• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 18 Қазан 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда жауған жаңбыр «жасанды» ма?...

Маңғыстау облысында нан қымбаттады...

Нұрлан Ноғаев: Қала құрылысының бей-берекет салынуы – халықты құрметтемеу...

Түпқарағанда миллионға жуық теңге қанша итті «қапты»...

Кімге төлеу керек? Тұрғындар энергия төлемдерінен шатасып жатыр...

  • USD: 425.78 ₸
  • EUR: 494.08 ₸
  • RUB: 5.98 ₸

Нұрлы да жырлы Жаңаөзен

[ 2018 ] 23 қазан, 10:34  |  Маңғыстау жаңалықтары

©

Биыл еліміз үшін маңызды жыл – Елордамыз Астанаға 20 жыл, Ақтау қаласына 55 жыл, сүйікті қаламыз Жаңаөзенге 50 жыл толып отыр. Осыдан жарты ғасыр бұрын елсіз жерде, мұнай кәсіпшілігінің ашылуымен байланысты, алғашқыда «Газгородок», «Новый Узень» поселкесіне Қазақ ССР Жоғары Кеңес Президиумның 1968 жылғы 21 қазандағы №1241 қаулысымен қала статусы беріліп, 1993 жылдан бастап Жаңаөзен қаласы болып аталып келеді.

Бұдан 50 жыл бұрынғы шағын қала – қазіргі таңда 150 мыңға жуық халқы бар, қанатын жайып, өсіп-өркендеген әсем қалаға айналды. Қаламыз қазір облысымыздың экономикасы дамыған, іргелі қалаларының біріне айналып отыр.

Жыл басынан бері өткен шаралардың қорытынды жиыны, Жаңаөзен қаласының 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналысы «Мұнайшы» мәдениет үйінде қазанның 20-сы күні өтті. Шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, қала әкімі Әділбек Дауылбаев, әкім орынбасарлары, облыстық және қалалық мекеме басшылары, қоғам қайраткерлері мен ардагерлер және  арнайы шақырылған қонақтар, сонымен қатар, қала тұрғындары да қатысты.

Жиын қала туралы дайындалған арнайы бейнероликпен бастау алып, алғашқы сөз кезегі облыс әкімі Ералы Лұқпанұлына берілді:

- Қадірменді ағайын! Жаңаөзенді тек маңғыстаулықтар емес, бүкіл қазақстандықтар біледі. Сол үшін еңбек еткен, тер төккен, танымал еткен аға-апаларымызға алғысымды айтуға рұқсат етіңіздер! Осы орайда бірнеше азаматтардың атын атағым келіп отыр, өздеріңіз көрдіңіздер, қаланың Жаңаөзен болып аталуына тікелей байланысты, тікелей қатысты, авторы деп айтсам да артық емес шығар, ең алдымен осы Рахмет Өтесінов ағамызға рахметімізді айтайық. Жасаған еңбектері ұшан-теңіз, жасалған еңбектің ар жағында төгілген тер жатыр оны барлығы біледі. Кезіндегі қиын кездерде, еліміздің билігі өзімізде емес, тәуелсіз ел болмай тұрған кезіміздегі уақыттарда ұлтымызды, еліміздің рухын, намысын биік ұстап, көтеріп, асқақтатып жүрген тұлғаларымыздың еңбегі ерен. Сонымен қатар ардагер мұнайшы, Ғазиз Әбдіразақов ағамызды ерекше атап өтуге болады. Жаңа ғана деректі фильмін көрдіңіздер. Ғазиз аға, тағы да рахмет сізге! – деп Ғазиз ағамыздың иығына шапан жауып сый-құрметін көрсетті.

Ары қарай шара барысында Жаңаөзен қаласының 50 жылдық мерекесіне орай облыс әкімінің Алғысымен еңбегі сіңген сала мамандары марапатталды. Сонымен қатар, сахна төріне мерейтой аясында қаланың дамуы мен қалыптасуына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға «Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы» атағын беру үшін қала әкімі Әділбек Дауылбаев шақырылды.

Сондай-ақ жиында «Халық Банк» АҚ-ның атынан мерекелік сый ретінде мүмкіндігі шектеулі жандарға өзін-өзі жүзеге асыру деңгейін арттыру, олар үшін лайықты өмірлік жағдайлар жасау, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жетімдіктерін ұйымдастыру, мүгедектерді қоғамға ықпалдастыру және оңалту үшін арнайы жабдықталған инва-такси автокөлігінің кілтін облыс әкімі Ералы Тоғжанов Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Балзира Маркашоваға табыстады.

[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="64056,64054"] ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Өзегі алтын Өзенім

Мерейтой аясында ұйымдастырылып жүрген шаралар жыл басынан бері айтылып та, жазылып та келеді. Әкімшілік тарпынан, 50 жылдық мерекеге орай жауапты тұлғалардан құрылған комиссияның құрамы, арнайы іс шаралар жоспары бекітілген болатын. Жоспарға сәйкес ай сайын түрлі бағытта мәдени-спорттық көпшілік шаралар өткізіліп, әлеуметтік маңызы зор үлкен жобалар іске асырылды, атап айтқанда, 900 орындық үш мектеп, 3 балабақша, фитнес орталығы, көптеген кәсіпкерлік нысандар пайдалануға берілді. Өзіңіз байқағандай күн санап қаланың архитектуралық келбеті де ұлттық нақышпен безендіріліп, өзгеріп келеді. Көшелердегі лайк-бокстарда, билбордтарда тұрғындардың, әсіресе өскелең ұрпақтың рухани баюына, қазақтың игі дәстүрінен тәрбиелік мәні бар Абай, Әл-Фараби, Төле би, Ахмет Байтұрсынов т.б. тұлғалардың нақыл сөздері жазылып, заманауи пішінді архитектуралық мүсіндер орнатылды. Сонымен қатар, қаланың тарихында алғаш рет мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде гемодиализ орталығының пайдалануға берілді. Бұған дейін «созылмалы бүйрек жетіспеушілігі» диагнозыменен ауыратын науқастар облыс орталығы – Ақтау қаласындағы медициналық ұйымдарға барып, ем алуға мәжбүр болса, енді алысқа бармай, сапалы, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін, жаңадан салынған орталық арқылы алуға қол жеткізді.

