• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 6 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Ақтауда жауған жаңбыр «жасанды» ма?

    [ 2021 ] 4 қазан, 18:36  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Бүгін Ақтауда таңертеңнен бастап жаңбыр жауып жатыр. Осы ретте қала тұрғындарын «жауған жаңбыр жасанды ма?» деген сауал мазалады. Көптің көкейінде жүрген сұраққа «Central Asian Center of Climate Change Technologies» басшысы Алтай Айнабекұлы жауап берді.

    «Бүгінгі жаңбырды технологияның алғашқы эффектісі десек те болады. Бірақ біз мұны ресми түрде айтып жатқан жоқпыз. Себебі біздің мақсат – жаңбыр мөлшерін 30 пайызға көбейту. Сонымен қатар метеорологиялық қызметте ақпарат 2-3 сағат сайын жаңарып отырады. Онда арнайы қысу машиналары тұрғандықтан қондырғы арқылы келе жатқан бұлттарды «табиғи» деп есептейді. Сол арқылы ауа-райы болжамын береді. Алайда біз үшін маңыздысы ол емес, жаңбырдың жауғаны», - дейді Алтай Айнабекұлы.

    Ия, осы ретте «Қазгидромет» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы бүгін жаңбырдың күтілетінін айтқан.

    Алтай Айнабекұлының айтуынша, ел аузында бұл процесс «жасанды жаңбыр» деп жатталғаннан гөрі «атмосфералық ылғалдан жауын-шашын жаудыру әдісі» деп аталғанын дұрыс деп отыр. Ал осы жауын-шашын жаудыру технологиясы қалай жүргізіледі?

    «Алдымен атмосфераға арнайы құрылғымен теріс ағынды иондар жіберіледі. Сол арқылы ылғал жинайтын орта пайда болады. Электрондар көбейген жерге ылғал тартылады. Сөйтіп жаңбыр көбейіп, жауады. Бұл технологияның әсері әр маусымға байланысты әрқалай өзгереді. Егер атмосферада ылғал жоқ болса да біз оны шоғырландырып, жаңбыр жаудырта аламыз. Мысалы, күз айында майда жауын жауса, ал көктемде жаңбыр тамшылары ірі болады. Қыста әдеттегідей қар жауады», - дейді «Central Asian Center of Climate Change Technologies» басшысы Алтай Айнабекұлы.

    Жауын жаудыратын технологияға жауапты мекеме басшылығы өңірді құрғақшылықтан сақтап қалу үшін нақты қанша жаңбыр жауу керек екенін айта алмай отыр. Себебі бір жылдық атмосфералық құбылысқа болжам жасаудың өзін қате деп есептейді.

    «Соңғы уақытта Маңғыстауға 150 – 160 мл жаңбыр жауған. Соның салдары құрғақшылыққа алып келді. Ал 2016 жылы аймаққа 300 мл жауын түскен, жер жақсы көгерген. Құрғақшылықтың алдын алу үшін 29 қыркүйек күні 3 қондырғыны қойдық. Кеше төртінші қондырғыны орнаттық. Енді келісімшартқа сәйкес жауын-шашынды 30 пайызға көбейту ғана қалды. Егер жаңбырдың мөлшерін есептеп, межеге жетсек, міндетті түрде ресми хабарлаймыз», - дейді жауапты мекеме басшылығы.

    Айтуынша, атмосфералық ылғалдан жаңбыр жаудыру технологиясы Ресей, Индия, Жаңа Зеландия, Австралия және БАӘ-де сәтті орындалған.

    Еске сала кетейік, аталған жоба тамыз айында жоспарланды. Осы орайда «Грант Қазақстан» корпоративтік қорының «Central Asian Center of Climate Change Technologies» ЖШС мен Маңғыстау облысының әкімдігі үш жақты келісім жасады. Ал өткен аптада құрылғылар келісімшартқа сай Шетпе, Құрық және Жетібайға орнатылған болатын.

    Жұлдызай ҚАЛИЕВА

    Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

    2509
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Шетпеде ұн шығаратын шағын цех ашылды

    Келесі жаңалық

    Әлемде Facebook, Instagram және WhatsApp желілері істемей қалды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

      [ 2021 ] 29 маусым, 14:20
      4929

      Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

      [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
      5190

      ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

      [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
      4828

      "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

      [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
      4120

      "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

      [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
      4152

      Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
      5089

      Рубрикалар

        Қызық дерекӘдебиетРедакция газеттеріРухани жаңғыруТағайындауЖаңалықтарСұхбатХабарландыру

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау жастары «Жарқын болашақ» бағдарламасымен колледждерге оқуға түсе алады

      23 тамыз, 14:18
      8620

      Нұрдәулет Қилыбай Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілін қабылдады

      23 тамыз, 14:14
      3591

      Адам папиллома вирусына қарсы вакцина қаншалықты сенімді?

      23 тамыз, 13:46
      3504

      Бүгін Ақтауда бірнеше шағынауданда жарық пен су болмайды

      22 тамыз, 10:39
      1885

      Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы: Маңғыстаулық айтыскер 1-орын алды

      17 тамыз, 22:45
      917

      Ақтау мен Алматы арасындағы әуе рейстің саны артады

      17 тамыз, 21:49
      810

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»