 қазан, 14:29
      1064

      Дені сау ұрпақ дені сау анадан туады

      [ 2021 ] 7 наурыз, 12:48
      2899

      Донор болу - өзгеге өмір сыйлау

      [ 2021 ] 30 қаңтар, 11:01
      2204

      МӘМС: Көкейдегі сұрақтар

      [ 2021 ] 9 қаңтар, 11:32
      1416

      Рубрикалар

        ҚұқықСараптамаБайқауАНТИКОРХабарландыруЖастар бетіМұнайлыАудан тынысы

      Автордың басқа да жазбалары

      Туған өлке тарихын толғаған

      31 қазан, 17:51
      369

      Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды

      31 қазан, 11:45
      225

      Маңғыстау облысының әкімі Нұдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады

      31 қазан, 10:11
      195

      Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңғыс хан ұлттық музейіне барды

      29 қазан, 15:36
      188

      Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті

      27 қазан, 13:00
      754

      Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

      25 қазан, 14:02
      215

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»