Міне, осы секілді халық игілігі үшін жасалып жатқан ауыз толтырып айтар дүниелер де аз емес. Тойдың болғанынан боладысы қызық дегендей, 18-21 күндері өткен шараларға, ашылған ғимараттарға тоқталатын боламыз.

«Бейбітшілік» кешенінің құрылысымен танысқан аймақ басшысы Ералы Тоғжанов бастаған облыс активі Тәуелсіздік алаңындағы әуенді субұрқақтың ашылуына куә болды. Аталмыш субұрқақтың құрылысына 47 млн. теңге қаражат жұмсалған.

Одан кейін делегация «Өзенинвест» МКК-да болып, тәулігіне 30 мың текше метр кешенді су тазарту имаратының ресми ашылу салтанатына қатысты. Қала тұрғындары үшін ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі – ауыз су жетіспеушілік мәселесі осы нысан арқылы шешімін табатынына қала басшысының сенімі мол.

Сонымен қатар, Құдайберген Жалымбетовтың «Жалымбетов» медициналық орталығының жаңа ғимаратының ашылуын да қала басшысының қатысуымен салтанатты түрде өткізген болатын. Осы уақытқа дейін қала тұрғындарына, науқастарға заманауи, тиімді медициналық көмек беріп келген ақ халатты абзал жандардың жаңа орталығы халық игілігіне пайдалануға берілді.

Ғимараттарды аралау барысында, және Р.Өтесінов атындағы дене шынықтыру кешенінің қызметімен танысып, қаламыздың өркендеу жолында маңдай термен еңбек еткен, ардагер мұнайшыларымыз Н.Марабаев пен Р.Өтесіновтың бюстіне гүл шоқтарын қойды.

Мереке қарсаңында жоспарлы түрде ашылған нысандардың бірі «Арай» шағынауданында орналасқан «Темірлан» балабақшасы болатын. Ашылу рәсімі салтанатты түрде өткен балабақша ауласына қала әкімі Әділбек Дауылбаев, қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық білім бөлімінің басшысы, мұғалімдер мен балабақшаға жаңа тіркелген бүлдіршіндердің ата-аналары жиналды.

Сөз кезегін алған қала әкімі барлығын 50 жылдық мерекемен құттықтап және балабақша иесі Тілектес Есіркепованың жұмысына табыс тіледі. «Темірлан» балабақшасы 3-5 жас аралығындағы балаларды қабылдайтын 50 орындық, екі қабатты ғимарат. Тек қана балабақша емес, сонымен қатар, дамыту орталығы болып табылады. Екінші қабатта балабақша балаларын қабылдаса, бірінші қабатта үйірме, яғни дамыту орталығы. Үйірмелер ішінде: менталды арифметика, сурет салу, мәнерлеп оқу, скрипка, фортепиано, жетіген, домбыра тарту түрлері бар. Директорының айтуынша, менталды арифметика мен логопед мамандары сырттан келіп, келісім шарт бойынша қызмет етіп, ал жалпы штат бойынша 10 адамды жұмыспен қамтитын болады.

Елу жылда ел жаңа дегендей, ұлан асыр мерекелік шара кешке орталық стадионда Досымжан Таңатаров, Тамара Асар, Ақылбек Жеменей, Нұрлан мен Мұрат, «Жігіттер» тобы секілді эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен «Нұрлы да, жырлы, Жаңаөзен» атты гала-концертімен қорытындыланып, қала жұртшылығы мерекелік от шашуды тамашалады.

Айтолқын МЕҢДІБАЕВА, Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="64059,64065,64061,64060,64063,64062,64064,64058"]
2733
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
маңғыстау жаңалықтары анонс жаңаөзен - 50 жыл
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Жаңаөзенде «Алтын қолды адам» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Келесі жаңалық

Дүйсембі Әріпұлының қос кітабының тұсауы кесілді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    «Жаңаөзен жастары» журналы жарық көрді (ФОТО)

    [ 2019 ] 26 шілде, 10:54
    1552

    Нұрлы да жырлы Жаңаөзен

    [ 2018 ] 23 қазан, 10:34
    2734

    Жаңаөзендегі апатты үйлердің тұрғындарына жаңадан салынатын 23 үйден пәтер беріледі

    [ 2018 ] 21 мамыр, 05:03
    931

    Теңге ауылындағы Наурыз той

    [ 2018 ] 22 наурыз, 19:57
    981

    Алты сағатқа созылған ақындар айтысы

    [ 2018 ] 22 қазан, 13:06
    2057

    Жаңаөзенде республикалық айтыс өтеді

    [ 2018 ] 16 қазан, 13:56
    951

    Рубрикалар

      Анықтама бюросыХабарландыруҚызық дерекБіле жүріңізМәселеАшық қоғамФотоСаясатБайланыс мәліметтеріСараптамаСпортСұхбат

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    16 маусым, 18:15
    507

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    18 ақпан, 10:38
    687

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    17 ақпан, 11:32
    613

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    13 ақпан, 10:46
    1257

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    13 ақпан, 09:53
    804

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    12 ақпан, 16:18
    617

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»