Бірнеше ай бұрын "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС энергиямен жабдықтаушы ұйым "AllianceEnergoSnab-Ақтау" ЖШС-мен шартты бұзғанын хабарлады. Тұрғындарды қазан айынан бастап электр энергиясы үшін басқа компанияға ақы төлейді деп сендірді. Бірақ қыркүйек айында қолданылған энергия төлемі қайтадан "AllianceEnergoSnab-Ақтау" ЖШС-дан келді, деп хабарлайды Mangystamedia.kz.
Облыс әкімдігінің 2021 жылғы 27 тамыздағы хаттамалық шешімі бойынша Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұтынушыларын энергиямен жабдықтау функциялары "МаңғыстауЖарық"ЖШС-не жүктелді. Бұл шешім "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС 1 қыркүйектен бастап "AllianceEnergoSnab-Ақтау" ЖШС-мен шарттарды бұзу туралы жариялағаннан кейін қабылданған.
"МаңғыстауЖарық" ЖШС ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының аумағында энергиямен жабдықтаушы ұйым функциясын орындауға кірісті.
"2021 жылғы 9 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарында электрмен жабдықтау туралы жария келісім жарияланды. Тұтынушылармен жеке шарт жасау бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында нан қымбаттады
"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС-ның 2021 жылғы 4 қазанда әлеуметтік желілерде жариялаған ақпаратына сәйкес, "AllianceEnergoSnab-Ақтау" ЖШС филиалымен электр энергиясын сатып алу – сату бойынша төрт шарт жасалған, бірақ олардың тек екеуі ғана 1 қыркүйектен бастап бұзылған. Қалған екі шарт 2021 жылдың 03 қазанынан бастап бұзылды", - деп хабарлады "МаңғыстауЖарық" ЖШС баспасөз қызметі.
Сондықтан тұтынушылар 3 қазанға дейін пайдаланған электр энергиясы үшін төлемді "AllianceEnergoSnab-Ақтау"ЖШС филиалына төлеуге міндетті. Тұрғындар тұтынылған электр энергиясы үшін кейінгі барлық төлемді "МаңғыстауЖарық"ЖШС-ға төлеуге міндетті. Жаңа төлем қараша айында келеді.
Махаббат Нұржанқызы