• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 479.38 ₸
  • EUR: 531.63 ₸
  • RUB: 5.27 ₸

Вефа Салман: "Әкім мен журналистің ұқсас тұстары көп"

[ 2019 ] 26 шілде, 05:58  |  Қоғам

Өткен аптада Түркітілдес журналистер қоры Стамбұл-Ялова жобасын ұйымдастырған еді. Негізгі мақсат – қазақ журналистерінің ықпалын арттыру, білімін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасу. Жоба аясында мен де Маңғыстау өңірінен Түркия еліне табан тіреген едім. Төрт күнге созылған сапар барысында Яловада өткен ХІІІ Түркі әлемі журналистерінің құрылтайына қатыстық. Осы орайда Ялова қаласының әкімі Вефа Салманмен сұхбаттасудың сәті түсті. – Вефа мырза, Яловада қазір қанша халық тұрады? – Ялованың жер көлемі – 800 шаршы км. Қазіргі таңда 262 мың халық өмір сүреді. Ялова – 2018 жылы өте қарқынды дамыған Түркияның үшінші қаласы. Білесіз бе, шетелдіктер осы қаладан үй сатып алуға құмартады. Сондықтан үй сату жағынан үздік үштікте тұр. – Шетелдіктер неге үй сатып алғысы келеді? Мұның сыры неде? – Мұнда 36 ұлт өкілі тұрады әрі адам көп шоғырланған аймақ. Түркия бойынша осы қалада қылмыстық көрсеткіш төмен деңгейде. Себебі Ялова – тыныштықтың, достықтың, бауырластықтың символы. – Ялова қаласы тағы несімен ерекшеленеді? – 82 млн халқы бар Түркияда индустриялық, өндірістік орындары қалыптасқан үш ірі қала бар. Олар – Бурса, Стамбұл және Коджаэли. Осы үш мегаполистің ортасында Ялова орналасқан. Оны Стамбұлдың Анадолыға қарай ашылған қақпасы деп атасақ артық болмас. Қала арқылы жоғарыда аталған үш мегаполиске бару үшін кем дегенде жарты-ақ сағат кетеді. Мұнда адамдар теңіз, автокөлік, ұшақ арқылы да келе алады. Қаланың 58 пайызын орман алып жатыр. Сонымен қатар бізге тиесілі ауыл-аймақтың барлығы да теңіз жағалауынан орын тепкен. Біздің бір қолымыз орманды ұстап тұрса, екіншісі теңізге тиіп тұр (күлді). Термалды сулар да осы қалада. [caption id="attachment_83413" align="alignnone" width="1024"] Түркітілдес журналистер қорының директоры Нәзия Жоямергенқызы[/caption] – Вефа бей, термалды су деп қалдыңыз. Сол жөнінде айтсаңыз? – Тарихы біздің жыл санауымызға дейінгі 3 мыңыншы жылдан бастау алатын Ялова бүгінде термалды демалыс орындарымен танымал. Мұнда шипа іздеп, денсаулығына көңіл бөлуді әдетке айналдырған адамдар көп келеді. Алмұртты аймағымызда да термалды су бар. Соның нәтижесінде әлем бойынша бірнеше рет сыйлық алған болатынбыз. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Осындай табиғаттың тылсым дүниесін Құдайдың бізге берген сыйы деп қабылдаймыз. Егер жер бетінде жәннат бар болса, онда ол – Ялова. – Естуімше, осы қала Мұстафа Кемал Ататүріктің сүйікті қаласы болған екен? – Әрине. Түркия Республикасын құрған Ататүріктің сүйікті қаласы деп толық айта аламын. Себебі оның «Ялова – менің кентім» деген сөзі бар. Ол сөз әлі күнге дейін қала тұрғындарының ауызынан түспейді. Мақтанышпен айтудан жалықпайды. Тіпті қаланың әрбір жерінде осы сөз үлкен әріппен жазулы тұр. Түркияның барлық қаласында Ататүріктің 1-2 үйі болса, ал Яловада үш үлкен үйі бар. [caption id="attachment_83412" align="alignnone" width="1024"] Ялова қаласының әкімі Вефа Салман журналистермен бірге[/caption] – Вефа бей, қалада өндіріс ошақтарының жоқ екендігін айттыңыз. Осы ретте қала тұрғындары қандай шаруамен айналысады? Табыс көзі қайдан кіреді? – Біздің осал тұсымыз осы қаланың экономикалық жағдайы. Ия, жоғарыда айтқанымдай өндіріс ошақтары жоқ. Сондықтан қаланы қоршап жатқан ірі мегаполистердің арасында әлсіз екеніміз рас. Өндірістің, ауыл шаруашылықтың, туризмнің, тіпті университеттердің шоғырланған қаласы да емес. Бірақ Ялованы артта қалып қойған қала ретінде тануға еш негіз жоқ. Қазіргі таңда түрлі фестивальдар, жиналыстар, кездесулер мен семинарлар өткізу үшін қалаға ат басын бұратындар көп. Сол арқылы әр елдің түкпір-түкпірінен келетіндердің саны артты. Барлығы табиғатқа тамсана қарайды, сондықтан