• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 9 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    "Өнер" Маңғыстаудың үздік мәдениет үйі атанды

    [ 2019 ] 11 қаңтар, 10:39  |  Қоғам

    Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы, облыстық ғылыми әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығы өңірдегі мәдениет мекемелерінің жұмысын жандандыру мен дамыту мақсатында облыс көлемінде «Үздік мәдениет үйі» байқауын жариялаған болатын. Аталмыш байқауға қатысқан қаламыздағы «Өнер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны үздік деп танылып, жеңімпаз атанды.

    Байқау үш шарт бойынша жүзеге асты. Бірінші мәдениет үйі жайында толық ақпарат қамтылған портфолио әзірленіп, мәдениет үйінің директоры презентациялық жоба қорғайды, екінші модернизациялау жұмыстары бойынша «Болашақ мәдениет үйі» жобасы таныстырылады, үшінші «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламалары негізінде клуб жұмысына қатысты ерекше, тың жобалар тыңдалады.

    Бұл ретте байқаудың үш шарты бойынша «Өнер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Мұнайшы» мәдениет үйінің қызметі мен жасалып жатырған жұмыстар толыққанды қамтылды.

    «Мұнайшы» мәдениет үйінде 26 өнер ұжымы мен 36 үйірме жұмыс жасайды. «Халықтық» атағы бар 11 ұжым,  яғни «Гүлдәурен», «Аяла», «Шұғыла» би ансамблдері, «Асыл-Мұра», «Домбыра сазы» фольклорлық ансамбльдері мен «Мерей» вокалды аспапты ансамблі, «Керуен», «Ай-Ару», «Әжелер» ансамблі және «Алтын шаңырақ» драма ұжымы бар. Мәдениет үйінің өнерпаздары кез-келген деңгейдегі шараларға белсенді араласып, халықтың рухани және эстетикалық өсуіне қызмет етеді. Мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырып, концерттер, поэзия кештерін, кәсіби мерекелерді атап өту, мейрам күндеріне мерекелік іс-шаралар, ақындар айтысы, мүшайра, сурет салу, көркем сөз оқу, қолөнер, шығармашылық кештер, түрлі байқаулар т.б. өткізу тікелей міндеттері. Өткен жылы ауқымды шараларды Амал мерекесін тойлаудан бастап, жыл соңына дейінгі қаламыздың 50 жылдық мерейтойы аясындағы барлық шараларға белсене атсалысты. «Береке басы – бірлікте» аймақтық ақындар айтысы, «ART FASHION-2018» көрмесі, «Жаңаөзен кеше, бүгін» фотографтар байқауы, «Жаңаөзен – жастығымның куәсі» ретро фестивалі, «Әкем, анам және мен» отбасылар сайысы, «Елу жылда – ел жаңа» республикалық Жайдарман ойыны, қаламыздың 50 жылдық мерейтойына арналған гала-концерт те жергілікті өнерпаздардың, аталмыш мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.

    Ұйымның осы уақытқа дейін жеткен жетістігі, шыққан белесі мен алған асулары ауыз толтырып айтарлықтай. Мәдениет үйінің атына берілген марапаттардан бөлек, мамандардың, үйірме жетекшілерінің еңбегі бағаланып, бағындырған белестері үшін әртүрлі дәрежедегі сыйлықтар саны толассыз. Бұл ордада тәрбиленген шәкірттер де жүлделі орындардан көрініп, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары атанған.

    - Жаңаөзендіктер мен қаламызға келген қонақтардың мәдени демалысын ұйымдастырып, ұлттық салт-дәстүрімізді дамыту, халықтың рухани мәдениетін көтеру және жергілікті өнерлі азаматтардың шығармашылықпен айналысуына жағдай туғызып, көпшілік алдында ерекше қабілетін паш етуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ, қала деңгейіндегі кез-келген шараны ұйымдастырып, жоғары деңгейде өтуіне атсалысатын біздің ұжымның еңбегі орасан зор. Осы еңбегімізді облыс бойынша байқауда дәлелдеп шықтық. Алдағы уақытта, мәдениет үйінің қызметін дамыту мақсатында өнер, мәдениет галереясын жасау, ұлттық қолөнер үйірмелерін – ұмытылған шеберлерді дайындау, жастарға өсиет-өнеге беретін «Аталар клубын» құру, мәдениет үйі тұрғындар үшін демалыс және даму орталығы болуы үшін жағдай жасау және мәдениет үйін заман талабына сай жабдықтау қажет деп білемін, - дейді «Өнер» МКК директоры Дина Өтебаева.

    Облыс бойынша мәдениет саласында үздік танылған өнер ордасына шығармашылық табыс, ерекше ойлар мен тың жобалары көбейе берсін деймін. Өнерпаздарымыздың жетер жетістіктері көп болғай.

    Жанайым ЖАРЫЛҚАП

    2283
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам мәдениет
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Қарақияда мамандар жүктілікті қалай жоспарлау керектігін түсіндірді

    Келесі жаңалық

    "Жастар жылы" жаңаөзендіктер үшін несімен ерекшеленбек?

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Театрға барайық! Ақтауда облыстық музыкалық драма театрының жаңа маусымы ашылды

      15 тамыз, 10:34
      1372

      Ақтауда маңғыстаулық күйші Әлия Қарамұханның шығармашылық кеші өтті

      12 маусым, 17:28
      2632

      Ақтауда республикалық жас ақындар айтысы өтті

      31 мамыр, 09:43
      2692

      Бейнеуде «Ақжарма» фольклорлық ансамблі өнер кешін өткізді

      24 сәуір, 12:03
      3392

      Ақтауда Астаналық жас көрермен театры өнер көрсетеді

      24 сәуір, 10:15
      3349

      Бейнеуде «Келіндер көтерілісі» комедиясы сахналанды

      11 сәуір, 22:23
      3254

      Рубрикалар

        Қазақстан жаңалықтарыҚұқықТүпқарағанДенсаулықБейнеуЖаңалықтарБайланыс мәліметтеріАНТИКОРАшық қоғамРедакция туралы

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3020

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2768

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2605

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3082

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      2889

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      2826

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»