• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 6 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Ақиқаттан – аңызға, аңыздан – сахнаға жол тартқан «Ант»

    [ 2018 ] 2 қазан, 10:28  |  Мәдениет

    Спектакль басталмас бұрын Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының бас режиссері және көркемдік жетекшісі Гүлсина Мерғалиеваға жолығып, жаңа маусымның алдында бір ауыз лебізін тыңдағанбыз.

    Бас режиссер бізге:

    – Бүгін біз театрдың 16-маусымын ашқалы отырмыз. 15 жыл бойы классиканы, қазақ жазушыларын және жергілікті жазушылар шығармаларын насихаттап көптеген спектакльдерді қойып келдік. «Ант» – көрермендердің бәрі жақсы білетін Қараман атадағы оқиғаға байланысты спектакль. Біз соны тұңғыш рет сахналадық. Бұрын театр маусымы «Ақбөбек» драмасымен ашылатын, енді «Ант» спектаклімен ашқалы отырмыз.

    Жаңа маусым репер­туарындағы жаңалық­тарға  тоқталатын  бол­сақ, жаңа жылдан соң, антикалық шығарма «Медеяны» қолға аламыз ба деп отырмыз. Сонымен қатар қазақ драматургтерін де ұмыт­паймыз. Қазан айында көрермен­ дерге қазақтың белгілі драматургі Иранғайыптың «Диоген» спектаклін тамашалау мүмкіндігі туып қалуы мүмкін.

    Ал жаңа жылдан соң, Авксентий Цагарелидің «Ханума» классикалық оперетталық мюзиклін даярламақ жоспарымыз бар, бірақ біз оны өз көрермендеріміздің талғамына сай лайықтап қоятын боламыз, – деді.

    Ел аузымен аңыз болып тарап, көпке жайылған оқиға болғанмен оны театр сахнасына лайықтап, спектакль етіп ұсыну оңай шаруа еместігін мойындап қойғанбыз. Көрген соң да сол ойымыздан алшақ кете қоймадық. Театрға бармаған оқырманға түсінікті болу үшін спектакль желісін жүйелеп айтып өткеніміз артық болмас.

    Драма асқа қатысқан Қожана­ зардың аты бәйгеге тігілген бай­рақтан шет қалып, адайлардың қапалы күй кешу сәтінен басталады. Алысқа шабатын адай жүйріктерінің қысқа айналымда тынысы ашыла қоймағанын түсінген Қожаназар қасындағыларға келесі жолы атты алысқа айдау туралы ақыл беріп: «Сендер де той қылың. Аламан бәйге сүт пісірім емес, ет пісірімнен кем болмасын!» – дейді.

    Бірақ оқиға солай басталғанмен не­гізгі тақырып әлі басталған жоқ. Бұны сезіп отырған көрерменнің көз ал­дында кенеттен «Ақтолғайға» салып шыға келген бір топ бойжеткеннің ішінен ерекше сұлу қызға тойдан қайтқан Қожаназар байдың көзі түсіп, негізгі оқиға бас кейіпкердің: «Мына қыз пері ме, әлде періштенің өзі ме?» деп назар аударуынан өрбиді.

    Тартыс тудырған эпизодтың желісі әрі қарай, оған шамданып қалған қыз шалдың сақалын қошқардың күйегіне теңеп, өзін құтырынған кәрі текеге теңеуімен шиеленісе түседі.

    Әрине, бірі сұлулығына сай ер­кетотай болса, бірі байлығына сай тәкаппар да өжет. Өзін шалсынған жас сұлудың сүйегіне жеткен сөзі оған: «Мына мен қалған ғұмырымда сені тоқалдыққа алып, төсімді сипат­пасам төбеме Тәңір ойнасын!» деген сөзді айтқызады.

    Алты ағасының барлығын ай­тып, шалға құқай көрсетпек болған тентек қызға: «Алты ағаң түгіл, алпыс атаңнан сескенбедім» де­ген сөздерінен көрермен байдың өз заманының нағыз феодалы екенін ұғады.

    Қожаназар өзінің шектен тыс байлығы мен билігінің, үлкен беде­лінің – былай айтқанда қоғамдағы орнының зорлығын: «Ақ Шолпан атты жас тоқал менің балтырымды сипап отыратын болады, мен соған аталар атымен ант берем!» деген өктем кесімімен көрсетіп, өз жоспа­рын көпке жариялайды.

    Қожаназардың баласы Есберді­нің: «Менің әкем сөзін жерге тастап көрген жоқ. Сен енді менің шешем боласың, ал мен сенің балаң болам» деген сөзі онсыз да шегіне жетіп тұрған егесті онан сайын ушықтыра түседі.

    Аузынан жазып, қарт Қожана­зардың намысын қоздырған ару­дың шарасыз қалпын осы арада ойнап тұратын мұңлы музыка, Ақшолпанның шошынып, сілейіп тұрып қалуы – оқиғаның шарықтау шегіне жеткенін көрсететін мылқау сцена арқылы толық ашып берген деуге болады.

    Қай кезде де болып жатқан оқи­ғаға өз ортасының көзқарасы өте маңызды. Бұл оқиғаны айналасы пыш-­пыштап әңгімелегенмен, нақты пікір айтқан жан болмайды. Себебі бұл – аяқ астынан туындаған шешімі күрделі, қиын оқиға. Оған көлденең жан араласып опа таппайды, бірақ ащы тілінен басына сор тілеп алған тентек қыздың шешесі ғана үнсіз қала алмай, қызын шалға қимайтынын көз жасымен ашық білдіреді.

    Бұдан әрі сөзін жерге тастамай­тын Қожаназардың кесімі бірден іске асып, қыз жағы өз биін болажақ дауға даярлай бастайды. Олар Қожаназар жағын құдалықтан қашырту үшін: «Қыз сұраймыз ба, жер сұраймыз ба, мал сұраймыз ба?» деген сұрақтың шешімін таба алмай қиналғанда бірі: «Қыз сұрасаң – бере салады, жер сұрағаның – жаулыққа шақырғаның, жеті қыздың қалыңын сұра!» деп кеңес береді.

    Келесі бір көріністе даудың түйінін тарқату үшін билер жиналып, алқа құрады. Екі жақ кезек­кезек айты­сып, ортақ мәмілеге келудің жолын іздестіреді. Төбе бидің сұрағы: «Ата­ баба ғұрпына қайшы емес пе?». Қыз жағынан  қатысқан  Сұлтанғали би: «Мәсбатыр бай мен Қожаназар – о дүниеде күнә мен иманды бөлісе­тін ақыреттік достар. Сондықтан досының қызын алу шариғатқа қай­шы», – деп әлі де қашыртуға амал жасап көреді. Қашыртуға басты се­беп – бай мен қыздың арасындағы қырық жастың үстіндегі жас айыр­машылығы.

    Қожаназардың сөзін сөйлеуші Орынбор би: «Екеуі Құран ұстап, ақыреттік дос болған жоқ, сондықтан қыз алу қайшы емес!» деп дегендері­ не жетпей тынбайтындарын ашық сездіреді.

    Шарасыз қыз жағы: «Меңсіз сұлу Ақшолпанның қалың малы ерек­ше болуы керек» деп не де болса, құдалықтың оңына оралмау жағын қарастырып, өтеуін қиындата бе­руді көздейді және сондай шешім шығарады. «Қыз қалыңмалы: ені де бірдей, меңі де бірдей тоқсан торыала аяқ байтал, тоғыз жүз ақсарбас тұсақ!» Бұл қанша бай дегенмен бұндай біркелкі малды Қожаназардың өзі таба алмас деген есекдәме.

    Орынбор: «Әй, Сұлтанғали, әлгі айтқан қалың мал бір Қожаназар емес, байтақ беріштің малынан табылар ма екен?» дегенде өз ойындағыдай жауап естіген қарсы жақтың биі:«Онда көшіп бара жатқан ел екенсің­дер, жолдарың болсын!» деп қуанып кетеді.

    Албырттығымен көрермен есін­ де қалған Есберді: «Дәл 15 күнде қалың мал дайын болады. Енді 90 емес, 99 торыала аяқ байтал, 900 емес, 999 ақсарбас тұсақ берем» деп жұртты тағы бір таң қалдырады. Ал болар тойдың аламан бәйгесінің бас жүлдесі «қалы кілем жапқан 9 нар, боталы түйе, құлынды бие» деген­де оның асып­-тасып сөйлегенінен сескенген қасындағылар оған басу айтуға мәжбүр болады.

    Режиссердің тапқырлығы деуге тұрарлық көрнекі образ – сахнадағы қалың жылқы. Спектакль барысын­ да бейнеэкраннан шауып өтіп жат­қан қалың жылқы – Қожаназардың байлығын танытатын деталь.

