Маңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен екі әскери қызметкер ұсталды. Бұл туралы Еgovpress кейбір дереккөздерге сілтеме жасап парақшасында жариялады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тергеушілердің мәліметінше, күдіктілер марқұмның басын кесіп, кейін жерлеген. Тағы бір күдікті қашып кеткен. Ал қайтыс болған адам бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі адамды ұрлап кетіп, өлтірген екі күдіктінің ұсталғанын растады.
- Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір тергеу амалдары жүруде. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі.