• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 14 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Өлім мен өмір: Инсульттің қалай алдын алуға болады?

    [ 2021 ] 29 қазан, 18:30  |  Сұхбат

    Бүгін, 29 қазан – Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні. Осы орайда 20 жылдан астам неврология саласында тәжірибесі бар дәрігер, Маңғыстау облысы ауруханасы Инсульт орталығының неврологы Ілияс Құлымбаевтан инсульт және оның белгілерін, аурудың алдын алу жолын сұрап білдік.

    – Ілияс Тұрғанбайұлы, инсульт дегеніміз не?

    – Инсульт – бас қан айналым жүйесінің жедел бұзылуы, миға қанның кетуі, мидың субарахноидалды қабатына қан құйылуы мен мидың инфарктісі. Инсульттің бірнеше түрі бар, оның бірі – геморрагиялық инсульт. Ол баста қан тамырының жарылу себебінен пайда болады. Ал екіншісі – ишемиялық инсульт. Бұл – бастың қан учаскесіне қан-тамырының жетіспеуі. Үшіншісі – субарахноидалды инсульт. Яғни, бастың ішіндегі қабығына су, қан кетеді.

    – Инсульт неден пайда болады?

    – Инсульттің бірінші себебі – ми қан тамырларының атеросклерозы, яғни қан-тамырда холестерин көбейеді. Екіншіден, артериялық гипотания, қан қысымының көтерілуі немесе қан қысымының төмендеп кетуі. Үшінші себебі – вегототамырлы дистониялар және жүрек қан-тамырлары аурулары. Төртіншіден, қан аурулары себеп болады. Сонымен қатар ішкі органдардың патологиясы, атап айтқанда, жүрек ауруы, қант диабеті, қтерлі ісік ауруы, миокартдың инфарктісі, барлығы да осы инсульттің шығуына әсер етеді.

    – Осы ретте инсульттің қандай белгілері бар?

    – Инсульт кезінде адамның қол-аяқ бұлшық еттері жансызданады, сөзі мен жүрісі бұзыла бастайды. Басы ауырып, есін жоғалтады. Бұл белгілер пайда болған кезде бірден дәрігерге жүгіну қажет.

    Сонымен қатар инсульттің белгілерінен бөлек ауруды туғызатын факторлар болады. Бұл факторларға – экологиялық жағымсыздықтар, кенеттендіру және автоматтандыру, жүйкенің шамадан тыс тырысуы. Қазіргі ғасырда қимыл-қозғалыстың аз болуы да инсульттің пайда болуына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ қант диабеті мен жүрек ауруларының өсуі, дұрыс тамақтанбау, шылым шегу, алкоголь өнімдерін тұтыну және артық салмақ. Мұның бәрі инсульттің пайда болуына, әрі қарай өршуіне себеп болып отыр.

    – Өзіңіз білесіз, қазір ауру түрі жасарып кетті. Қалай аурудың алдын алуға болады?

    – Тұрақты түрде қан-тамырды дәрігерге тексертіп тұру қажет. Жасы 40-тан асқан тұрғындар өзінің тұрғылықты мекенжайына қарасты емханада скринингтен өтуі керек. Сонымен қатар дәрігерге жүгініп, тиісті анализдерді тапсырады. Әрі қарай дәрігер анализ көрсеткішіне байланысты ем-дом тағайындайды.

    Сондай-ақ күнделікті тұрмыста ас тұзды күніне 5 грамға дейін шектеу қажет. Шылым тартудан, ішімдік ішуден бас тартып, спортпен шұғылдануды әдетке айналдыруы тиіс. Оған қоса дұрыс тамақтануды қолға алып, қан-тамырдағы холестеринді азайту керек.

    – Ал инсульт кезінде не істеу керек?

    – Қазір халықаралық тест бойынша «FAST test» бар, яғни бұл – жүздің қисаюы, қолдың әлсіреуі, тілдің бұзылуы және уақыт дегенді білдіреді. Осы үш белгі пайда болған кезде міндетті түрде 103-ке қоңырау шалып, облыстық аурухананың Инсульт орталығына келу қажет. Көбінесе мұны қарапайым тұрғын біле бермейді.

