Вакцинация - балалар мен ересектерді көптеген инфекциялардан сал (полиомиелит), қызылша (корь), құрөзек (дифтерия), құрысу (столбняк), көкжөтел, өкпе ауруының ауыр түрлері, «В» гепатиті, қызамық, эпидемиялық паротит, гемофильді жұқпа сияқты аурулардан қорғаудың тиімді тәсілі.
Міндеттелген екпелерден басқа ұлттық екпе күнтізбесінде қосымша екпе түрлері бар. Ол – тұмау, менингит, «А» гепатиті, оба, іш сүзегі сияқты жұқпалар. Вакцина салу арқылы көптеген жұқпалы аурулардан өлім-жітім жағдайларының санын қысқартуға, ал кейбіреулерін мүлдем жоюға болады. Мысалы, вакцинация көмегімен вирусты гепатит «А», «В» түрлерімен сырқаттанушылық азайды, ауырған адамдардың өздері басқа жақтан келген егілмеген адамдар арасынан кездеседі.
Екпенің не екенін барлық ата-ана біледі, бірақ олардың көпшілігі екпе салдырмас бұрын күмәнданатыны құпия емес. Және қазіргі кезде екпелермен қорғалған балалардың сол инфекциялармен кездесетіні кемде-кем. Бұл ретте осыдан 30-40 жыл бұрын ата-аналарға қызылшаның немесе дифтерияның немен қорқынышты екенін түсіндірудің қажеті жоқ еді – бұл инфекциядан балалар өлімі жеткілікті болатын. Полиомиелиттің алдындағы қорқыныш оның кейінгі әсеріне байланысты болатын. Атап айтқанда, таңертең бала сал ауруынан аяғынан тұра алмай қалған кездер әрине, қазіргі кезде де мүгедек арбасына таңылған ересек адамдар бар. Ал солардың ішінде полиомиелитпен ауырғандар да кездеседі.
Вакцинация – ауруды ескертуге бағытталған тиімді әдіс. Біздің балаларымыздың салауаттылығы – инфекцияға қарсы кеңінен профилактикалық егулердің жасалуына байланысты қол жеткізілді.
Құрметті ата-аналар! Балаңыздың денсаулығы – сіздің қолыңызда. Өз балаңыздың уақытылы екпе алуын және біздің мемлекетіміздің дені сау азаматы болып өсуіне көмектесіңіз!
Сонымен бірге былтырғы жылдан бері елімізде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты бұл инфекцияны алдын алу жолдарының бірі халықтың ұжымдық иммунитетін қалыптастру үшін ең тиімді жолы – вакцинациялау деп танылған болатын. 2021 жылдың ақпан айынан бастап 18 жастан бастап халықты COVID- 19-ға қарсы 2 реттік интервалмен егілуі жасалуда. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқасында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып, жасыл аймаққа ендік. Одан әрі COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алуға шақырамыз.
А.БАКИЕВА,
Қарақия аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы