• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 25 Шілде 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда тематикалық саябақ ашылды...

Бас санитардың жаңа қаулысы: Міндетті вакцина мерзімі бекітілді...

Ауыл әкімдерін халық сайлайды

Вакциналар неліктен екі компоненттен тұрады?...

Не себепті вакцина салдыру қажет?...

  • USD: 424.68 ₸
  • EUR: 499.76 ₸
  • RUB: 5.77 ₸

Тұтыну мен тұншығу: Қоқыстан қашан құтыламыз

28 мамыр, 12:49  |  Қоғам

Адамнан да жылдам әрі ұзақ өмір сүретін бір ғана нәрсе бар. Ол – қоқыс. Қазіргі таңда біз мән бермейтін пластиктің өзі табиғатқа қауіп төндіріп тұр.

Ел тұтынып жүрген бір реттік ыдыстар, пакеттер мен қаптамалар, бөтелкелер мен резинка заттар, тіпті күн сайын тағып жүрген медициналық бетперденің өзі де – пластик. Соған қарамастан халық әлі де қоқысты пайдаланудан бас тарта алмай отыр. Мәліметтерге сенсек, адамдар күн сайын 500 миллиардқа дейін полиэтилен пакетін лақтырады, минут сайын 1 миллион пластикалық бөтелке сатып алады екен. Бұл – қажеттілікті өтеу болғанымен, болашақ үшін қауіпті қадамдардың бірі. Ең өкініштісі – қоқысты кез келген жерге лақтырып, қоршаған ортаны ластауы.

Осы мәселемен күн сайын бетпе-бет келетін қала тазалаушы Құндыздың айтуынша, тазалықты сақтау мен қоқысты тиісті орынға тастау әр адамның ар-ұятына байланысты.

«Қаланы қоқысқа толтыратындар жиі кездеседі. Тіпті көз алдымызда шашып кететіндер де бар. Демек ол өз дәрежесіне сай іс-әрекет жасап тұр. Қазір жерде пластик бөтелкелермен бірге медициналық маска, полиэтилен пакеті көп. Әсіресе қала сыртындағы шағынаудандар – ең лас, ал қала орталығындағы аумақтар салыстырмалы түрде – таза», - дейді Құндыз.

Сонымен қатар ол 14, 15 шағынаудандағы теңіз жағалауы жиі шашылады дейді.

Ал эколог Әділбек Қозыбақов қаладағы тазалық жұмыстарының көңіл көншітпейтінін айтады. Бұған себеп – тазалық жұмыстарының тендерге байланып, бизнеске айналуы.

«2015 жылға дейін қала тазалығы бойынша коммуналды мекемелер жұмыс істеген. Ал үкімет тарапынан қоқыс жинау, оны полигонға төгу сынды жұмыстар ұйымдастырылатын еді. Кейін бұл жұмыстар кәсіпкерлерге жүктелді. Демек, олар тендер алаңына шығып, төмен баға ұсынады. Кейде «таңдау бізге түссін» деп қитұрқы әрекетке баратындары да кездеседі. Содан соң қызметкер жетпейді не техника істемейді деген сылтау көбейеді. Міне, проблема осыдан шығады. Ал жеке кәсіпкерлерге құзіретті органдар тексеру де жүргізе алмайды», - дейді Әділбек Қозыбақов.

Қоқыспен қалай күресу керек

Пластик қалдықтардың монетизациясымен айналысатын The Plastic Bank-тың негізін қалаушы және бас директоры Дэвид Кац қоқыс толы әлемді бітеліп қалған «раквинаға» теңеген. Оның айтуынша, «раквинаны» тазарту үшін бірінші шелек, шүберек немесе вантуз алудың қажеті жоқ. Себебі «кранды жапсаңыз, су өзі-ақ тоқтайды». Расында да қоқыс проблемасымен күресу – ең дұрыс шешім, ал қалай күресу керек екенін анықтау – бәрінен де маңызды.

«Ecojer» аймақтық экологиялық кеңес мүшесі Әділбек Қозыбақовтың айтуынша, қазіргі таңда пластикпен күресудің екі тиімді жолы бар. Оның бірі – әкімшілік, ал екіншісі – экономикалық.

«Әкімшілік күрес арқылы үкімет заң аясында қандай да бір шешім шығара алады. Яғни қазір көп елде бір реттік пакеттерге тыйым салынған. Сол сияқты біздің елде де бір реттік пакетке тыйым салынуы керек. Егер оны кәсіпкерлер пайдаланса, заңды бұзған болар еді. Қазіргі таңда полиэтиленді пакеттерден экожүйеге көптеген зиян келіп жатыр. Далаға шықсақ болды пакеттер жер талғамай желмен ұшып жүреді. Ал осы мәселені экономикалық тұрғыдан алсақ, кәсіпкерлер пластикті екінші рет кәдеге жаратса екен. Одан өнім шығарып, халыққа ұсынса нұр үстіне нұр. Бұрын қаланың Шевченко кезінде пластмасса зауыты болған еді. Өкінішке қарай, сол зауыт жабылып қалды. Керісінше, бізге сондай зауыттар ауадай қажет», - дейді «Ecojer» аймақтық экологиялық кеңес мүшесі Әділбек Қозыбақов.

