• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 8 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Өжет те өткір тергеуші қыз

    [ 2019 ] 7 наурыз, 07:04  |  Қоғам

    Қазіргі таңда полиция мамандығы тек ер адамның жұмысы ғана емес. Құқық қорғау органдарында ер адамдармен иық тірестіріп қызмет етіп жүрген әйелдер қауымы жетерлік. Олар жүктелген күрделі міндеттерге, зор жауапкершілікке, күндіз де, түнде де жалғасатын жұмыс жүйесіне қарамай, ішкі істер органдарында қызмет атқарып, аналық, әйелдік, келіндік міндеттерімен қатар, полиция қызметкерінің міндеттерін де абыроймен атқарып келеді. Арулар нәзік жаратылысты екеніне талас жоқ. Ер-азаматтарға тән қайраттылық, адуындылық, ожарлық оларға жат. Қыз баласы көбіне инабаттылығын сақтайды. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында, оқырмандардың назарына қауіпсіздік пен тыныш­тық күзетінде жүріп, халықтың құқығы мен бостандығын қорғауда алдыңғы сапта көрінетін, қатаң тәртіпте қызмет етсе де, өзінің нәзіктігі әрі жұмсақ жүректілігін сақтай білген тергеуші ару жайлы сыр шертпекпіз. Тергеуші болу – қиын емес. Әрине, егер сіз өз мамандығыңызды жақсы көріп, өзіңіз­дің атқарып отырған ісіңізден ләззат алатын болсаңыз. Дәл осы принциппен өмір сүретін кейіпкеріміз – Ақтау қаласы полиция басқармасы, тергеу бөлімінің тергеушісі полиция лейтенанты Айнура Истиярова. Айнураны көрген жандар оны тергеуші қызметкері деп ойламайды. Табиғатынан да­рыған нәзіктігі, сыпайылығы, биязылығы оны қатаң тәртіппен байланысып тұратын тергеу қызметіне қимайтын секілді. Оның бойында сырт көзге байқала бермейтін өткірлік пен өжеттік бар. Айнураның жоғары кәсібилігі мен төзімділігін әріптестері ғана емес, басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерле­рі де өте жақсы біледі және бағалайды. Ол қызметтік міндеттерін үлгілі орындап, жақсы көрсеткіштер көрсеткені үшін бірнеше мәр­те марапатталған. Тергеуші болып жұмысқа орналасқанына аз ғана уақыт болған жас маманмен әңгімелесуге арнайы бардық. Ол – қысқа мерзімде нағыз маман екенін дәлелдей білген нәзік жанды тергеуші. Оның жасы 22­ де. – Осы мамандықты жаныңыз сүйіп таң­дадыңыз ба? Қай өлкенің тумасы боласыз? – Мен ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында білім алдым. Академияға оқуға түсерде, курсанттарды қабылдар алдында іріктеу болды. Онда спорт жағынан түрлі емтихандардан өттік. Бір айдан кейін оқуға түскендерді шақыртты. Біз алғашында сапта қалай жүруді үйрендік. Өзім Астрахань қаласынан боламын. Үйде үшеуміз. Үйдің үлкені мен. Бұл мамандықты таңдағанымда, ата-­анам қыз балаға қиын болады деп қарсы болды. Олар маған басқа мамандықтарды ұсынды. Дегенмен мен осы саланы таңдадым. – Оқуды аяқтап, осы жұмысқа бірден кірісіп кеттіңіз бе? Қызметіңіздің жүгі де ауыр, оны алып жүру сізге қиын емес пе? – Қыс мезгілінде академиядан практикаға жіберді. Мен қылмыстық іс бөлімінде тағы­лымдамадан осында өттім. Одан тергеу бө­лімінде бірнеше уақыт үлкендерден жұмыс барысын үйреніп жүрдім. Оқуды бітіріп келгесін бұйрыққа сәйкес тергеу бөліміне тергеуші етіп тағайындады. – Қызметіңізге кіріскелі бері неше іс қарадыңыз? – Қырыққа жуық іс қаралды. Олардың ішінде тоқтатылған істе болды. – Тергеу барысында айыпталушы