Астана күніне орайластырылған «Қазақстан барысы» республикалық турниріне Маңғыстау облыстық «Каспий Көкжалы» іріктеу жарысы 6 мамыр күні Ақтауда өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің аймақ бойынша іріктеуіне арналған сынға ауылдық, аудандық турнирлер топ жарған балуандар облыстық бәсекеде күреседі. Осыған дейін Маңғыстау облысында 2 қала, 5 ауданнан 21 спортшы іріктелген. Сондай-ақ, алдыңғы жылғы 1, 2-орын иеленген палуандар, жалпы алғанда 18 жастан жоғары ересектер арасында 90 келіден жоғары барлығы 23 спортшы бақ сынайды.
Айта кетейік, 2022 жылы «Қара бура» лақап атымен танымал маңғыстаулық Нұрдаулет Жарылғапов "Қазақстан Барысы" турнирінің күміс жүлдегері атанған болатын.
«Қазақстан Барысы» турниріне биыл еліміздің 17 облысы мен 3 маңызды қаласының әрқайсынан финалға шыққан екі балуан тікелей жолдама алады.