Cенекте жаңа балабақша ашылды
[ 2019 ] 31 қазан, 12:50 | Қоғам
Қарақия ауданының Сенек ауылында «Ясин» атты жаңа балабақша ашылды. Салтанатты шараға Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков, орынбасары Бауыржан Тұяқов, аудандық мәслихат хатшысы А.Мееров, «Сенек» ЖШС директоры Қ.Наурызмағанбетов және ауыл әкімі мен тұрғындары, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері қатысты. Ауыл тұрғындарын жағымды жаңалығымен құттықтаған аудан басшысы балабақшаны ашқан кәсіпкер Фазыл Сырымұлына алғысын айтып, ұжым қызметкерлеріне сәттілік тіледі. Бұдан соң ауыл тұрғындары атынан кәсіпкердің анасы және Сенек ауылының алғашқы балабақшасының ардагері сөз алып, ата-аналарды құттықтады. Ауыл ардагерлері лента қию рәсімін өткізіп, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Аудан және ауыл басшылары балабақшаны аралап көріп, ішкі жұмысымен танысты. Айта кетейік, бұл аудан көлемінде үшінші рет ашылып отырған жекеменшік мектепке дейінгі мекеме. Сенек ауылынан жиырма адамды жұмыспен қамтып отырған жаңа ұжым екі топта 50-ге жуық баланы қабылдайды. Бұдан басқа ауылда мемлекеттік негіздегі балабақша да бар. Негізінде бұл ауылда балабақша кезегінде тұрған бес бала бар болатын. Алайда қазірдің өзінде жаңа балабақшаға қырыққа жуық тәрбиеленуші келіп үлгерген. Жалпы ауылдарда адам санының өсуі байқалады.
Шынар КЕНДІН
2293
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.