отандастарымыздың және сырттан келушілердің мұқтаждығын қанағаттандыру үшін бар жағдайды жасаудамыз. Сондай-ақ қаладағы университетке оқуға түскен студенттерден, термалды суға келушілерден кіріс кіреді. Өзіңіз байқаған боларсыз, Ялова – гүлдер қаласы. Мұнда гүл сату кәсібі жақсы дамыған. Сонымен қатар қала тұрғындары Алтынова ауданында киви өсіреді. Мұстафа Кемал Ататүрік өз қаржысына жайлау сатып алып, оны халық игілігіне берген еді. Қазір сол жерде ауылшаруашылық өнімдерін зерттейтін орталық бар. Онда академиктер, профессорлардың көмегімен халыққа керекті өнімдер зерттеледі, көпке ұсынылады. [caption id="attachment_83417" align="alignnone" width="1024"] Түркітілдес журналистер қоры Ялова әкімінен сұхбат алуда[/caption] – Қаланың 58 пайызы орманға тиесілі екен. Жалпы, қоршаған орта табиғатын қорғауға қаншалықты мән бересіздер? – Бұл сұраққа 1930 жылы болған оқиғамен жауап бергенім дұрыс сияқты. Қалада «көшірілген үй» бар. Неге олай аталғанын қазір айтамын. Кезінде Ататүрік: «Мына жерден маған үй салыңдар», - деп бұйрық берген екен. Ол жерде 400 жылдық шынар ағашы болған. Бір күні шынар ағашының бұтағы салынып жатқан үйге құлайды. Осылайша үйдің құрылысы уақытша тоқтап қалады. Құрылысшылар шынар ағашының құлағанын Ататүрікке айтып, ағаштың бұтағын кесіп тастайтындығын жеткізеді. Бірақ ол: «Бұтақты кеспеңдер, одан да үйді басқа жерге көшіріңдер!» - деп бұйырыпты. Содан кейін құрылысшылар техника алдырып, 4 метр, 80 см үйді келесі жерге көшірген екен. Мұның барлығын Ататүрік өз қадағалауына алып, бақылаған. Сондықтан салынған үйді ел арасында «көшірілген үй» деп атап кеткен. Міне,  осыдан-ақ табиғатты қалай қорғайтынымыз, оны саф алтындай сақтайтынымыз анық көрінеді. Шамамен 90 жыл бұрын қоршаған ортаны қорғау туралы орталық я арнайы ұйым болған жоқ. Бұл – Ататүріктің кемеңгерлігі, парасаттылығы. Осы оқиға арқылы ол түрік халқына үлгі-өнеге көрсетті. Ағаштың қадір-қасиеті мен бағасын айқындап берді.  Ататүріктен мирас болып қалған табиғатты, қоршаған ортаны қорғау – біздің басты міндетіміз. – Түсінікті. Расында да үлгі аларлықтай оқиға екен. – Әрине, тіпті көгалдандырушыларға көшетті қалай отырғызатынын көрсеткен. Яловадағы станцияның екі жағына ағаштар орнатып, оны жасыл-желектерге толтырған. Ататүріктің үйі тұрған жерде термалды су болған. Ол сол суға шомылғанды ұнататын. – Вефа бей, әңгімемізді журналистика саласымен байланыстырсақ. Өзіңіз 7 жылдай ақпарат майданында еңбек етіпсіз? – Журналистика – өте ауыр мамандық. Ия, қағаз бен қаламды серік етіп, ақпаратты халыққа жеткізу жолында біраз қызмет еттім. Қазір 262 мың тұрғыны бар қаланы басқарып отырмын. Менің ойымша, әкім мен журналистің көп ұқсастығы бар. Екі маман иесі де 12 ай, 365 күн, 12 сағат тік тұрып қызмет етеді. Журналист бір адам туралы 99 жақсы нәрсені жазады. Ал бір рет сын айтып, әділдікті жаза қалса, одан жаман журналист болмайды. Әкімдер де солай, олар ел үшін, халқы үшін бар жақсылықты жасайды. Ал шалт кетсең, одан жаман әкім жоқ (күлді). Ең бастысы – журналист те, әкім де келер шақты, болашақты жоспарлап жүреді. Үнемі өзін-өзі жетілдіреді. Мен журналист болып жүргенімде кез келген оқиғаға, сынға өзімді дайындап жүрген едім. Қазір әкім лауазымын жақсы атқарып жүрмін (күлді). – Яловада қандай жергілікті газет-журнал бар? – Қазір газет-журналдар өте қиын жағдайды бастан кешіп жатыр. Соған қарамастан қалада үш күнделікті газет шығып тұрады. Атап айтар болсам, «Хабаршы» газеті, «Ялова» газеті, «Ялова өмірі» газеті. Осы үш газет арқылы халық күнделікті ақпаратпен танысады, жаңалықтарды біліп отырады. Олар заңға сәйкес 6 күн жұмыс істеп, 1 күн демалады. – Осы ретте газетке халықтың сұранысы қалай? – Қалада күнделікті газеттен бөлек апталық газеттер де шығады. Бірақ жоғарыда аталған үш газеттің өзі тұрғындарға жетеді. Қазіргі таңда оның өзін артық көретіндер бар. – Салмақты сұхбат үшін рақмет!

