«Жаңаөзен жастары» журналы жарық көрді (ФОТО)
[ 2019 ] 26 шілде, 10:54 | Қоғам
Кеше, 25 шілде күні Жаңаөзен жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Жаңаөзен жастары» атты журнал жарық көрді. Журналдың алғашқы саны 50 таралыммен шықты. Онда аудан жастарының 2018 жылы атқарған жұмыстары жазылған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. «Жаңаөзен жастары» журналы жылына 1 рет жарық көрмек. Ол жаңаөзендік жастардың бір жылдық атқарған жұмыстарына арналады. «Ел арасында «Жастар ресурстық орталығы не істейді?» деген сауал бар. Сондықтан сұраққа жауап ретінде осы журналды шығарып отырмыз. Яғни, жастар орталығының жасаған жұмыстарын, ұйымдастырған шараларын басылым арқылы халыққа жеткіземіз. Алдағы уақытта жылына 2 рет шығару ойда бар», - дейді Жаңаөзен жастар ресурстық орталығының директоры Ғани Құрманғалиев. Қазіргі таңда журналдың редакторы – Айжан Насырова. Ол барлық ақпараттарды жүйелеп, журналдың жарық көруіне атсалысқан. Оның айтуынша, журнал тегін таратылып жатыр. «Біздің ендігі мақсатымыз – журналдың таралымын көбейтіп, қала жастарының тұрмыс-тіршілігінен, қоғамдық өмірінен сыр шертетін ақпараттарды көбейту. Мұнайлы өлкенің абыройын арттырып жүрген белсенді жастар жайында материалдар қамтылатын арнайы сандар дайындау. Сондай-ақ журналды жылына 2 рет, мүмкіндік болса әр тоқсан сайын шығаруды қолға алу жоспарда бар», - дейді ол.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді Жаңаөзен жастар ресурстық орталығы ұсынды
1313
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.