• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 11 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

"Әдеп кодексін сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті"...

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

    Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

    [ 2019 ] 12 тамыз, 11:17  |  Қоғам

    Облыста "Жастар жылы" аясында қандай жұмыстар атқарылды? Жастарды алаңдатып отырған мәселе не? Бәсекеге қабілетті азаматтарды дайындауда неге басымдық берген жөн? Шағын және орта бизнесті дамытуда жастардың үлесі көңіл көншітеді ме? Мемлекет тарапынан жалынды жастарға қандай қолдау бар? Осы және өзге де сауалдарға Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Тұяқов жауап берді.  - Бауыржан Орынбайұлы, биыл жастар үшін ерекше жыл. «Жастар жылы» аясында Маңғыстау өңірінде қандай жұмыстар атқарылуда және қандай негізгі бағыттарға басымдық берілуде? – Жалпы «Жастар жылын» Маңғыстау облысында жоғары деңгейде атап өту мақсатында атқарылатын іс-шаралардың жол картасы қабылданып, жүзеге асырылуда. Жол картасы арнайы кесте бойынша азаматтық қоғам, жастар ұйымдары, белсенді жастар, сарапшылар, депутаттар, жоғары және кәсіптік техникалық оқу орындарының жастарымен жұмыс істейтін комитеттерімен талқыланып, қабылданған болатын. Ең бастысы, «Жастар жылында» жастар мәселелерінің тиімді шешім табуына басымдық беріліп, олардың барлық бастамаларына тиісті қолдау көрсетілуде. Бұл ретте жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі басты назарда. Айталық, жыл басынан бері (1 шілдеге дейін) 4543 жас жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 2218 – тұрақты жұмыс орындарына, 1381 - қоғамдық жұмыстарға, 710 - жастар практикасы және 234 - әлеуметтік жұмыс орындарына. Қазіргі таңда жастардың да сұранысы жұмыс. Сондықтан жұмыспен қамту органдары мен қала, аудан әкімдіктерімен бірлесе бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай өз жалғасын табады. Сонымен қатар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 219 жас маман ауылдық жерлерге жұмысқа тартылып,  «Жасыл ел» жобасы бойынша 1228 жас маусымдық еңбекпен ауылдық елді-мекендерді абаттандыруға атсалысуда. Менің ойымша, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу мүмкіндіктерінің бірі – ол шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту. – Осы орайда өңір жастары кәсіп ашуға белсенді ме, оларды ынталандыру үшін қандай жобалар орындалып жатыр? – Қазіргі таңда 22 шілдеден бастап облыста өңірлік «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан «Жас кәсіпкер» жобасы жұмыс істеп жатыр. Мақсаты – жастар жұмыссыздығын азайту, 18-29 жас аралығындағы NEET санатындағы жастардың бойында жеке бизнесті ашуға қажетті машықтарды қалыптастыру арқылы олардың кәсіпкерлік әлеуетін дамыту. Жыл аяғына дейін 300-ден астам жұмыссыз кәсіпті бастаудың қыр-сырын меңгеретін болады. Сонымен қатар биыл облыста «Zhas Project» жобасы іске асырылуда. Жобаның басты мақсаты – аз қамтылған отбасынан шыққан және жұмыссыз жастардың әлеуметтік стартап жобаларын қаржыландыру. Аталған жоба жастарды жетекшілікке, бәсекелестікке қабілетті болуға, қаржыны ретімен жұмсауға үйретеді. Жастарға өз жобаларын ашып, дамытуына мүмкіндік береді. Қазіргі таңда қалалар мен аудандарда 301 әлеуметтік жоба іске асырылуда. Әрбір әлеуметтік жоба үшін бүкіл әлемдік банк тарапынан 1 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінген. Бұл – өңір жастары үшін үлкен инвестиция. Осы жобаларды іске асырған бүгінгі жастар – ертеңгі кәсіпкер. Сондықтан жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту жұмыстары екі бағытта бірдей атқарылып жатыр. Теория жүзінде Жас кәсіпкер» жобасы жастарды оқытып, кәсіпкерлікке баулыса, практикалық бағытта «Zhas Project» жобасы қатысушылардың әлеуметтік стартап  жобаларына қаржылай көмек береді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келесі 2020 жылды – «Еріктілер жылы» деп атау ұсынысын қолдағанын жақсы білеміз. Айтыңызшы, өңірде еріктілер қозғалысын дамытуда қандай жұмыстар жүргізілуде? – Бүгінгі таңда облыстық жастар ресурстық орталығы жанында «Еріктілер корпусы» жобасы бар. Бұл жоба жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілікті және азаматтық ұстанымды қалыптастыра отыра, өңіріміздегі еріктілер қозғалысын дамытуды көздейді. Бүгінде «Еріктілер корпусының» құрамында 200-ден аса жас бар. Соның ішінде шұғыл әлеуметтік көмек көрсету мақсатындағы 50 еріктіні құрайтын оперативті еріктілер тобы жасақталды. Еріктілер өңірде өтіп жатқан барлық ірі халықаралық және республикалық маңызы бар шараларға атсалысып, белсенділіктерін танытуда. Мамыр айында өткен Қазақстан-Ресей жастарының ынтымақтастық форумында сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Қ.Тоқаев маңғыстаулық ерікті жастардың қызметін жоғары бағалап, ерекше атап өткен болатын. Сонымен бірге «Еріктілер корпусы» жастарының бастамасымен маусым айында Түркістан облысы, Арыс қаласында болған төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесу мақсатында облыстағы барлық жастар ресурстық орталықтарында көмек қабылдау пункті ашылып, барлығы 6 тоннаға жуық гуманитарлық жүк жиналды. Кейін Арыс қаласына жеткізілді. Мен барлық ерікті жастарға абыройлы қызметтері үшін алғыс айтамын. Мені қуантатыны – ерікті жастар қатарының күннен-күнге көбеюі. – Қазір біздің алдымызда білімді, ұлттық құндылықтарды сақтаған, рухани дүниесі бай ұрпақ тәрбиелеу және әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру міндеті қойылып отыр. Осы ретте маңғыстаулық жастарды қазіргі заманғы талаптарға сай етіп тәрбиелеу қаншалықты маңызды? – Қазір бәсекеге қабілетті болу үшін адам алдымен білімді болу керек екені айтпаса да түсінікті. Ғалымдардың болжамы бойынша 2050 жылға қарай қазіргі мамандықтардың жартысын жасанды интеллект алмастырады. Сондықтан заманауи өзгерістерге бейім болып, жаңа білімдерді игеруге дайын болу керек. Себебі білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. Бұл – жаһандық тренд. Елбасымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасында табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін ерекше өткен болатын. Жастар арасында кітап оқу мәдениетін көтеру мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығымен «Jastar books» жобасы іске асырылуда. Бұл жоба кітап сүйгіш оқырмандар санын арттырып, оларды бір ортаға тоғыстырып, оқырмандар клубын құру және жастардың арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ал «Болашаққа сеніммен» жобасы аясында жастарға әлеуметтік жобалар жасақтау мен жеке өсу сабақтар мен тренингтер өткізіледі. Қазір осы жоба аясында өңірдегі кәсіптік техникалық оқу орындары студенттері оқытылуда. Ақтау қаласындағы жастар үйінде қазіргі заманғы коворкинг-орталығы ашылып, жұмыс істеуде. Коворкинг орталығы жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу мен қазіргі заманғы білім мен ақпарат алуға мүмкіндік беретін алаң. Коворкингте тегін интернет қондырылып, оқу зоналары мен шағын кітапханалар қызмет жасайды. Бұл жердегі басты мақсатымыз, ол – жастардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау. Осындай коворкинг орталығы күні кеше Маңғыстау ауданы Шетпе селосында жастар ресурстық орталығы жанында ашылды. Бұл ауыл жастары үшін үлкен мүмкіндік. Осы сәтті пайдаланып Маңғыстау ауданы әкімдігі мен Жастар ресурстық орталығы басшылығына ерекше алғысымды айтамын. Осындай орталықтар алдағы уақытта басқа аудандарда да ашылуы керек деп есептеймін. – Бауыржан Орынбайұлы, алтын уақытыңызды бөліп, өрелі сұхбат бергеніңіз үшін рақмет. Аймақта халықаралық жастар күні аталып өтіледі. Осы орайда жас оқырмандарға қандай тілегіңіз бар? – Барлық жас достарыма арман-мақсаттарының іске асып, Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеде кетігін тап та бар қалан», - деп айтқандай, өмір атты алып кемеде өз айдындарын тауып, еліміздің, ұлтымыздың маңдайына біткен, алтындай абыройлы азаматтары болуларына тілектестік білдіремін. Халықаралық жастар күні құтты болсын!