Сұхбаттасқан Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Аудармашы Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Суреттер автордан

2000
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам сұхбат жастар беті маңғыстау жаңалықтары анонс
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Жол апаты: Ақтау-Құрық тас жолында бір адам көз жұмды

Келесі жаңалық

«Жаңаөзен жастары» журналы жарық көрді (ФОТО)

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

    [ 2019 ] 12 тамыз, 11:17
    2644

    Вефа Салман: "Әкім мен журналистің ұқсас тұстары көп"

    [ 2019 ] 26 шілде, 05:58
    2001

    Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

    [ 2020 ] 7 желтоқсан, 10:40
    1843

    Қазақстандық студент: "Мен Америкада қалай жұмыс істеп келдім?"

    [ 2018 ] 24 қыркүйек, 06:10
    1515

    Өжет те өткір тергеуші қыз

    [ 2019 ] 7 наурыз, 07:04
    2512

    "Жастар жылы" жаңаөзендіктер үшін несімен ерекшеленбек?

    [ 2019 ] 11 қаңтар, 10:53
    1372

    Рубрикалар

      ӘдебиетХабарландыруАудан тынысыДенсаулықӘлем жаңалықтарыБайланыс мәліметтеріМұнайлыЖастар бетіРедакцияАНТИКОР

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстау жастары «Жарқын болашақ» бағдарламасымен колледждерге оқуға түсе алады

    23 тамыз, 14:18
    3060

    Нұрдәулет Қилыбай Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілін қабылдады

    23 тамыз, 14:14
    1054

    Адам папиллома вирусына қарсы вакцина қаншалықты сенімді?

    23 тамыз, 13:46
    1109

    Бүгін Ақтауда бірнеше шағынауданда жарық пен су болмайды

    22 тамыз, 10:39
    511

    Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы: Маңғыстаулық айтыскер 1-орын алды

    17 тамыз, 22:45
    397

    Ақтау мен Алматы арасындағы әуе рейстің саны артады

    17 тамыз, 21:49
    292

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»