• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Наурызбек Мағдатов: Идеологиялық саясаттың күшейгенін қалаймын

    [ 2021 ] 28 қараша, 15:21  |  Сұхбат

    Жастар мәселесі қашан да өзекті. Осы ретте Маңғыстау жастары қандай проблемалармен бетпе-бет келіп жүр. Оны шешу жолында қандай жұмыс атқарылып жатыр. Өңір жастарының бүгінгі жай-күйін білу үшін «Jas Otan» жастар қанаты Маңғыстау облысы филиалының төрағасы, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Наурызбек Мағдатовпен сұхбаттасып көрдік.

    – Наурызбек Серікұлы, саясатқа келуіңізге не себеп? Білуімше, режиссер мамандығы бойынша білім алғансыз, неге мәдениет саласында еңбек жолын жалғастырмадыңыз?

    – Иә, алғашқы еңбек жолым Түпқараған аудандық мәдениет үйінен басталды. Көркемдік жетекші, әдіскер, драма үйірмесінің жетекшісі, режиссер болып қызмет атқардым. Аудан сахнасында спектакльдер қойып, белсенді жас ретінде түрлі шараларға араластым. Кейін 2014 жылы Түпқараған ауданында жастар саясатын дамыту мақсатында «Түпқараған жастары» үкіметтік емес ұйым құрдым. Ірі компаниялардың әлеуметтік жобаларын орындап, Қызылөзен ауылының теңіз жағалауын абаттандырдық. Осылайша қоғаммен тығыз байланысып, үкіметтік емес ұйымның мемлекет пен халық арасындағы «көпір» екенін түсіне бастадым. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласу арқылы саясатқа қызығушылығым артты. Сөйтіп партияішілік праймеризге қатыстым. Жоғары дауысқа ие болып, жастар квотасы арқылы депутаттық мандат алдым. Содан бері саясатқа белсене араласып жүрмін.

    – Қазір облыстағы «Жас Отанды» басқарасыз. Көпшілік «Жас Отанның» қоғамдағы рөлін ту ұстап, флешмоб өткізумен ғана байланыстырады. Бұл ретте сіз не дейсіз?

    – Рас, біз осы уақытқа дейін «жалаулатып» флешмоб ұйымдастырушы, шараны толтырушы болдық. Біз мұны мойындаймыз. Уақыт өте келе, заманның сұранысы мен жастардың талабына сай бағытымыз өзгерді. Жастар ұйымы жастар талабын қанағаттандыру мақсатында жұмыс істейді. Қазір «Жас Отан» 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, жыл сайын жатақханаларға мониторинг жүргізу, онда анықталған кемшіліктерді шешуге жұмыстанамыз. Оған қоса алдағы уақытта «Таза сессия» жобасын бастаймыз. Бұл студенттер арасында жүргізіледі, яғни сауалнама толтыру арқылы білім беру ұйымдарының рейтингі анықталады. Сондықтан жастарды осы жобаға белсенді қатысуға шақырамын.

    – Өз сөзіңізде жатақханаларға мониторинг жүргіземіз дедіңіз. Осы уақытқа дейін қандай мәселе анықталып, шешімін тапты?

    – Өңірде 9 жатақхана бар. Жатақхана белгіленген мемлекеттік стандартқа сай болуы керек. Біз мониторинг жүргізу барысында бір оқу орнының жатақханадағы төсек-орынның мемлекеттік стандартқа сәйкес еместігін анықтадық. Бір студент тұратын бөлмеде 2 немесе 3 студент орналасқан. Бұл мәселе бойынша ескерту беріп, хат жолдадық. Әрине, студенттер болған соң есік пен еденнің ескіру сынды мәселелер кездеседі. Бірақ жылудың, жарықтың болмауы сынды үлкен проблемалар жоқ.

    – Соңғы уақытта ауыл-аймақты аралап, жастармен жиі кездесіп жүрсіз. Айтыңызшы, жастардың жайы қалай? Қандай мәселе бар?

    – Әр аптаның жұма күні Жастар ресурстық орталығының «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында аралап жүрмін. Осы уақытқа дейін Түпқараған, Қарақия ауданы және Жаңаөзен қаласының ауылдарында болдым. Ауылдық жерде жастардың тұлғалық дамуына бағыт-бағдар беретін орталық аз. Міне, соның салдарынан коворкинг орталықтардың, үйірмелер мен спорт секцияларын көбейту, жұмыссыздық мәселесі, мемлекеттік тілге, ұлттық өнерге қатысты сұрақтар көтеріледі. Ең өзекті мәселе – жұмыссыздық.

    – Тағы бір мәселе – мектеп оқушылары арасында суицид, буллинг, синтетикалық есірткіге әуестік. Сіздің ойыңызша, мұндай проблеманы қалай шешуге болады? Қандай бағытты ұстану керек?

