• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 11 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    «Ер Қармыс» фильмі жарық көрді

    [ 2019 ] 18 қазан, 04:21  |  Қоғам

    Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойы аясында бір бойына көп қасиетті дарытқан ұлы тұлғаның қабілет-қарымын жан-жақты таныту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Барлық жанрда қалам тербеген алуан қырлы Әбекең шығармашылық бағыттағы кәсіби қызметі арқылы отандық кино өнерінің де қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосқан. 1970-1975 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы бола жүріп, қазақ кино өнерінің жауһарлары – «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры» көркем фильмдерінен бастап, сол жылдары таспаға түсірілген барлық туындылардың сценарийлерін өз қолынан өткізіп, көркемдеп, түзеп-күзеп, бекітіп отырған. Автордың төл туындылары – көркем шығармаларының өзі кино түсіруге дайын өнім екені туралы режиссерлер айтып, жазып келеді. Сондай-ақ оның зерттеулері арқылы да түрлі деректі фильмдер түсіріліп дайындалуда. 10 қазан күні Ақтау қаласындағы «Достық үйі» ғимаратының кино залында жорық жыршысы Қалнияз жырау Шопықұлының «Ер Қармыс» дастанының негізінде түсірілген режиссер Нартай Сауданбекұлының кино-жыр туындысының тұсаукесері өтті. Ә.Кекілбайұлы «Дуадақ қонған боз төбе» атты тарихи танымдық еңбегінде XIX ғасырдың басы мен бірінші жартысындағы Ресей патшалық империясының отарлау саясаты мен Хиуа хандығының шапқыншылығына қарсы шыққан Маңғыстау қазақтарының күрделі тағдырын, кеткен есесі мен қайтқан кегін, сол тұста ерлігімен көзге түскен қаһарман тұлғаларды «Ер Қармыс», «Балуанияз батыр», «Тоғыз ауыл» дастандарымен байланыстыра қарастырады. Бұл жаңа фильмнің ерекшелігі – аталмыш дастанның желісі бұзылмай, оқиғалар жырдың негізінде өрбіп отырады. Бейнеклип немесе қысқаметражды фильм деуге мазмұны мен ауқымы сыймайтын туындыны көрген алғашқы көрермендері бір ауыздан кино-дастан деп бағалады. Бас кейіпкер – жетпіс бес жастағы Ер Қармыстың рөлін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бегайдаров шебер ойнап шыққан. Актер, режиссер, ҚР Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Тұңғышбай Жаманқұлов тәкаппар да қатыгез Жәуміт ханның рөлін сомдапты. Ер Төлепті театр және кино актері, режиссер, ҚР-ның мәдениет қайраткері Нартай Сауданбекұлының өзі сәтті бейнелеген. Күтпеген жерден жау шапқан бұйқыт елдің қаралы жұрты, бармағы тістеулі кеткен азаматтардың қаруға қолдары да жетпей қапыда қыршынынан қиылуы, әйелдердің ащы зары, мал-жанның талауға түсіп, бойжеткен қыздар мен келіндердің жесір ретінде айдалып бара жатуы шынайы да аянышты, сенімді суреттеліпті. Көрермендердің көбі көзіне еркісіз жас үйіріп отырды. Осы хабар құлағына тиген қарт батыр Қармыстың он ай кезік ауруынан енді айыққанына да қарамастан қару-жарақ, сауыт-сайманын толық қамдамай асығыс жау соңынан қуып кетуі, жолай Ер Төлепке хабарлап, ол келгенше жауды қуып жетіп жалғыз өзі ұрыс салуы, қарсыластарының жолын бөгеуі, денесіндегі ауыр жарақатына қарамастан артынан келген ерлерді майданда күтіп жатып, басқыншылардың кеткен бағытын сілтеуі, өз елінің жауынгерлерін сұрап біліп, қарсы тараптан сақтандыру мақсатында кеңес беруі қайсарлықпен, қаһармандықпен, мәрттікпен жеткізілген. Ал енді Әнеттің ұлы Ер Төлеп бастап аз қолмен көп жаудың артынан барып кек қайтарып, жесір айыруы, жекпе-жекте ерлік көрсетіп, сол замандағы қойын-қолтық соғыс тәсілдерін аса шеберлікпен көз алдымызға елестетті. Дастанды жырлаушы – жыршы, Қызылсай ауылдық мәдениет үйінің директоры Ахмет Баякешов. Фильм басталмастан бұрын идея авторы – сценарист-драматург Жәнібек Әлікен сөз сөйлеп, Маңғыстауға алғаш келген сапарында Пір Бекет Ата басына зияраттай бара жатып, жолда осы дастанды тыңдағанда, кино түсіру туралы ой келгенін айтады. Оның идеясын іске асырған режиссер