• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 479.38 ₸
  • EUR: 531.63 ₸
  • RUB: 5.27 ₸

"Жастар жылы" жаңаөзендіктер үшін несімен ерекшеленбек?

[ 2019 ] 11 қаңтар, 10:53  |  Қоғам

2019 жыл ресми түрде Жастар жылы болып жарияланды. Жас дегеніміз – ҚР бекіткен заңнамасына сай 14 пен 29 жас аралығындағы азамат. Жаңаөзен жастар ресурстық орталығының мәліметінше, қаладағы осындай азаматтардың саны – 37264. Алдағы жастар жылынан қандай оң өзгерістер күтеміз, жаңаөзендіктер үшін жыл несімен ерекшеленбек деген сұрақты ең әуелі осы орталықтың директоры Ғани Құрманғалиевке қойдық.

- Биыл, өзіңізге белгілі, Елбасымыздың бастамасымен Жастар жылы деп бекітілді. Ендігі кезекте біздерге жүктелетін міндет те, атқарар қызмет те көп болмақ. Бұл ең біріншіден жастардың өздерін жақсы жағынан көрсетуіне берілген зор мүмкіндік деп білемін. Жаңаөзен жастар ресурстық орталығы 2019 жылға республика деңгейіндегі форумдардан бастап көптеген іс-шаралар жоспарын бекіттік. Шаралардың көпшілігі, Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ұлттық салт-дәстүр, рухани құндылықтарды арттыруға бағытталған болмақ. Соның бірі – өзіміздің Маңғыстаудан бастап Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары жастарының басын біріктіретін Батыс аймақтық форумы. Жастар арасында  ұлттық спорт түрлерін дамыту қолға алынбақ. Қыздарға арнап қазақтың қолөнері бойынша шеберлік сабақтары өткізілмек. Республикаға белгілі тұлғалардың қатысуымен тренингтер сабақтар ұйымдастыруды да жоспарға қойып отырмыз. Ұлттық тарихты өскелең ұрпақ жадында жаңғыртып, тарихи сана қалыптастыру – мемлекеттік маңызы бар іс. Міне, осы мақсатта  жаз мезгілінде Қарағандыдағы «КАРЛАГ» лагеріне 50-ге жуық оқушы мен колледж студенттерін және жұмысшы жас мамандарын жұмылдырған экспедиция ұйымдастырмақпыз. Көршілес елдің жастары Ақтау қаласында облыстық жастар саясаты басқармасы өткізетін «Жастар достығы – 2019» халықаралық шарасында және спорт марафонында бас қоспақ. Сондай-ақ, аталған басқарманың ұйымдастыруымен бүкіл Қазақстанды аралауды жоспарлап отырған экспедиция жолға шықпақ. Одан бөлек, құқық бұзушылыққа бейім жастармен белсенді жұмыс істеу мақсатында биыл «Жас жалын» жобасын қолға алып отырмыз. Әкім жанындағы жастар кеңесінің де жұмысы жандандырылмақ. Жастарға кәсіби машық беру бағытында әртүрлі тұрмыстық техникаларды жөндеу жұмыстары бойынша тегін сабақтар беріледі. Спорттық ойындар лигасы басталады. Биылғы жылдың ерекшелігі, бұрын шаралардың көпшілігі бір реттік болса, биыл жүйелі түрде өткізілмек.

- Жаңаөзен жастарына ең бірінші керек нәрсе - жастар сарайы. Бұл біраздан бері әңгіме болып келе жатқан дүние. Жастар жылында осы мәселе шешімін таба ма?

- Иә, жастар сарайын салу көптен бері қозғалып жүрген өзекті жайттардың бірі. Ұсынымызды Маңғыстау облыстық жастар саясаты басқармасы мен Жаңаөзен қалалық әкімдігі қолдап, «Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілік көрсетеміз деп отыр. Бұйырса жақын арада жақсы жаңалықтар болады деген үміттеміз.

- Жастардың белсенділігі қалай? Орталыққа ұсыныс-талап айтып келушілер көп пе?

- Қазір жастар белсенді. Келетіндер де, әлеуметтік желі арқылы сұрақ қойып, тілек-пікір білдіретіндер де баршылық. Көбіне, қалаға мұз айдынын салу, қайырымдылық бағытында әлеуметтік дүкен ашу туралы пікірлер түсті. Ұсыныстан бөлек, қолдан келген көмегімізді көрсетейік деп келетін жастар да көп. Мысалы, жақында қаланың кәсіпкер жастары қайырымдылық фондын құрғысы келетіндерін, өндірістік мекеме жастары жол жиектерін, қала саябақтарын жөндеу, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге ниетті екендіктерін айта келді. Әрине, бұл біз үшін қуанарлық жағдай. Біз өз тарапымыздан мұндай жастарға әрдайым қолдау білдіреміз.

- Жастар ресурстық орталығы шыны керек, көбіне қала көлемінде ұйымдастырылатын шараларда массовканың рөлінде жүр. Биыл Елбасының өзі жастарға ерекше деңгей беріп отыр. Ендеше, осы үрдіс өзгере ме?

- Өте орынды айттыңыз. Бұл мәселе көптен айтылып келе жатыр. Жергілікті жастар орталықтарына тиісті деңгейде статус, мамандарымызға кез келген мекемемен, билік орындарымен тереземіз тең деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі керек. Осы жайттар биыл түбегейлі шешіліп, біздерге барлық жастардың талап-тілектерін кез келген жерде ашық қоюға жол ашылады деген сенім мол. Жоспар көп, атқарылар іс жетерлік.

- Әңгімеңізге рахмет! Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

Сұхбаттасқан Айжан НАСЫРОВА

1372
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам сұхбат жастар беті
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

"Өнер" Маңғыстаудың үздік мәдениет үйі атанды

Келесі жаңалық

Рухани жаңғыру науқандық шара болмауы тиіс

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

    [ 2020 ] 7 желтоқсан, 10:40
    1843

    Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

    [ 2019 ] 12 тамыз, 11:17
    2644

    Вефа Салман: "Әкім мен журналистің ұқсас тұстары көп"

    [ 2019 ] 26 шілде, 05:58
    2002

    Өжет те өткір тергеуші қыз

    [ 2019 ] 7 наурыз, 07:04
    2513

    "Жастар жылы" жаңаөзендіктер үшін несімен ерекшеленбек?

    [ 2019 ] 11 қаңтар, 10:53
    1373

    Ақтаулық жас маман Лондондағы Huawei компаниясына қалай шақырту алды

    [ 2020 ] 13 қаңтар, 09:44
    2442

    Рубрикалар

      КомплаенсБейнеуРедакция газеттеріӘлем жаңалықтарыМаңғыстауҚазақстан жаңалықтарыБайланыс мәліметтеріанонсЖастар бетіҚоғам

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2725

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2447

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2286

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2953

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2596

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2488

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»