    – Дұрыс айтасыз, қазір синтетикалық есірткі жастар арасында өте танымал. Біздің өңірде де синтетикалық есірткімен ұсталып жатқан жастар бар екен. Мұның бәрі заңның әлсіздігінен болып жатыр. Ел Президенті өз жолдауында айтқандай, заңды күшейту керек. Себебі елде ашық түрде есірткі сатылып жатыр. Сонымен қатар мұндай проблемалардың өршуіне сыртқы әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Осы ретте отбасыдағы тәрбие қатты әрі берік болғаны дұрыс. Мен сырттан келіп, жастарға тәрбие жайлы айтқаныммен, ол әсер етпейді ғой. Сондықтан зиянды және қауіпті әдеттен арылту бағытында отбасының күші әлдеқайда маңызды.

    Өзіңіз білесіз, бізде психологқа бару дағдысы қалыптаспаған. Менің ойымша, стереотипті бұзу керек. Дамыған елдерде әр адамның психологы болады, сол сияқты біз де психологқа барып, ішкі мәселемізге үңіліп, оны ашық айтуымыз керек. Сонда ғана өзімізді сақтай аламыз.

    – Наурызбек Серікұлы, 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға» бағдарламасының өңірде орындалу деңгейі қалай?

    – «Жастар – Отанға» бағдарламасы 5 бағытты қамтиды. Яғни, жастардың азаматтық белсенділігі, сапалы білім алуы, жұмысқа орналасуы және жас отбасыларды қолдап, баспанамен қамтамасыз ету, сонымен қатар тұлғалық даму бағыты бар. Қазіргі таңда облыста 161 мыңнан астам жас болса, оның 3,6 пайызы – жұмыссыз. Ал NEET санатындағы жастардың үлесі – 7,1 пайыз.

    Біз жоғарыда атап өткен бағыт бойынша жол картасын әзірледік. Осы уақытқа дейін бағдарламаның 80 пайызы орындалды, қалған 20 пайызы жыл соңына дейін іске асады.

    – Нақтыласаңыз

    – Бүгінгі таңда волонтерлік қызметке қызығушылық артты. Осы ретте 4,1 мыңнан астам волонтер шараларға қатысып, 2,5 мыңнан астам отбасыға атаулы көмек көрсетті. Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мақсатында «Дипломмен – ауылға» жобасымен 263 түлек жұмысқа орналасты, 162 маман біржолғы жәрдемақы алды. Ал «Жасыл Ел» бағдарламасымен маусымдық жұмысқа 1 410 жас, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 834 адам жұмысқа орналасты. Жастар арасында кәсіпкерлікті көтеру мақсатында «Bastau Business» жобасы арқылы 310 жас білім алды. Жоба әлі де жалғасып жатыр, жыл соңына дейін тағы 640 адам оқиды.

    Сондай-ақ білім беру ұйымдары мен спорт кешендері салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Мұның барлығы жастар үшін атқарылып жатқан жұмыстардың бір бөлшегі ғана. Алда әлі орындалатын бірнеше жоспар бар.

    – Байқауымша, жастар арасында азаматтық белсенділік жоғары. Өз позициясы бар саяси белсенді көп. Олардың қалауы – шынайы демократия мен естуші мемлекет. Өңірдегі ең жас депутат ретінде айтыңызшы, шынымен де естуші мемлекет жоқ па?

    – Естуші мемлекет бар. Себебі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев естуші мемлекет саясатын жүзеге асырып жатыр. Көпшілік «үкімет бізге бәрін дайындап беруі керек» деген бір ғана қағидамен өмір сүреді. Иә, үкімет сізге тегін білім, медициналық көмек, жастар ұйымдары арқылы бағыт-бағдарды анықтауға мүмкіндік беруге міндетті. Ал одан кейінгі нәрселерді әр адам өзі жасап, өзі қалыптастырады.

    Саяси белсенділердің жастар арасынан шығуы – орынды. Бұл - дамыған елдерде қалыптасқан жүйе. Бірақ біздің елдегі саяси белсенділер жергілікті билікке қарсы сияқты көрінеді. Мәселен, белгілі бір проблеманы көреді. Оның шешілу жолы мен ұсынысты жергілікті органға жеткізудің орнына, әлеуметтік желіге «айқайлап» айтуға бейім. Қоғамның, мемлекеттің өзгеруі өзімізге байланысты. Сондықтан «Үкімет маған не береді» емес, «Мен үкіметке не беремін» деген ұғыммен өмір сүруіміз қажет деп ойлаймын. Қазір мемлекеттік орган ашық жұмыс істейді, сондықтан мәселе де тез шешіледі. Мен жастарға сын айтпаймын. Айтарым, қоғамдық мәселелерді тек үйде немесе әлеуметтік желіде ғана талқылап қоймай, белгілі бір ортада шешуге жұмыстануға шақырамын.

    – Ал сіз Қазақстанда және өңірде ненің өзгергенін қалайсыз?