    Әңгімелескен Кенжебек СЕРЖАНҰЛЫ

    2710
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам сұхбат жастар беті маңғыстау жаңалықтары анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Бала бақыты - жанұя жарастығы мен отбасы татулығында

    Келесі жаңалық

    Ақтауда «Мектепке жол» акциясы басталды (ФОТО)

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

      [ 2019 ] 12 тамыз, 11:17
      2711

      Вефа Салман: "Әкім мен журналистің ұқсас тұстары көп"

      [ 2019 ] 26 шілде, 05:58
      2049

      Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

      [ 2020 ] 7 желтоқсан, 10:40
      1883

      Қазақстандық студент: "Мен Америкада қалай жұмыс істеп келдім?"

      [ 2018 ] 24 қыркүйек, 06:10
      1559

      Өжет те өткір тергеуші қыз

      [ 2019 ] 7 наурыз, 07:04
      2571

      "Жастар жылы" жаңаөзендіктер үшін несімен ерекшеленбек?

      [ 2019 ] 11 қаңтар, 10:53
      1414

      Рубрикалар

        ЭкономикаҚызық дерекӘлем жаңалықтарыҚоғамРедакция ұжымыЖаңалықтарБайқауТүпқараған

      Автордың басқа да жазбалары

      Сырлы сөздің сардары

      [ 2019 ] 31 қазан, 12:35
      1843

      Ырзығы мол Қызылсай

      [ 2019 ] 22 қазан, 06:33
      1642

      Қайраткерді еске алды...

      [ 2019 ] 8 қазан, 10:35
      1593

      Кәсіпкерлікке – кең өріс

      [ 2019 ] 3 қазан, 05:58
      1507

      Ақтауда «Мектепке жол» акциясы басталды (ФОТО)

      [ 2019 ] 12 тамыз, 11:31
      1706

      Маңғыстауда "Өз өлкеңді таны" экспедициясы өтті (күнделік - 2)

      [ 2019 ] 6 тамыз, 12:26
      18143

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»