14 ш/а 31 үйде қоныстанғандардың айтуынша, жақында жаңа көрші келіп қоныстанған. Тұрғындар жаңа пәтер иелерінің бірден үй алдындағы ағаштар мен бұталарды тамырымен жұлып тастағанына шағымдануда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұрғындар бұл жасыл желектерді көршілердің барлығы бірлесіп суарып, ауланы көркейткендерін айтады. Дегенмен жаңа көршілерге ағаштар мен бұталар кедергі келтірген көрінеді. Тұрғындардың пікірінше, жаңадан қоныстанушылар бұл әрекеткн көлік қоятын орын босату үшін барды деп болжайды.
Оқиға туралы редакция әкімдіктен анықтамк күтуде. Жаңа пәтер иесі жаза ретінде он есе көп ағаш отырғыза ма? Ал облыстық полиция департаментіне "Бұл әрекетке барған тұрғынға айыппұл салына ма?" деген сауал жолданды.