    Қызын қимай сыңсып жылай берген бәйбішесін Мәсбатыр бай: «Әй, бәйбіше, Қожаназар сенің қы­зың түгіл хан қызына да лайық адам»... деп тыйып тастайды. Байдың сөзіне қарсы дау айта алмаған бәйбіше: «Мен оның басын кемсініп отырғаным жоқ, жасын көпсініп отырған жоқпын ба?... Әркім бір тіс­теп тастаған ағаш аяқтың қасында сырлы зереңдей болып қалай жүрер екен, қарағым?!» деп қамығады. Бұл – жалғыз қызын жетпістегі шал­ға қимаған ананың жан сыры, әрі шынайы да ұтымды теңеу.

    Сол сәтте сахнаға Қожаназар шығып: «Шолпан қарағым, қасиет тұтып жүрген сақалымды қошқар­дың күйегіне теңеп мені сабамнан шығарып жіберген сен едің. Сенен бір қателік кетті. Мен сабыр сақтай алмағаныма өкініштімін.  Менен бір қателік кетті. Сол үшін ата­-анаңның алдында кешірім сұрағалы келдім. Сен бар қызығыңды алдан күткен жас едің, сол арманыңды өшірмейін дедім. Мен бар қызықты артта қалдырдым деген қарт едім, Ақшолпан қарағым, егер қаласаң, бүгіннен бастап сенің басың менен бос. Әке-­шешеңнің алдында айып­ шапанымды төлеп, қалыңмалымды қайтып алам», – деп райынан қайт­қанын айтады. Көрерменнің күтіп отырғаны да дәл осы сөз еді.

    Бұл – байлығына мастанған өр­көкірек, надан байдың емес, көкірек көзі ояу, саналы­салиқалы, ақыл­ман-­абыз байдың образы. Автор­-режиссердің көрерменге ұсынған Қожаназар бейнесі осы.

    Ақшолпанның: «Өзің көтермейтін сөзді өзгеге айтпа! Өзіңді­-өзің сый­ламасаң, өзгеден сый дәметпе! Біз қыз аузынан шығуға тиісті емес сөзді айттық. Сыйлануға да тиіс емес едік», – деген сөзіне таң-­тамаша бол­ған ата-­анасына Ақшолпан: «Түсін­бейтін түгі де жоқ. Менің іздегенім де, күткенім де тап осындай адам. Әр бастаған ісін ақырына жеткізбей тынбайтын болса, әр берген уәдесін өзінің арындай қорғайтын болса, оның алдында барша жан басын иетін болса, сонда маған (одан өзге) қандай адам керек екен?» деп көрерменге то­сын шешім жасайды.

    Қожаназардың: «Айналайын, Ақ­ шолпаным­ай, менің 65 жасымнан 40 жылды бірден қырқып тастадың­ау?» деген ризашылық сөзіне,  Ақшолпан: «Әке­-шешемнің алдында мен сізге адал жар болып, өмір бойы сыйлап өтуге ант етем» деп өз шешімін ашық жариялайды. Қарт Қожаназардың  ақылына айналған қыздың қасына келіп бұрымынан иіскеп, өзінің сү­йіспеншілігін білдіруі – режиссердің болашақ жұбайлардың өзара келісім тапқанын танытатын деталь. Бүгінгі көрермен үшін күнде көріп жүрген сурет болғанмен, бұрынғының адамы саналатын жетпістегі кейіпкерге жа­расымды қылық емес.

    Бір ғана «Балапан қаз» әнінің аясында қыз ұлттық киім киіп ұза­тылып, келін болып, басына жаулық түсіп, балалы болады. Бұл да сахна өнерінің сырына жетік режиссердің сәтті табысы деуге болады. Осы тұста көрермен үшін қалыңмал төленгені туралы бір ауыз сөзбен, не бір эпи­зодпен көрініп кетуі керек еді, бірақ олай болмады.

    Экрандағы теңізден шығып ке­ле жатқан аттар суын айғырдан құлын туатын аңызды көрнекі түрде көрерменнің ойына салатын сәтті эпизод болуымен бірге тағы бір оқшау оқиғаның басталуынан хабар береді.

    Бұдан әрі бәріміз білетін Қараман атадағы анттасуға себепші болатын оқиға сахнада өрбиді. Кейінгі жастар үшін түсініксіз ертенің осы бір қатыгез шешіміне қазақтардың: «Адамды антқа салу қисынға келмейтін іс емес пе?» деген сауалына түрікмендер: «Ақсақал, біздің де шығынымыз аз емес. Ахалтекенің тұқымы құрып ке­тетін болса да, ортаға қара арғымақты салмақшымыз», – деуімен жауап бе­ реді.

