• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Бейсенбi, 14 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Ануар Жақсыадай: Облыста радиолог маман тапшы

    [ 2021 ] 9 қараша, 11:13  |  Сұхбат

    Халықаралық радиолог және рентгенолог күні қарсаңында Маңғыстау облысы ауруханасы радиология бөлімінің меңгерушісі Ануар Жақсыадаймен сұхбаттастық.

    Ануар Жақсыадай – радиолог-дәрігер, радиология бөлімінің меңгерушісі. Облыстық ауруханада 2015 жылдан бері қызмет етіп келе жатыр. Қазіргі таңда радиология бөлімінде барлығы 39 маман қызмет етеді. Орта, кіші медицина қызметкерлерден бөлек 13 дәрігер бар. 1 радиолог және 3 рентгенолог бар. Олай болса, радиология бөлімінің мүмкіндігі қандай, сұхбаттан біле аласыз.

    – Радиология бөлімінің міндеті не, қандай жұмыспен айналысады?

    – Радиология бөліміне компьютерлік томография (КТ) мен магнитті резонанстық томография (МРТ) кіреді. Негізгі міндетіміз – сәулелі диагностика жасау, ол ішкі ағзалардың бейнесін алуға мүмкіндік беретін рентгендік зерттеу. Осы томографиялық зерттеу аясында біз адам ағзасының қаншалықты зақымданғанын я зақымданбағанын анықтаймыз. Кейін зерттеу нәтижесіне байланысты дәрігерге қаралуға, емделуге жібереміз.

    – Қазіргі таңда облыстық аурухананың радиология бөлімінде қандай құрылғылар бар? Жеткілікті ме?

    – Облыстық ауруханада ең қажетті әрі соңғы үлгідегі құрылғылар бар, жеткілікті. Десе де жаңартуды қажет етеді. Пандемия кезінде мұнай компаниясының демеушілігімен КТ аппараты жаңаланған болатын. Атап айтқанда 160 бөлімнен бір уақытта мәліметтер жинау мүмкіндігі бар Aquilion Prime SP жаңа компьютерлік томографы берілді. Бұл облыста бар ең мықты құрылғының бірі. Одан бөлек түрлі рентген аппараты бар. Күн сайын дамып, алға жылжып келе жатырмыз. Жақында тағы жаңа құрылғыны алу жоспарланып отыр.

    – КТ мен МРТ-ға жиі түсу қаншалықты зиян?

    – Негізінде КТ-ға көп түсу – зиян. Сондықтан белгілі бір норманы сақтап, тұрғындарды қабылдаймыз. Ал аз дозалы компьютерлік томография деген бар, онда тексерілу қауіпті емес. Магнитті резонанстық томографияның (МРТ) еш зияны жоқ. Оған алаңсыз түсе беруге болады.

    – Диагнозды қалай анықтайсыздар? Қандай диагноз жиі кездеседі?

    – Радиолог пен рентгенологтарды әмбебап маман десек те болады. Себебі бір ғана нәрсені қарамаймыз, барлық ағзамен жұмыс істейміз. Бас, аяқ, ішкі ағзалар, онкология, тіпті пандемияның кезінде пульмонолог та болып кеттік.

    Кез келген травма алған адамның бәрі алдымен осы радиология бөлімінен өтеді.

    – КТ немесе МРТ түсу үшін науқасқа қандай дайындық керек?

    – Алдымен науқасқа дәрігердің нұсқау қағазы керек. Алдын ала бір күн бұрын біздің бөлімге жазылады, сол уақытта мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Көбінесе, контрастпен түсу керек болса, науқас тамақ ішпей келуі керек. Су мен тамақты 4 сағат бұрын тоқтатуы маңызды. Іш қуысы, кіші жамбас органдарын және бүйректі тексеру кезіндегі сеанс алдында арнайы дайындық қажет. Ол үшін ішекті тазартуға бағытталған шараларды өткіземіз. Сонымен қатар балық пен иодқа аллергиясы болмауы керек.

    Ал МРТ түсу керек болса, онда эпилепсия сынды аурулар болмауы қажет. Себебі адам МРТ түсу кезінде қозғалмағаны маңызды.

    – Тұрғындар қандай жағдайда қызметті тегін пайдалана алады? Ақылы қызмет қанша?

    – Қазір тұрғындардың көбі радиология бөлімінен тегін қызмет алып жүр. Әлеуметтік пакеттер арқылы, одан бөлек емханада тіркеуде тұрғандар дәрігердің нұсқамасы арқылы келіп, тегін тексеріле алады. Оған қоса ақылы қызмет те қарастырылған. Ол кезде кезек күтуі мүмкін. Пандемия кезінде адамдар көп келгендіктен 24 сағат бойы қызмет еттік. Біздің бір ерекшелігіміз – КТ немесе МРТ түскен бойда бірден нәтижесін шығарып береміз.

    МРТ түсу 20 000 теңге шамасында болса, КТ – 10 000 теңге мен 15 000 теңге аралығында. Яғни әр органды томографиядан тексеруге қарай арнайы баға бекітілген.

    – Ақпарат үшін рақмет!

    Сұхбаттасқан Жұлдызай ҚАЛИЕВА

    Сурет автордан

    1956
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Сұхбат қоғам денсаулық
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Өлім мен өмір: Инсульттің қалай алдын алуға болады?

    Келесі жаңалық

    Наурызбек Мағдатов: Идеологиялық саясаттың күшейгенін қалаймын

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ануар Жақсыадай: Облыста радиолог маман тапшы

      [ 2021 ] 9 қараша, 11:13
      1957

      Өлім мен өмір: Инсульттің қалай алдын алуға болады?

      [ 2021 ] 29 қазан, 18:30
      1815

      Қазақстандағы COVID-19, той өткізу және балалар вакцинасы – Ерлан Қиясовпен сұхбат

      [ 2021 ] 4 қазан, 14:29
      1071

      Дені сау ұрпақ дені сау анадан туады

      [ 2021 ] 7 наурыз, 12:48
      2911

      Донор болу - өзгеге өмір сыйлау

      [ 2021 ] 30 қаңтар, 11:01
      2211

      МӘМС: Көкейдегі сұрақтар

      [ 2021 ] 9 қаңтар, 11:32
      1421

      Рубрикалар

        Әлем жаңалықтарыКомплаенсАнықтама бюросыБейнеуҚұқықДенсаулықӘдебиетХабарландыруСаясатБайланыс мәліметтері

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау жастары «Жарқын болашақ» бағдарламасымен колледждерге оқуға түсе алады

      23 тамыз, 14:18
      8733

      Нұрдәулет Қилыбай Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілін қабылдады

      23 тамыз, 14:14
      3709

      Адам папиллома вирусына қарсы вакцина қаншалықты сенімді?

      23 тамыз, 13:46
      3625

      Бүгін Ақтауда бірнеше шағынауданда жарық пен су болмайды

      22 тамыз, 10:39
      1999

      Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы: Маңғыстаулық айтыскер 1-орын алды

      17 тамыз, 22:45
      1034

      Ақтау мен Алматы арасындағы әуе рейстің саны артады

      17 тамыз, 21:49
      931

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»