• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 479.38 ₸
  • EUR: 531.63 ₸
  • RUB: 5.27 ₸

Маңғыстауда "Өз өлкеңді таны" экспедициясы өтті (күнделік - 2)

[ 2019 ] 6 тамыз, 12:26  |  Мәдениет

Жас мұнайшылардың кезекті сапары Кенті баба бейіті. Ол өлкедегі ескі бейіттердің бірі саналады. Маңғыстаудың солүстігінде Сұлтан Епе жерасты мешітінен екі шақырым жерде орналасқан. Бейітте ежелгі заманда (X – XVI ғ.) жерленген 120-дан астам адамның зираты бар делінеді. Ерекше тастармен қоршалған дала мешітінің құбылаға қарайтын тұсында зиярат ететін орны бар. Алыстан көз сала қараған жанға ескі зират аумағында үш мавзолей ерекше көзге түседі. Кенті баба бейітіне құран бағышталып болған соң, экспедиция мүшелері су апатынан сақтаушы делінетін Сұлтан Епеге беттеді. Келген тұста дидарлы жүзбен қарсы алған шырақшы баба тарихына қысқаша шолу жасады. Халық жадында сақталған аңызға сүйенсек, Сұлтан Епе кезінде Маңғыстауға келген Қожа Ахмет Иасауидің шәкірттерінің бірі ретінде аталады.Тарихи деректерде шамамен 12 – 13 ғасырларда өмір сүрген Құл Сүлейменнің (Хәкім атаның) баласы делінеді. Оның есімі ел ішінде «Баһрғани» жазбасының иесі және су апатынан сақтаушы ретінде белгілі. Сұлтан Епе мешітінен кейін экспедиция маршруты Ақмышқа да келіп жетті. Ақмыш саяхатшылардың демалыс аймағына айналған Қаратаудың солтүстігіндегі бұлағы бар жер. Тарихта Ақмышта 1920 ж. уездік қаржы бөлімінің бастығы Хажы (Қажы) Оңғалбаевтың басшылығымен балалар үйі ашылған. Кейіннен ол Қаңға бетке көшірілген. Экпедицияның соңғы қорытынды жері Шерқала тауы мен Қызылқала қалашығы болды. Шерқала мен Қызылқаланы таныстырып жату мүмкін емес. Тарихы сонау ежелгі дәуірден жалғасып келе жатырған қасиетті орын. Жиналған жас маман мұнайшылар естелік фотошежіреге түсіп, мәре-сәре боп, жақсы көңіл күймен қимай-қимай бір-бірімен қоштасып тарасты. Өлке мұнайының игерілуіне жас та болса өз үлестерін қосып жатқан бір топ мұнайшы мамандар экспедиция барысында аз-кем сұхбат беріп, өз әсерлерімен бөліскен болатын. Марсбек ИМАНОВ, «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС қызметкері, жас мамандар кеңесінің төрағасы: - Қазақ мұнайының 120 жылдығы мен Қаламқас кенорнының 40 жылдығы және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жанынан құралған жас мамандар кеңесінің 5 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. 2 күндік саяхаттау сапарымызда «Өз өлкеңді таны» атты ММГ АҚ басшылығы мен жалынды жастары бірлесе ұйымдастырған шарасы керемет жоғары деңгейде өткеніне ешкімнің күмәні жоқ шығар. Барлығы да рухани сусынданып, табиғат ананың әдемілігіне көздері тоймай, ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен мұрасы мен жәдігерлерін көріп таң қалып, тамсануының өзі барлық жастарға бір ғанибет болды. Саяхатымыз Саура шатқалынан немесе Тасбақалы көлшігінен басталып, әсерлі көріністеріне ерекше қызығушылық танытып, одан әрмен қарай Қапамсай шатқалының әсем көріністерін көріп, таңдай қақтырарлық тік құлама құздарына көзіміз тоймай тәнті болдық. Одан әрі Шақпақ ата жерасты мешітіне барып, тарихымен танысып, зияраттап, түнеуге мүмкіншілік алдық. Келесі күні таң атысымен Кенті баба әулиелігіне жол түсіп, рухтарына құран бағыштап, әрі қарай теңізшілердің жебеушісі Сұлтан епе қорымына беттеп, екі түрлі бұлағының суын сусынданып, әріптестеріміздің бір қатары балшығына батып, қасиетті бұлағына  ғұсылданған болатын. Сөйтіп соңғы нүктеміз үш бірдей қасиетті де көрнекті, тарихқа мол Ақмыш демалыс кешеніне тоқталып, Шерқала, Қызылқала тарихи қалашығына саяхаттап, құмыра сынықтарын, құйған қызыл кірпіштерін көзбен көріп, қолмен ұстап, бұрынғы бабалардың шеберлігіне қайран қалдық. Өз өлкеміздің әсем де тарихи орындарына саяхат жасап, тереңірек танысуға мүмкіндік сыйлаған ММГ АҚ басшылығына және әріптестеріме, аға-апаларымызға үлкен рақметімізді айтамыз.  Ерболат ЕЩАНОВ, ММГ АҚ «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ жас мамандар кеңесінің төрағасы: -  Қазақ мұнайы мен Қаламқас кенорнының мерейтойлары аясындағы екі күнге толы экспедициядан көп жылға танитындай мағлұматтар алдық десек артық айтқандық болмас. Осы жерге келіп, саяхаттап, терең тарихымыздан хабардар болып жатқан әріптестеріміздің араларында бұл тарихи орындарда болып көрмегендері де баршылық. Маңғыстау өлкесінің тарихы сонау ықылым замандардан бастау алатынын өздеріңіз жақсы білесіздер. Маңғыстауды өз көзіңмен аралап көрсең, аспан астындағы мұражай екенін анық сезесің. Осы тұрғыда өлке тарихымен танысып, ерекше рухани ләззат алып, демалып қайтқанға не жетсін. Тарихи мұраларымызды кейінгі буын ұрпаққа қаз-қалпында жеткізу үшін біз осындай тарихи орындарды көп аралап, мүмкіндігіміз келгенше танып білуіміз шарт. Асылбек БИСАТОВ, «Қаражанбасмұнайгаз» жас мамандар кеңесінің төрағасы: - Біздер жас мамандар бұл экспедициядан өте керемет әсер алдық. Туған өлкеміздің таңғажайып табиғаты мен ежелгі тарихы хақында күнделікті теледидар, ғаламтор, газет-журналдардан көріп-оқыған бір бөлек те, ал осы сапар аясында ұстап сезіп, шаңын жұтып, күніне күйіп, жаңбырының астында жүріп сезінген бір бөлек екен. Құдай Тағала да осы сапарымызда аспаннан сіркіреген ақ нөсерлі нұрын жауып, керемет естен кетпес әсерлі күндер болды. Осы өлкеде туып өссем де Саура, Қапамсай, Шақпақ Ата, Кенті Баба, Сұлтан епе, Шерқала, Қызылқала сынды тарихи жерлеріне алғаш сапар шегіп, аяқ басуым екен. Бір сөзбен айтып жеткізбес, өте керемет, бөлек әсер алып жатырмын. Бұрынғының көнекөздері айтпақшы, «көз тіріңде Маңғыстауды көріп қал» дейтін қанатты сөздері осындайда есіңе түседі. Ұйымдастырушы әріптестерімізге, басшылығына алғысымыз шексіз. Мереке құтты болсын!

