• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 3 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

    Мұрын жырауға арналған кеш

    [ 2019 ] 29 қазан, 06:32  |  Қоғам

    «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» мемлекеттік мекемесінің қабырғасында Мұрын жырау Сеңгірбекұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Жыр дүлейі – Мұрын жырау» атты ғылыми-танымдық кездесу кеші өтті. «Экскурсия­-көпшілік» бөлімі­нің меңгерушісі Айман Яриханованың ұйымдасты­руымен өлкенің тарихи­-мәдени мұра­ларын насихаттау және жас жеткін­шектерге патриоттық тәрбие беру,  өз елінің тарихын, мәдениетін, құрметтеуге үйрету, Мұрын Сеңгірбекұлының өмірі мен шығармашылығына тоқтала оты­рып, өнегелі жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру мақ­сатында өткен аталмыш шараға Ш.Есенов атындағы университет профессоры, фило­логия ғылымдарының докторы Бибіайша Нұрдәулетова, Мұрын жыраудың ұрпағы Төреғали Мұрынов, Форт­Шевченко ме­мориалдық мұражайының «Экскурсия­ көпшілік» бөлімінің меңгерушісі Айгүл Балабаева, Маңғыстау туризм колледжінің және Маңғыстау өнер колледжінің білімгер­лері қатысты. «Жыр дүлейі – Мұрын жырау» тақыры­бында баяндама оқылып, қай заманда да қауымды бірлікке бастап, елін ертеңіне үндейтін, өткеннің тарихын жадына тоқып, келешегіне бағдар сілтейтін шамшырақ тұлғалар болатыны айтылды. Мұрын жы­рау туралы слайд дайындалып көрсетілді. Сондай-­ақ танымдық кешке шақырылған құрметті қонақтарға сөз кезегі беріліп, олар қатысушы білімгер жастарға Мұрын жырау туралы, рухани құндылықтар туралы тәлім­-тәрбиелік мағынасы зор әңгімелер айтты. Профессор, филология ғылымдарының докторы Бибіайша Нұрдәулетова Мұрын жыраудың теңдесі жоқ талант иесі болға­нын, бірақ оның еңбегі өз дәрежесінде на­сихатталмай келе жатқанын, жалпы өнердің кім көрінгенге берілмейтінін, келешек жастардың маңғыстаулық өнер иелерінің мұраларын білуге тиіс екенін түсінікті тіл­мен жеткізіп, жастарды өлке тарихын оқуға, интернет арқылы Мұрын жырау туралы мәліметтермен танысуға шақырды. Жыраудың ұрпағы Төреғали Мұрынов жастарға атасының ел арасында сыйлы болғанын, бұрын өздері тұрған үй кейін му­зейге айналғанын, атасының көзі саналатын мөр­-жүзік пен алтын жалатылған пышақтың сабын алматылық зерттеуші алып кетіп, қайтармай, ұзақ жылдар іздеп, соңында жергілікті өлкетану музейінен тек мөр­-жүзікті тапқанын айтты. Сонымен қатар қатысушы тәлімгер жастарға рухани мол қазына – өлкенің мәдени-­әдеби мұраларымен таны­сып, түбектің біртуар тұлғалары туралы білімдерін жетілдіруді ұсынды. Форт­-Шевченко мемориалдық мұража­йының «Экскурсия-­көпшілік» бөлімінің меңгерушісі Айгүл Балабаева жыраудың 1933 жылы дүниеге келген Тұрланнан туған жиені Жаңылдың жолдаған хатын оқып бер­ді. Онда: «Атам көп сөйлемейтін, ешкімге сыр ашпайтын, терең ойшыл кісі болды. Ол өте еңбекқор адам еді, өзінің уақытының көбін ұстаханасында өткізетін. Ауыл­-аймақтан атаның қолынан шыққан қолөнер бұйымдарына сұраныс көп болатын. Халық арасында аса құрметке бөленді. Малшыға да, аңшыға да, шеберге де, диханшыға да, ошақ басында күнделікті қажет ететін көптеген құралдар мен бұйымдар ұстаның темір төсінен дем алып, өнерлі қолынан өткен», – деп сыр шерткен Жаңыл өзінің елуінші жылдары тұрмыс құрғанын, сол кезде атасының оған жүкаяқ сыйлағанын, ол жүкаяқ ұзақ жылдар бойына жырау атасының көзі ретінде отбасындағы құнды жәдігер саналып келгенін, енді жаңадан жабдықталып жатқан жыраудың музей үйіне тарту еткелі отырғанын әңгімелейді. Сонымен бірге атасының қолынан шыққан арбаның қос дөңгелегіне де көзінің қарашығындай сақтап келген кейуана келешекте көрермендер залынан орын беруге бекініп отырғанын айтыпты. Кеш барысында Өнер колледжінің 1-­курс студенттері Нұрзада Саназар мен Сәбира Сәдірқожаева өнер көрсетіп, соңынан жастарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасақталған «Маңғыстаудың қа­сиетті нысандары» тақырыбындағы жыл­жымалы көрмесі бойынша экскурсия өткізілді.

    Үміт ЖӘЛЕКЕ

    2517
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Мұнайлыда партиялық кадрлық резервке іріктеу басталды

    Келесі жаңалық

    Ақжігіт - алтын діңгегім

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2702

      Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

      [ 2023 ] 24 шілде, 13:46
      925

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2681

      Кәлетаев: Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті

      [ 2019 ] 8 ақпан, 06:42
      2133

      Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

      [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
      3172

      Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

      [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
      5907

      Рубрикалар

        ҚұқықӘлем жаңалықтарыБайланыс мәліметтеріМұнайлыҚазақстан жаңалықтарыАшық қоғамРухани жаңғыруЖастар бетіЭкономика

      Автордың басқа да жазбалары

      Жерлесіміз жүлдегер атанды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 10:00
      2369

      Ақтауда ақынға арналған кеш өтті

      [ 2019 ] 28 қараша, 12:36
      2474

      Саңлақ күйші Сержан Шакраттың 80 жас мерейтойы аталып өтті

      [ 2019 ] 8 қараша, 09:23
      2208

      Ақтауда жас педагогтар форумы өтті

      [ 2019 ] 4 қараша, 09:36
      1989

      Скрипкашы Айман

      [ 2019 ] 25 қазан, 05:04
      2445

      «Ер Қармыс» фильмі жарық көрді

      [ 2019 ] 18 қазан, 04:21
      2752

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»