• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Сырлы сөздің сардары

[ 2019 ] 31 қазан, 12:35  |  Қоғам

Таяуда Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен, «Маңғыстау» телеарнасында ақын-сазгерлердің ән-жырларын насихаттау мақсатында, «Сөз бен саз» бағдарламасының 29-концерті – Қазақстан мәдениет саласының үздігі, әнші, сазгер, қоғам қайраткері Данияр Аралбайұлының 70 жылдығына арналған «Сырымды әнмен айтамын...» атты шығармашылық кеші өтті. Алдымен кеш шымылдығын түр­ген облыс әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев   аймақ бас­шысы атынан кеш иесіне құттықтау хатын оқып беріп, сый­-құрмет көрсетті. «Сіздің есіміңіз аға буынмен қатар, жастарымызға да етене таныс. Саф өнер ғана – өміршең, өмірлік ұстанымы тұғырлы азамат қана – қайраткер. Сонау 60–70 жыл­дары біздің буын шырқаған әндеріңізді бүгінгі ұрпақтың орындауы, «Парасаттан» басталған саясат майданында көтерген туыңызды әлі күнге биік ұстауыңыз – өнеріңіздің шынайылығын айғақтайды. Білім мен мәдениет саласындағы кісі қызығар жетістіктеріңіз, ұлт болашағы: тіл мен жер мәселесіндегі принципшілдігіңіз де азаматтық болмысыңызды таныта түседі. Отпан тауда елді бірлікке бастап, ата­-ба­ба тарихын қаузап тарихи жолсапарларға шығуыңыз құптарлық. Мақтан тұта сөз қылар бір жетістігіңіз – отбасыңыз деп білемін. Атасының әніне сәби шағынан ұйыған жиеніңіз Луиза – тәуелсіз Қазақ­станның мәдениетін шетелге танытқан талантты әнші. Қашан да ән­-жырыңыз шалқып, тыңдармандарыңыздың құмары тарқамасын», – делінген құттықтауда. Сахна төріне Данияр Аралбайұлының үзеңгілес аға-­іні достары, Қазақстанның құрметті журналисі, Ақтау қаласының құрметті азаматы Мейрамбай Қибасов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Сабыр Адай көтеріліп, «Сырымды әнмен айтамын» атты кітаптың салтанат­ты түрде тұсауын кесіп, залдағы көрермен қауымға кеш иесі хақында өз ойларымен бөлісті. https://www.youtube.com/watch?v=CwyKMGLu8ac&list=PLGSGM9pf1rYmfVhHHraeHDM2aC_oYll6k Данияр Аралбайұлы – Маңғыстау об­лыстық және Жаңаөзен вокальды­-аспапты жастар ансамблін ұйымдастырушылар­дың бірі. Ол 1970–1990 жылдары өлкедегі көркем өнер эстрада жанрының, мәдени ошақтар жұмысының дамуына үлкен үлесін қосты. Ол – өлеңге ән шығарып, оны әдемі орындаушы ғана емес, өзі шығарған әнге сөз жазушы Қазақстандағы тұңғыш бард­-ақындардың бірі. Оның «Соқ, барабан», «Ғашық едім қайтейін», «Анашым», «Қаракөз», «Дидарлы кез­дерде», «Жүрек назы», «Туған жер ту­ралы ән» т.б лирикалық әндері кезінде Қазақстан және көршілес республикаларда тез тарап, белгілі әншілер мен эстрадалық ансамбльдердің репертуарында болды. Ол – жүзге тарта әндер мен өлеңдердің авторы. Бірнеше әні республикалық және облыстық радионың алтын қорында сақтаулы. 1990 жыл­дан бері Қазақ радиосының «Шалқар» бағдарламасының «Маңғыстау саздары» деген музыкалық хабар топтама­сынан «Даниярдың әндері» атты айдармен оның әндерін тұрақты беріп келеді. 2001-­2002 жылдары Алма­ты қаласындағы Республика сарайында болған «Тамаша» ойын­-сауық концертінде «Соқ, барабан» (1975), «Қаракөз» (1983) әндері елімізге таны­мал өнер жұлдыздарының репертуарында орындалды. Кеште өнер иесінің әндері және өзі сөзін жазған «Туған елім», «Аруым–Ақтауым», «Мәңгілік алау», «Соқ, барабан!», «Ана­шым», «Қараймын саған», «Махаббат, өмір және өзің», «Сен», «Мен келдім жиырма беске», «Жүрек назы», «Көктем жыры», «Ғашық едім қайтейін», «Қоштасу әні», «Кездестім неге өзіңмен?», «Сен кімсің?», «Қаракөз», «Дидарлы кездерде» сынды жүректі тербетер патриоттық және лири­калық әндерін елге белгілі өнерпаздар Н.Оспанова, Ж.Кеңесов, Ж.Көшкінов, А.Көшеров,     А.Құрманов, А.Байгелова, Б.Аязбаев, С.Масжанов, Ж.Өмірзақов, Ә.Баймағамбетов және «L­Line», «Дастан», «Керуен» топтары орындады. Данияр Аралбайұлы – әнші­-саз­герлігімен қатар өлкенің әлеу­меттік-­экономикалық дамуы­на белсене араласып, қомақты үлес қосқан қоғам қайраткері. 1989 жылы өлке­де құрылған тұңғыш «Парасат» қозғалы­сының қатарында ұлт, тіл, дін, діл ұғымы төңірегінде ұлт қайраткері Сайын Нәдір­ұлы Шапағатовтың жанында шыр-­пыр боп, болашақ жеткіншектер үшін кірпік ілмей ұлтжандылығын көрсетсе керек. Қоғамдық істерде біте қайнаса бір­ге қызмет еткен аға­-досы, ұстазы Сайын Нәдірұлының рухына арналған «Ән ай­тайын, халқым, саған» деген әнін өзі орын­дап, жиналған көрермендердің құрметі мен қошеметіне бөленді. Ақтөбе қаласынан кешке арнайы кел­ген «Невада­-Семей» антиядролық қозға­лысының Батыс аймақтық филиа­лының басшысы Ізімғали Көбенов, «Сегіз Арыс» қоғамдық ұйымының атынан, облыстың құрметті азаматы Даржок Сейбағытов, мәдениет майтал­маны Нұрнияз Мұханов, өнердегі және мәдениет саласындағы әріптес інісі, ай­тыскер ақын Нұрлан Мұсаев, аудан, қала және ауыл әкімдіктерінен келген өкілдер Данияр ағаның азаматтық тұлғасына, шығармашылық еңбектеріне лайықты бағасын беріп, сый­сияпаттарын табыста­ды. «Сөз бен саз» бағдарламасының 29-­кон­церті ретінде өткен кештің тізгінін ұстау­шы, автор әрі ұйымдастырушы – Бердіхан Әлмен. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Сабыр Адай «Сырымды әнмен ай­тамын» атты ән­-жыр жинақта Данияр Аралбайұлы хақында: – Данияр Аралбайұлының көңіл сарайы – жағымды саздың мекені. Оның махаббат лирикасы – осы өміршең жаратылыстың, тіршілікке, жарық күн мен сырғалы ай, моншақты жұлдыз, тылсым күнге, ғаламға, адамға деген ғашықтықтығының айғағы. Кіршіксіз жүректердің күш-­қуат көзі – сол нәзік те сұлу махаббат пен сүйіспеншілікте, адалдықта!.. Жаны жайсаң, жүрегі таза аза­маттар ғана қашанда қоғамның белсенді мүшесі және ұлттың жанашыры болып қа­ла бермек, – дегендей біз де Данияр ағамыз­ға сондай пікірді ұстанамыз.