    – Науқас ауруханаға келген кезде қандай көмек көрсетіледі?

    – Науқас бастапқы 1-2 сағат ішінде ауруханаға келсе, біз 4 жарым сағатқа дейін дүниежүзі бойынша стандартқа сүйеніп, көмек көрсетеміз. Егер науқаста инсульттің ишемиялық түрі болса, онда тромболизис терапияға жүгінеміз. Яғни, бас қан-тамырының ішінде ұйыған тромбыны ерітетін укол саламыз. Мұның эффектісі 90 пайызға дейін жетеді.

    Бірақ, тұрғындар бірінші рет инсульт пайда болған кезде медицинадан бұрын, «қазақшылыққа» салынып, әртүрлі емді үй жағдайында жасайтыны бар. Осылайша 6 сағаттан кейін ауруханаға кешігіп келетін науқастарды жиі байқаймыз. Мұндай кезде дәрігерлер көмегі өз нәтижесін бермей қалуы да мүмкін. Сондықтан тұрғындар осы нәрсе ескерсе екен деймін. Ал алты сағаттың ішінде келген науқастардан тез оң нәтиже байқаймыз.

    Екінші геморрагиялық инсульт – бұл қан-тамырының жарылып кетуінен пайда болады. Бұл кезде компьютерлік томографияға түсіріп, бастағы қанның көлеміне қарап, ем жүргіземіз. Қан көлемі 30 мл жоғары болса, онда нейрохирургтар операциялық жолмен ем жасайды. Одан төмен болса, біз дәрі-дәрмекпен терапиялық ем көрсетеміз.

    Ауруды асқындырып алмау үшін, тағы айтамын, өз бетінше үйден ем қабылдамай, 103-ке хабарласуы керек. Уақыт оздырмай облыстық ауруханадағы инсульт орталығына келген дұрыс. Себебі, ауруханада науқасты емдеп жазуға барлық мүмкіндік қарастырылған.

    – Ілияс Тұрғанбайұлы, ақпараттарыңыз үшін рақмет!

    Жұлдызай ҚАЛИЕВА

    1815
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Денсаулық қоғам Сұхбат
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    «Қошқар атаны» қоршау жұмыстарын ботаникалық бақ атқарады

    Келесі жаңалық

    Ануар Жақсыадай: Облыста радиолог маман тапшы

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ануар Жақсыадай: Облыста радиолог маман тапшы

      [ 2021 ] 9 қараша, 11:13
      1957

      Өлім мен өмір: Инсульттің қалай алдын алуға болады?

      [ 2021 ] 29 қазан, 18:30
      1816

      Қазақстандағы COVID-19, той өткізу және балалар вакцинасы – Ерлан Қиясовпен сұхбат

      [ 2021 ] 4 қазан, 14:29
      1071

      Дені сау ұрпақ дені сау анадан туады

      [ 2021 ] 7 наурыз, 12:48
      2911

      Донор болу - өзгеге өмір сыйлау

      [ 2021 ] 30 қаңтар, 11:01
      2211

      МӘМС: Көкейдегі сұрақтар

      [ 2021 ] 9 қаңтар, 11:32
      1421

      Рубрикалар

        ЭкономикаМаңғыстауҚызық дерекКомплаенсМәселеРедакция газеттеріДенсаулық

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау жастары «Жарқын болашақ» бағдарламасымен колледждерге оқуға түсе алады

      23 тамыз, 14:18
      8733

      Нұрдәулет Қилыбай Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілін қабылдады

      23 тамыз, 14:14
      3709

      Адам папиллома вирусына қарсы вакцина қаншалықты сенімді?

      23 тамыз, 13:46
      3625

      Бүгін Ақтауда бірнеше шағынауданда жарық пен су болмайды

      22 тамыз, 10:39
      1999

      Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы: Маңғыстаулық айтыскер 1-орын алды

      17 тамыз, 22:45
      1034

      Ақтау мен Алматы арасындағы әуе рейстің саны артады

      17 тамыз, 21:49
      931

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»