16 мамыр күні сағат 00.37 шамасында 102 кезекші пультіне Ақтау қаласының 16 шағын ауданында белгісіз тұлғаларға бірнеше рет оқ атқаны туралы шақырту келіп түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды, ол жақтан атыс гильзалары тәркіленді.
Сонымен қатар, тексеру барысында Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ жарақатынан зардап шеккен адам қаралмағандығы анықталды.
Аталмыш дерек бойынша 20 және 22 жастағы күдіктілер анықталды. Бұл дерек ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласы СДТБТ-де тіркелді.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.