Жасыратыны жоқ, жел ескен сайын көкке жететін полиэтилен пакеттен көз сүрінеді. Бұған қала аумағындағы контейнер де тосқауыл бола алмайтыны анық. Бірақ Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков: «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және оны полигонға шығару үшін елді-мекендерді 100 пайыз контейнермен қамтамасыз ету маңызды», - дейді. Десе де аталған мәселе әлі күнге дейін оң шешімін таппай отыр.

«Бүгінде қалдықтарды жинау және шығару қызметтерімен 21 мекеме айналысады. «Каспий Оперейтинг» ЖШС Ақтау қаласының 80 пайыз тұрмыстық қатты қалдықты шығару қызметін қамтамасыз етеді. Облысқа жалпы 28 825 дана контейнер керек. Қазіргі таңда оның 12 006-ы бар, енді 16 819 қоқыс контейнері қажет», - деді Дүйсен Құсбеков облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы алаңында.

Әлі қол жетпеген 16 мыңнан аса контейнер түйінделген мәселені оңай шеше ме? Әлде қордаланып жатқан қоқысты еселей ме? Оны уақыт еншісіне қалдырғанымыз абзал.

Есесіне, облыс ішінде қалдықтарды сұрыптап, қайта кәдеге жарату жұмыстары жолға қойылған. Маңғыстау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбековтың айтуынша, қазіргі таңда Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Қарақия ауданы ғана қоқыстарды қайта сұрыптайды. 2020 жылы облыс бойынша 110 520 тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналған. Оның 39 019 тоннасы сұрыпталып, кәдеге жаратылған.

«Биыл жарты жылдықта облыс бойынша 27 334 тонна тұрмыстық қатты қалдық жиналды. Оның ішінде 10 239 тоннасы сұрыпталды. Қайта өңделгені – 54,6 тонна. Сонымен қатар Ақтауда қалдықтарды қабылдайтын 6 пункт, Жаңаөзенде 2 пункт жұмыс істейді. 2017 жылдан бері облыс бойынша 153,0 тонна қалдық сұрыпталып, өңдеуге жіберілді», - дейді Д. Құсбеков.

Табан астында да теңге бар

Адамдарда экологиялық мәдениет қалыптаспайынша, әкімшілік тарапынан атқарылып жатқан жұмыс көзге көрінбейді. Қоршаған ортада таудай үйілген қоқыстың құламауы да – содан. Әйтпесе, жоғарыда айтқандай өңірде қалдықтарды сұрыптайтын арнайы пунктер бар.

Осы ретте қала тұрғындарынан қалдықтарды қабылдайтын «EcoWeste Aktau» ЖШС жұмысымен таныстық. Кәсіпкер өз жұмысын 2018 жылдан бері жүргізіп келеді. Аталған мекеме картон, макулатура, нан өнімдері, істен шыққан микротолқынды пештер, шаңсорғыш, компьютер, ескі телефондар мен ұн пакеттері, пластиктерді қабылдайды. Жай қабылдап қана қоймай, қалдық салмағына қарай қаржы береді. Содан соң қоқысты қайта өңдеуге тапсырады. Соның нәтижесінде «EcoWeste Aktau» осы уақытқа дейін 5 мың тоннадан астам қалдықты қайта өңдеуге жіберген.

«Бұл бизнесті жүргізген 4 жыл ішінде адамдардың экологиялық мәдениеті өсті деп айта аламын. Бұрын тұрғындар біз істеп жатқан жұмысқа басқаша көзқараспен қарайтын. Тіпті, «Қоқыс? Біз, қазақпыз – бұл бізге арналмаған» деп те айтатын. Қазір адамдар экологиялық тұрғыда саналы бола бастады. Сенбілікке жиналушылар қатары артты», - дейді «EcoWeste Aktau» ЖШС директоры Салтанат Бралина.

Қазіргі таңда «EcoWeste Aktau» қазақстандық кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатқан. Атап айтқанда, жинақталған қалдықтардан «Карина TRADING» компаниясы құрғақ майлықтар мен дәретхана қағаздарын шығарады, «Kagazy Recycling» - картонды қайта өңдейді, «Zeta» компаниясы пластиктерге екінші өмір сыйласа, «Promtechnoresurs» компаниясы электронды қалдықтарды кәдеге жаратады.

Сенбілікке шығу мәселені жеңілдете ме

Бұл сұраққа Ecojer» аймақтық экологиялық кеңес мүшесі Әділбек Қозыбақов өз пікірін білдірді.

