• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Ырзығы мол Қызылсай

[ 2019 ] 22 қазан, 06:33  |  Қоғам

Ауыл мен мемлекет идеологиясының күретамыры деп бағалаған қазақ үшін ауыл – қашан да руханияттың темірқазығы, ұлттық құндылықтардың алтын бесігі, береке мен байлықтың, ырыс пен несібенің бастауы. Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ертеден-ақ ежелгі мекені – ауыл болғаны анық. Яғни ауыл – ұлтымыздың ұйытқысы. Елбасымыздың: «Біз кез келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауға тиіспіз», – деген сөзінің өзі ауылды қазақтың алтын бесігі екендігін айқындайды. Осыдан тура 60 жыл бұрын «Қызылсай» деген іргелі ауыл­дың атауы Қазақстан картасы­нан орын алды. Өзен жұртының қара­ шаңырағына айналған ауылдың іргесі өткен ғасырдың елу тоғызыншы жылдары қаланып, Маңғыстау даласына май іздеп келген барлаушылардың тұрағы болған. Бүгінде берекесі артып, түгел бір қалаға бергісіз елді мекенге айналған ескі Өзенге биыл 60 жыл толып отыр. Дәл осы қарашаңырақта терең білім, ту­ма талант, ауылдың ауасымен сусындаған, ел басқарған азаматтарымыз дүниеге кел­ген. Маңғыстау мұнайын өндірушілердің алғашқы қонысы, қасиетті қарашаңырағы деп аталып келген – Қызылсай бүгінде талай перзенттің кіндігінің қаны тамған туған түтін, талай түлектің қияға қанат қағарда қимай аттанған алтын ордасы. 1958-­59 жылдары аңызақ иен далада 20 шақты жанұя жертөлелерді қоныс қылып, мұнай өндірісінің алғашқы қарлығаштары ретінде жаңа елді мекенді өмірге әкелген болатын. Бүгінде 5500-­дей тұрғынға құтты мекен болған Қызылсай ауылы – кешегі ел ырзығын абыроймен жиған аға­-әкелер­дің, апа-­аналардың маңдай терінің, ерен еңбегінің өлшемі десек артық емес-­ті. 1961 жыл Қызылсай (Өзен кенті) ауы­лына келіп орналасқан. Өзен геологиялық­ барлау экспедициясының барлау­-бұрғылау жұмыстары бір сәтте толастамастан қызу қарқынмен жүріп жатқан кез еді. Осы жылы алдымен Ғазиз Әбдіразақовтың бригада­сы қазған №18 бұрғылаудан газ бұрқағы атқылап, одан кейін М.Кулебянкиннің бри­гадасы қазған №1 ұңғымадан мұнай бұр­қағы атқылаған кезден кейін Маңғыстау–Өзен кен орнының атағы айдай әлемге тарады. Міне, осы тарихи сәттерден ке­йін Кеңес Одағының түкпір-­түкпірінен мұнайлы өңірлерде еңбек етіп ысылған кәсіби мұнайшылар Маңғыстауға, Өзен кен орнын игеруге келе бастайды. Келу­шілердің көш басында түрікмен елінің мұнайлы Небит­тау, Вышка, Құмтау, Қотыр төбе аймақ­тарында мұнайшы бо­лып ысылған бұрғы­шылар мен геологтар т.б. мамандық иелері Қызылсай елді мекені­не келіп қоныстанды. Мамандығы жоқтарын 3 айлық қысқа мерзімді бұрғышы дайындайтын оқу комбинатына ор­наласқан Доссорға жі­беріп, мамандар легін молайтады. Сол жылдың шілде айында Жеті­бай алаңынан алғашқы мұнай фонтаны атқылады. Кеңес үкіметінің асығы алшы­сынан түсіп, Маңғыстау аймағын кеңес картасына ойып жазып қойды. Бұл тарихи сәттер Маңғыстау өңіріне, соның ішінде Өзен кен орнына жан­-жақтан мамандардың көптеп келуінің бастауы бола білді. Өзен кен орнын игеру бүкілодақтық сипатқа ие болды. Ресейдің Түмен, Сүргүт, Татар мен Башқұртстаннан, Грозный, Баку, Махач­ кала аймақтарынан жұмысшылар көптеп келе бастады. 1964 жылы Қызылсайда тұрғын үй­-коммуналдық шаруашылығы құрылды. Коммуналдық жүйенің қызметі Қызылсай ауылының тұрғындарын және жекелеген нысандарын (мектеп, балабақша, аурухана, жаңа құрылыстағы тұрғын үйлерге) жы­лумен, ауыз сумен, электр жабдықтарымен қамтамасыз етті. 1965 жылы шөл далаға тіршілік нәрін беріп, маңғыстаулықтардың мейірін қанды­рып, ауыз суға зәру аймақта «Сауысқан» су көзі ашылды. Ауыл шаруашылығының негізгі көзі – мал бағып, егін егуге де мүмкін­дік беріп отырған осы Сауысқанның суы. Ұзақбай жырау Қазжанұлы атындағы мәдениет үйінде бастау алған салтанатты жиында облыс әкімі Серікбай Трұмов: – Майлы қиян – Маңғыстаудың теңіз қолтығына етене ене орналасқан ерекше тұсы Жаңаөзеннің қала болып қалыпта­суының бастауы – Қызылсай ауылының құрылғанына биыл 60 жыл толып отыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей ауылды көркейту бір ғана ынтамен шешілмейді, осы салада жұмыс істейтін әрбір адамнан ғылым жетістіктерін, оны өндірісте пай­далану тәжірибесін игеруді талап етеді. «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» де­ген халық нақылы қалтқысыз. Бүгінде Қазақстан халқының 43 пайы­зы ауылдық жерлерде тұрады. Олардың ішіндегі жартысына жуығы – жастар. Осы орайда мемлекет беріп отырған оңтайлы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ауыл жастары заманға сай озық білім алып, жи­нақтаған мол тәжірибелерін егемен елі­міздің іргесін мықтауға, экономикамызға серпін беру ісін жандандыра түсуіміз қажет. Сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекенді бүгінгі атаулы мерекесімен тағы да құттықтаймын. Ауылдың құт­берекесі, ырысы мен бір­лігі арта берсін! Әрқайсыңыздың отбасы­ларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Қызылсай ауылының ажары артып, қазаны қайнай бергей! – деді құттықтау сөзінде. Салтанатты құттықтаудан кейін облыс­тың әлеуметтік­-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматқа Маң­ғыстау облысы әкімінің алғыс хаты табыс­ талса, ауылдың дамуына үлес қосқан арда­гер ағаларды Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров «Қызылсай ауылының 60 жылдық» мерекелік төсбелгісімен мара­паттады. Жиын барысында кеудесі медаль­-ор­денге толы, көкірегінен батырлықтың исі аңқып тұрған, кешегі Досан батырдың ті­келей ұрпағы, Қызылсай ауылының тұр­ғыны, Ауған соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз» және 3­-дәрежелі «Айбын» ор­дендерінің иегері Оразалы Әділов ағамызға жолығып қалып, аз-­кем сұхбат алған едік. - Оразалы аға, 60 жылдық мерейтой құтты болсын, көңіл күй қалай? - Айналайындарым, көңіл күй өте жоға­ры. Бүгін, міне, туған жеріміз, қонысымыз Қызылсай ауылының 60 жылдық мере­кесін барша қауым болып тойлап жатыр­мыз. Елдің елдігін, ұлттың ұлылығын сақтаған кешегі есіл ерлердің ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жеткен тәуелсіздік туы астында бейбіт, тату­-тәтті ғұмыр кешіп келеміз. Аллаға шүкір. Кеше­гі құрыш білекті, бүгінгі ардақты ардагер аға­апаларымыздың кен барлау барысында қоныс еткен мұнайлы ауыл – Қызылсайға 60 жыл толып отыр. Ата­-бабамыз осындай еңселі ауылды бізге тарту еткен бақытты ұрпақпыз. Баршаңызға шын жүректен зор ризашылық сезімімізді білдіре отырып, денсаулық, бақ­-береке тілеймін!» – деді ақ жарма тілегімен бөліскен ардагер батыр ағамыз. Осылайша алпыс жылдық тарихы бар қазыналы түбектің қақ төрінен орын алған, бір кезде құлан жортпас құба дөң атанған, бұл күнде қазыналы түбектің мұ­найшыларының қарашаңырағы деп құр­метпен аталынатын Қызылсай ауылының ел болуының үрдісі мен ерен еңбектің үлгісін көрсету кезеңдеріндегі өткені мен бүгінгісін ұштастырар сыры – осы.