Кенжебек СЕРЖАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="86908,86910,86909,86912,86919,86914,86915,86911,86917,86918"]
1791
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам мәдениет маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулының салтанатты қабылдауы

Келесі жаңалық

Cенекте жаңа балабақша ашылды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

    [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
    3280

    Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

    [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
    3022

    Театрға барайық! Ақтауда облыстық музыкалық драма театрының жаңа маусымы ашылды

    15 тамыз, 10:34
    711

    Ақтауда республикалық жас ақындар айтысы өтті

    31 мамыр, 09:43
    2019

    Маңғыстауда «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті фестивалі өткізіледі

    7 наурыз, 08:47
    3360

    Маңғыстаулықтар «1001» күй жобасына қатысып, домбыра аспабын тегін үйрене алады

    26 қаңтар, 11:14
    3490

    Рубрикалар

      ХабарландыруЖастар бетіБіле жүріңізҚазақстан жаңалықтарыРедакция туралыанонсФотоМұнайлы

    Автордың басқа да жазбалары

    Ырзығы мол Қызылсай

    [ 2019 ] 22 қазан, 06:33
    1585

    Қайраткерді еске алды...

    [ 2019 ] 8 қазан, 10:35
    1549

    Кәсіпкерлікке – кең өріс

    [ 2019 ] 3 қазан, 05:58
    1460

    Ақтауда «Мектепке жол» акциясы басталды (ФОТО)

    [ 2019 ] 12 тамыз, 11:31
    1657

    Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

    [ 2019 ] 12 тамыз, 11:17
    2644

    Маңғыстауда "Өз өлкеңді таны" экспедициясы өтті (күнделік - 2)

    [ 2019 ] 6 тамыз, 12:26
    18087

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»