«Сенбілікке шығу – экомәдениетті қалыптастырудың тек бір ғана жолы. Меніңше, адамды сенбілікке міндеттеу - дұрыс емес. Себебі, мұндай міндеттеменің нәтижесі еш қуантпайды. Ал егер саналы түрде, уақытты босқа өткізбей, табиғатқа жанашырлық танытып, сенбілікке шығатын болса, міндетті түрде нәтиже берері сөзсіз. Осы ретте мәжбүрлі түрде емес, керісінше саналы түрде сенбілікке шығуға бағытталуымыз керек», - дейді Ә. Қозыбақов.

Оның айтуынша, сенбілікке адам тартудың басқаша ұтымды жолын қарастыру керек. Мәселен, адамды ынталандыру мақсатында шаралар ұйымдастырып, жастар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу маңызды.

Эколог сөзінің жаны бар. Оған дәлел - «EcoWeste Aktau» ЖШС ұйымдастыруымен өтетін жазғы акция. Бұл акция оқушылар арасында жыл сайын өткізіледі. Сол арқылы оқушылардың да қалдықтарды сұрыптауға деген қызығушылығы артқан. Салтанат Бралинаның айтуынша, мектеп оқушылары акция аясында экологиялық сауатын арттырып, мәдениетін қалыптастыра алады. Солай қалдықтарды сұрыптап, пунктке тапсырады. Жеңімпаз оқушыға планшет табысталады. Әрине, жас ұрпақты саналы түрде қоршаған ортаны қорғауға шақыру – қуантарлық жайт.

Ал ақтаулық тұрғын Гүлайым экологияға зиян келтірмей өмір сүруді әдетке айналдырған. Жол жүрсе де, азық-түлік алса да, саяхаттаса да қоршаған ортаға зиян келтірмеу – негізгі мақсаты. Ол бірнеше жылдан бері қала аумағын тазалап, жиі сенбілік ұйымдастырып тұрады.

«Отбасым және экобелсенділермен бірге Каспий теңізі, Жайық өзені жағалауындағы қоқыстарды тазалауға шығамыз. Қоқыс өте көп. Жағалауға әр барған сайын пицца қораптары, пластик бөтелкелермен, сыра шынылары, бір реттік ыдыстар мен шарлар, темекі тұқылдары көп кездеседі. Менің ойымша, адамдар тазалықты сақтамауға дағдыланған. Тек тамақтанады, ал қоқысты отырған жерге тастап кете береді. Ал қоқыс жәшіктері үнемі толы тұрады», - дейді экобелсенді Гүлайым.

Оның айтуынша, тұрғындар арасында табиғатқа деген жанашырлықты оятып, оларды ойландырудың бірден бір жолы – әлеуметтік желіні тиімді пайдалану.

«Мен еріктілермен жасаған сенбілікті әрдайым Instagram арқылы бөлісіп отырамын. Видеоларды көрген жандар өз ойларын жазып, табиғатқа алаңдаушылық білдіреді. Бұл – өте жақсы құбылыс. Байқағаным, соның нәтижесінде сенбілікке шығуға, аз өнім алуға, қалдықтарды сұрыптауға бейімделіп келе жатқан жас көбейіп келеді», - дейді ол.

Сонымен қатар ақтаулық экобелсенді Гүлайым қоқыс мәселесін мемлекет тез әрі жүйелі түрде қолға алғанын және айыппұл қажет екенін айтады. Себебі қатаң жаза болған кезде ғана тұрғындар қоқыс мәселесіне қатысты көзқарасын өзгертеді деп отыр.

Қорытындылай келе, қоғамда экологиялық мәдениет қалыптаспаса, сапалы өмір сүру қиындайды. Сондықтан табиғатты таптамау, қоқыспен тұншықтырмау – басты міндетіміз.

Жұлдызай ҚАЛИЕВА

Суреттер автордан және әлеуметтік желіден

566
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

«Қаракөл көлі» неге қараусыз қалды

Келесі жаңалық

Маңғыстауда «Ерлік сабағы» өтті

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      ХабарландыруЖастар бетіДенсаулықРедакция туралыСпортРедакция газеттеріЖаңаөзен - 50 жылАстана - 20Қазақстан жаңалықтарыБайқауӘлем жаңалықтарыРухани жаңғыру

    Автордың басқа да жазбалары

    «Алғашқы медаль»: Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

    Кеше 16:17
    117

    Камиль Куруглиев әлем чемпионатынан қола жүлдемен оралды

    Кеше 13:50
    374

    Ақтауда абаттандыру жұмыстары басталды

    23 шілде, 11:02
    166

    Ақтауда тематикалық саябақ ашылды

    21 шілде, 17:17
    829

    Бір топ тұрғын теңіз жағалауын тазалады

    19 шілде, 14:31
    157

    Экология министрлігі жағалаудан табылған өлі итбалыққа қатысты түсінік берді

    19 шілде, 10:07
    225

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»