Мұнайлы ауданы прокуратурасының бастамасымен «Борышкер» рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шарада аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік тәжірибе тобы, салық басқармасы және аумақтық жеке сот орындаушыларымен бірлесіп мемлекет пайдасына өндірілуге жататын алимент және атқарушылық құжаттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара қорытындысы бойынша алимент төлемей жүрген борышкердің автокөлігі айыптұраққа алынды.