Нартай Сауданбекұлы фильмнің түсірілу кезіндегі қиындықтары мен режиссерлік шешімдері туралы әңгімеледі. Тұсаукесердің құрметті қонағы Тұңғышбай Жаманқұлов әріптес інілерінің талабына қолдау көрсетіп, фильм сюжеті, мазмұны, идеясы ұнағандықтан ұсынысқа бірден келіскенін, кино өнерінің қиындықтарын өз тәжірибесінен мысал ете отырып айтып берді. Екі көрсетілімінде де көрермендер артығымен келіп, кино залды толтырып отырды. Фильмнен кейін Алматыдан арнайы келген тарих ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Самат Өтенияз фильмнен алған әсерімен сол тұстағы тарихи оқиғаларға ұзақ талдау жасап кетті. Ер Төлептің ұрпақтары атынан сөз сөйлеген өлкетанушы Мұрат Ақмырзаев ризашылығын білдіріп, қосымша ой-пікірлерін ортаға салды. Демеушілер атынан «Өзенмұнайгаз» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы Наурыз Сақтағанов пен осы мекеменің депатрамент директоры Әділ Сүйебай сөз сөйлеп, түсіру тобына, шығармашылық ұжымға алғыстарын білдірді. Алашорда үкіметінің 100 жылдығы тұсында басталған шығармашылық байланыстары бұл туындымен тоқтап қалмай, болашақта да жалғасатынын айтып, ойларында жүрген жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарлары барын айтты. Ер Қармыс ұрпақтарының атынан ел ақсақалы, «Балықшы Ата» қоғамдық қорының төрағасы, «Тұлпарқұрылыс» ЖШС бас директоры Қылышбай Көшербайұлы алыс-жақыннан арнайы келген қонақтарға алғысын білдіріп, қомақты қаржылай сый ұсынды. Тоқсаныншы жылдардың басында-ақ Ер Қармыс, Балуанияз батыр, Тұрыш ишан аталарының басына алып кесене салдырып, ұйымшылдығымен танылған ұрпақтарының әр жылдардағы игілікті істерін айтпағанда, 2012 жылы Отпан таудың басында Амал мерекесін жоғары деңгейде өткізуі – аса ауқымды шара болып есте қалды. Сол дәстүр бойынша 2020 жылы тағы Балықшы Ата ұрпақтары халықтық мерекені абыроймен өткізуге қазірден қызу дайындалуда және маңғыстаулықтар мен өлке қонақтарын Амалға белсенді қатысуға шақырады. Бұл туралы фильмнің тұсаукесер салтанатында да, мәртебелі меймандарға берілген қонақ асында жан-жақты хабарланды. Тұсаукесерге арнайы келген қонақтар «Әбіш әлемі» I халықаралық театр фестиваліне қатысты.

    Үміт ЖӘЛЕКЕ

    2700
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам маңғыстау жаңалықтары
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Жаңаөзеннің даму деңгейі қандай?

    Келесі жаңалық

    Энциклопедиялық танымның Эвересі (Эссе)

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2659

      Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

      [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
      2745

      Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

      [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
      5798

      Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

      [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
      4643

      Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

      [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
      3647

      Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

      [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
      3384

      Рубрикалар

        МәдениетБіле жүріңізӘдебиетанонсСұхбатЭкономикаМаңғыстау жаңалықтарыҚазақстан жаңалықтары

      Автордың басқа да жазбалары

      Жерлесіміз жүлдегер атанды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 10:00
      2298

      Ақтауда ақынға арналған кеш өтті

      [ 2019 ] 28 қараша, 12:36
      2432

      Саңлақ күйші Сержан Шакраттың 80 жас мерейтойы аталып өтті

      [ 2019 ] 8 қараша, 09:23
      2154

      Ақтауда жас педагогтар форумы өтті

      [ 2019 ] 4 қараша, 09:36
      1938

      Мұрын жырауға арналған кеш

      [ 2019 ] 29 қазан, 06:32
      2461

      Скрипкашы Айман

      [ 2019 ] 25 қазан, 05:04
      2396

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»