Ақтау қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері белгіленген маршрут бойынша қызмет атқару кезінде кішкентай балаға асан алып қалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ДП-ға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, ойын кезінде 4-5 жас аралығындағы бала шұңқырға құлаған. Сол кезде полиция да жақын болып, оның дауысын бірден естіген. Тәртіп сақшылары баланы алып шығып, үйіне жеткізді. Кейін ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.