Кенжебек СЕРЖАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ

[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="86537,86536,86535,86534,86538,86533"]
1585
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

«Nur Otan» партиясы МОФ-да электр энергиясы тарифінің өсу динамикасы талқыланды

Келесі жаңалық

Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы жаңа Бас консулы журналистермен танысты

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

    [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
    2630

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    2611

    Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

    [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
    5768

    Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

    [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
    4614

    Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

    [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
    3280

    Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

    [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
    3022

    Рубрикалар

      Қазақстан жаңалықтарыанонсҚоғамМұнайлыРедакция ұжымыЖарнамаХабарландыруКомплаенсСұхбатАшық қоғам

    Автордың басқа да жазбалары

    Сырлы сөздің сардары

    [ 2019 ] 31 қазан, 12:35
    1792

    Қайраткерді еске алды...

    [ 2019 ] 8 қазан, 10:35
    1549

    Кәсіпкерлікке – кең өріс

    [ 2019 ] 3 қазан, 05:58
    1461

    Ақтауда «Мектепке жол» акциясы басталды (ФОТО)

    [ 2019 ] 12 тамыз, 11:31
    1658

    Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

    [ 2019 ] 12 тамыз, 11:17
    2644

    Маңғыстауда "Өз өлкеңді таны" экспедициясы өтті (күнделік - 2)

    [ 2019 ] 6 тамыз, 12:26
    18087

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»