Кенжебек СЕРЖАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="83832,83830,83829,83827,83826,83825,83824,83823,83822,83833,83820,83819"]
18086
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
мәдениет маңғыстау жаңалықтары анонс рухани жаңғыру
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Маңғыстауда «Өз өлкеңді таны» экспедициясы өтті (күнделік - 1)

Келесі жаңалық

Маңғыстауда «Сисем – елдің есігі, ердің бесігі» атты жалпыхалықтық ас беріледі

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Маңғыстауда «Өз өлкеңді таны» экспедициясы өтті (күнделік - 1)

    [ 2019 ] 6 тамыз, 12:04
    17927

    Маңғыстауда «Сисем – елдің есігі, ердің бесігі» атты жалпыхалықтық ас беріледі

    [ 2019 ] 9 қыркүйек, 13:14
    18245

    Маңғыстауда "Өз өлкеңді таны" экспедициясы өтті (күнделік - 2)

    [ 2019 ] 6 тамыз, 12:26
    18087

    Маңғыстаулық студенттер киіз үй тігуден жарысты (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2019 ] 24 сәуір, 13:12
    2168

    Ақиқаттан – аңызға, аңыздан – сахнаға жол тартқан «Ант»

    [ 2018 ] 2 қазан, 10:28
    1427

    Теңге ауылындағы Наурыз той

    [ 2018 ] 22 наурыз, 19:57
    1675

    Рубрикалар

      Рухани жаңғыруҚазақстан жаңалықтарыАнықтама бюросыЖаңалықтарЭкономикаӘлем жаңалықтарыЖастар беті

    Автордың басқа да жазбалары

    Сырлы сөздің сардары

    [ 2019 ] 31 қазан, 12:35
    1791

    Ырзығы мол Қызылсай

    [ 2019 ] 22 қазан, 06:33
    1585

    Қайраткерді еске алды...

    [ 2019 ] 8 қазан, 10:35
    1548

    Кәсіпкерлікке – кең өріс

    [ 2019 ] 3 қазан, 05:58
    1460

    Ақтауда «Мектепке жол» акциясы басталды (ФОТО)

    [ 2019 ] 12 тамыз, 11:31
    1657

    Бауыржан Тұяқов: «Басты мақсат – жастарды шыңдау»

    [ 2019 ] 12 тамыз, 11:17
    2644

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»