Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Орал қаласында өткен республикалық "Ұлы Дала рухы" сайысында Маңғыстау облысы құрама командасында өнер көрсеткен Жеңісбек Ертіреков үздік шабандоз номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дүйсенбай Атағараев мәлім етті.
Оның айтуынша, сайысқа қатысқан «Маңғыстау» құрама командасы топтық есепте І орын еншіледі. Топтың құрамында қарақиялық 2, Маңғыстау ауданынан 1 спортшы бар.
"Республикалық "Жамбы ату" ұлттық спорты 26-28 тамыз аралығында Орал қаласында өтті. Сайыста өңір құрама командасында өнер көрсеткен Жеңісбек Ертіреков үздік шабандоз атанды. Бұл - облыс үшін үлкен жетістік. Жарысқа Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облысының спортшылары қатысты. Маңғыстау өңірінде "Жамбы ату” спорт түрі дамып келеді», деді Дүйсенбай Атағараев.