    – Біріншіден, идеологиялық саясаттың, идеологиялық жұмыстың күшейгенін қалаймын. Көп нәрсе осы идеологияға байланысты. Идеология болмай, істеген жұмысымыз еш нәтиже бермейді. Менің ойымша, жастар арасындағы түсіндірме жұмыстары әлсіз. Сондықтан оны жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жетілдіру керек. Жастар саясаты облыстық ішкі саясат басқармасына қосылған кезде, әлеуметтік зерттеу жүргізу қажет екенін айтқан болатынмын. Егер біз әлеуметтік зерттеу жүргізгенде, Маңғыстау жастарының мәселесі айқын көрінетін еді. Сол кезде жастар ұйымдары да нәтижелі жұмыс жүргізетін еді.

    – Демек, жастар ұйымдарының жұмысы көңіл көншітпейді. Солай ма?

    – Жұмыс жоспар бойынша орындалып жатқынымен, нәтиже – баяу. Мысалы, Жаңаөзен қаласын көбі «оппозициялық қала» ретінде көреді. Бірақ Жаңаөзенде де дарынды, мықты жастар бар. Осы ретте мемлекеттің құлағына «алтын сырға», жастар саясатын дамытуды қалайтын жастарға құрал керек. Ал біз сол құралды әлеуметтік жобалар арқылы берсек болады. Сондай-ақ волонтер болғысы келетін қаншама жас бар. Оларға бағыт-бағдар беретін арнайы жүйелерді дамытатын жобалар жасақтау қажет.

    – Жалпы волонтерлерге қандай көмек көрсетіліп жатыр?

    – Ел Президентінің бастамасымен еңбек кітапшасына волонтерлік қызметті қосу, оқу орнына түсуге, онда оқу жүйесіндегі кредитті алып тастауға мүмкіндік қарастырылған. Ал кейбір өңірде волонтерлар қоғамдық көлікте тегін жүреді екен. Мен қазір осы мәселе бойынша Ақтау қаласы әкімдігіне ұсыныс жасап жатырмын. Мұндай жеңілдік волонтерларға деген көңілді көрсетеді. Себебі пандемия кезінде волонтерлардың керек екенін сезіндік, көп мәселе волонтер арқылы шешілді.

    Қазір волонтерлік қозғалыс бар. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің арнайы волонтерларға қолдауы, жыл соңында марапаттауы бар. Алда «Жастар – Отанға» деген үлкен премия болады. Соған волонтерлік қозғалысты дамытқан, насихаттаған жастардың қатысуына ықпал етіп жатырмыз. Біздің қоғам волонтерларға «барып кел, шауып кел» деген түсінікпен қарамауы қажет. Оны белгілі бір қоғамның мүшесі ретінде жоғары санатқа көтеру керек.

    – Алға қойған қандай мақсат, жоспарыңыз бар?

    – Қазір ұлтқа қызмет ету жолында жұмыс істеп жатырмын. Мақсатым – қоғамның, жастардың өзгеруіне, жаңа бағыттың дамуына ықпал ету.

    – Наурызбек Серікұлы, сүбелі сұхбат үшін рақмет! Жұмысыңызға сәттілік!

    Сұхбаттасқан Жұлдызай ҚАЛИЕВА

    1760
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    #сұхбат #жастар #маңғыстаужастары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ануар Жақсыадай: Облыста радиолог маман тапшы

    Келесі жаңалық

    Наталья ДЕМЕНТЬЕВА: «Мен халықтың қызметшісімін»

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Наурызбек Мағдатов: Идеологиялық саясаттың күшейгенін қалаймын

      [ 2021 ] 28 қараша, 15:21
      1761

      Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

      [ 2020 ] 7 желтоқсан, 10:40
      1898

      Ақтаулық жас маман Лондондағы Huawei компаниясына қалай шақырту алды

      [ 2020 ] 13 қаңтар, 09:44
      2492

      Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

      [ 2019 ] 12 тамыз, 11:17
      2738

      Вефа Салман: "Әкім мен журналистің ұқсас тұстары көп"

      [ 2019 ] 26 шілде, 05:58
      2065

      Өжет те өткір тергеуші қыз

      [ 2019 ] 7 наурыз, 07:04
      2593

      Рубрикалар

        ЭкономикаАуыл өміріАНТИКОРҚазақстан жаңалықтарыАудан тынысыӘдебиетРухани жаңғыруМаңғыстау

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау жастары «Жарқын болашақ» бағдарламасымен колледждерге оқуға түсе алады

      23 тамыз, 14:18
      8784

      Нұрдәулет Қилыбай Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілін қабылдады

      23 тамыз, 14:14
      3755

      Адам папиллома вирусына қарсы вакцина қаншалықты сенімді?

      23 тамыз, 13:46
      3698

      Бүгін Ақтауда бірнеше шағынауданда жарық пен су болмайды

      22 тамыз, 10:39
      2047

      Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы: Маңғыстаулық айтыскер 1-орын алды

      17 тамыз, 22:45
      1095

      Ақтау мен Алматы арасындағы әуе рейстің саны артады

      17 тамыз, 21:49
      974

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»