тарапынан қандай да бір қиындық бола ма? Сондай жағдайда не істейсіз? – Барлық тергеу амалдарын жүргіземіз. Қажетті нақты сұрақтар қойып, мардымды жауап алуға барынша тырысамыз. Айыпталу­шыға тергеуші тарапынан психологиялық, физикалық сұрақтарды қоюға бізге рұқсат жоқ. Қажетті сұрақты қоямыз, айыпталушы өзінің жауабын береді. – Сіз үшін ең қиын тергеу туралы айтып бере аласыз ба? – Бізге жас мамандарға алдымен күрделі емес, орташа деңгейдегі істі береді. Бізді тәжірибелі тергеушілер үйретеді. Әзірге қиындық тудырған іс болған жоқ. – Тергеу барысында айыпталушының тағдырына алаңдаған сәтіңіз болды ма? – Менде ондай болған емес. Тергеушіге олай жасауға болмайды. Барлығы заң шеңберінде қаралады, тексеріледі. – Бос уақытыңызда немен айналысасыз? – Жұмыстан кейін өзім үшін каратэ­до спорт түрімен айналысамын. Түрлі жанрдағы кітаптарды оқығанды жақсы көремін. Достарыммен қыдырып, бос уақытымды пайдалы өткізуге тырысамын. Бізде басқармада арна­йы дене шынықтырумен айналысатын зал бар. Ол жерде уақытпен барлық қызметкер бекітілген. Қызметкерлердің аптасына үш рет спортпен айналысуға мүмкіндігі бар. – Үйде тамақ әзірлейсіз бе? – Иә, әрине. Асханада түрлі тәттілерді дайындағанды ұнатамын. Жұмыста тергеушімін. Үйде барлық қыздар секілді үй тірші­лігімен айналысамын. Ет, манты дайындаған­ды жақсы көремін. – Елбасы биылғы жылды «Жастар жылына» арнады. Осы жылдан не күтесіз? Жастарға не дейсіз? – Құрдастарыма, жастарға айтарым еш қорықпай алға қарай ұмтылыңыздар. Мақсат пен арманға жету жолында аянбай еңбек ету керек. Үміт артқан ата-­ананың, елдің сенімін ақтайық. Барлық қыз­-келіншектерді келіп жеткен мерекелеріңізбен шын жүректен құттық­таймын! Гүлдей құлпырып жүре беріңіздер! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! - Сұхбатыңызға рақмет!

    Зухра ӘБДІЛ-САТТАР

    2540
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам сұхбат жастар беті
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Түпқарағандық көп балалы аналар форумда бас қосты

    Келесі жаңалық

    Жақсылық жасауға асығайық

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

      [ 2020 ] 7 желтоқсан, 10:40
      1862

      Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

      [ 2019 ] 12 тамыз, 11:17
      2675

      Вефа Салман: "Әкім мен журналистің ұқсас тұстары көп"

      [ 2019 ] 26 шілде, 05:58
      2022

      Өжет те өткір тергеуші қыз

      [ 2019 ] 7 наурыз, 07:04
      2541

      "Жастар жылы" жаңаөзендіктер үшін несімен ерекшеленбек?

      [ 2019 ] 11 қаңтар, 10:53
      1389

      Ақтаулық жас маман Лондондағы Huawei компаниясына қалай шақырту алды

      [ 2020 ] 13 қаңтар, 09:44
      2459

      Рубрикалар

        ҚұқықАуыл өміріЭкономикаЖарнамаӘдебиетҚызық дерекЖастар бетіКомплаенсМаңғыстауМәселе

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3014

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2762

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2598

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3082

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2883

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2817

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»