Маңғыстау облысында әлеуметтік нан бағасы 5 теңгеге өсті. Қазір нанның бағасы – 100 теңге, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және сауда департаментінің сауда және баға мониторингі бөлімінің басшысы Әли Сәрсеновтың айтуынша, нан өнімдерінің бағасы ұнның қымбаттауына байланысты көтерілген.
«Алты ай бұрын ұнның 1 келісі 136 теңге болған. Соңғы 2-3 айда 144 теңгеге дейін көтерілді. Қазіргі таңда облыс әкімдігінде тұрақтандыру қорында сақталатын 1-сортты ұнның жергілікті наубайханаға беру мәселесі қарастырылып жатыр», - дейді Әли Сәрсенов.
Еске сала кетейік, жақында Шетпеде ұн шығаратын шағын цех ашылған болатын. Жеке кәсіпкер 4,5 тонна ұн шығаруды және оны Маңғыстау облысына жеткізуді жоспарлап отыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА