Ақтаудағы Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында Астана қаласы әкімдігінің музыкалық жас көрермен театры өнер көрсетеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Астаналық жас көрермен театрының бұл өнер сапары «Астанадан Маңғыстауға сәлем» деп аталады. Театр өнерпаздары осы сапары аясында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрында бірқатар қойылымдарын қояды.
Атап айтар болсақ, 7 мамыр күні сағат 15:00 және 19:00-де жазушы Дулат Исабековтің «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.
8 мамыр күні сағат 15:00 және 19:00-де орыс ақыны, драматург Александр Володиннің «Қоштасқым келмейді» музыкалық драмасы қойылады.
Айта кетейік, бұл қойылымдардың режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Өнертану PhD докторы, профессор Асхат Маемиров.