    Бұл – авторлардың бүгінгі көрер­мен үшін берген жауабы. Тағы бір тоқтала кететін тұс – Қожаназардың монологі дер едік. Баласы оққа ны­сана болғалы тұрған әкенің ішкі мо­нологін автор қал-­қадерінше айтуға тырысқан. «Өмірдің бұралаңын көп көрген жан едім, бірақ бұндай зауалға тап боламын деу мың ұйықтасам түсіме кірмепті. Құдай деген көп пенденің бірі едім. Ешкімге қылдай қиянат қылғаным жоқ. Ешкімнен ештеңе аяғаным жоқ,– деп барып, амалы таусылған атаның: «Елім мен жерім үшін, ақпейіл халқымның болашағы үшін, Қошанымды антқа тіктім. Уа, Бекет, құтқара гөр, құ­лынымды» деп Пірге жалбары­нуы кім-­кімді де сендіреді. Ал «Уа, Құдайым, біз айыпты десең – бізді ат, қара айыпты десең – қара атты ат!» дейтін Пірдің аузымен айтыла­тын атақты антты жергілікті жұрт­тың көбі біледі.

    Қойылымның шешуі ретінде Қошанның «Алақайлап» жүгіріп шы­ғуы, жылқының қиқуымен сахнаның жабылуы режиссерлік сәтті эпизод­тар деуге әбден болады.

    Сонымен бір сағаттың ішінде өлке тарихында өзіндік орны бар, аңызға айналып кеткен белгілі оқиғаны жып-­жинақы қойылым етіп көрсете білген әртістер өнеріне тік тұрып қошемет көрсеткен көрерменнің ри­зашылығын сезіндік.

    Қожаназар рөлін – Медғат Өмір­ әлиев, Мәсбатыр рөлін – Тоқтамұрат Тілеу, Ақшолпан рөлін – Сағадат Сейітқожаева, Сұлтанғали биді – Айдос Тастаев, Орынбор биді – Рамазан Ақтаев шебер сомдап, ел аузындағы аңызға айналған тарихи оқиғаның жүйесін тауып, жымдас­тырып, әр кейіпкердің аузына өз деңгейіне лайық сөз салып, сахна қойылымына ұсынған театрдың өз тұлғасы Нұрнияз Мұхановтың аяқ алысы қуантты.

    «Антты» көріп отырып, өте ауыр, шарасыз жағдайда ғана ауызға алы­натын қасиетті сөзді қойылым ба­рысында 3 рет естіп, тақырыбын ашуға негізгі – Қараман атадағы антта жетпес пе еді, себебі ол қолжаулық қылатын сөз емес қой деген пікір түйдік.

    Үміт ЖӘЛЕКЕ, Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="62534,62531,62533,62532,62053"]
    1443
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    мәдениет маңғыстау жаңалықтары анонс рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Жаңаөзендіктер Ғ.Мүсірепов театрын қарсы алды

    Келесі жаңалық

    Қуыршақ театры жүлдемен оралды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстауда «Өз өлкеңді таны» экспедициясы өтті (күнделік - 1)

      [ 2019 ] 6 тамыз, 12:04
      17950

      Маңғыстауда «Сисем – елдің есігі, ердің бесігі» атты жалпыхалықтық ас беріледі

      [ 2019 ] 9 қыркүйек, 13:14
      18271

      Маңғыстауда "Өз өлкеңді таны" экспедициясы өтті (күнделік - 2)

      [ 2019 ] 6 тамыз, 12:26
      18110

      Маңғыстаулық студенттер киіз үй тігуден жарысты (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2019 ] 24 сәуір, 13:12
      2193

      Ақиқаттан – аңызға, аңыздан – сахнаға жол тартқан «Ант»

      [ 2018 ] 2 қазан, 10:28
      1444

      Теңге ауылындағы Наурыз той

      [ 2018 ] 22 наурыз, 19:57
      1692

      Рубрикалар

        ТағайындауМаңғыстауСпортТүпқарағанБайқауЖаңалықтарМәдениетСұхбатРухани жаңғыруАудан тынысыБайланыс мәліметтері

      Автордың басқа да жазбалары

      Жерлесіміз жүлдегер атанды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 10:00
      2292

      Ақтауда ақынға арналған кеш өтті

      [ 2019 ] 28 қараша, 12:36
      2428

      Саңлақ күйші Сержан Шакраттың 80 жас мерейтойы аталып өтті

      [ 2019 ] 8 қараша, 09:23
      2149

      Ақтауда жас педагогтар форумы өтті

      [ 2019 ] 4 қараша, 09:36
      1936

      Мұрын жырауға арналған кеш

      [ 2019 ] 29 қазан, 06:32
      2455

      Скрипкашы Айман

      [ 2019 ] 25 қазан, 05:04
      2393

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»