"Бақтыбай" шаруа қожалығының жұмысшы күші шабындық жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе облысы, Қобда ауданына жол тартты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұған дейін аудан әкімдігі мен "Бақтыбай" шаруа қожалығы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалған.
«Ақтөбе өңіріне аудан әкімінің сұранысы бойынша жол тарттық. Негізгі мақсат – аудандағы мал азығы тапшылығын жойып, қиын жағдайдан шығу. Жолымызға арнап өндірістік мекемелер 4 тонна жанар-жағармай шығындарын өтеді», - деді шаруа қожалығының иесі Бақтыбай Жарылғасов.
Алдағы уақытта меморандумға сәйкес, шаруа қожалығы Қарақия ауданына қысқы мал азығының қорын жасақтайтын болады.