«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Өзенмұнайгаз» АҚ ұжымына компанияның жаңа бас директоры Жанболат Саймағанбетовті таныстырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Өзенмұнайгаз» АҚ ғимаратында өткен жиында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай компанияның жаңа басшысы Жанболат Саймағанбетовке сәттілік тіледі.
Жанболат Саймағанбетов 1976 жылы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын «Өзенмұнайгаз» АҚ операторы қызметінен бастап, бүгінгі күнге дейін директордың өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
Сондай-ақ ҚМГ басшысы Асхат Хасенов компанияның бұрынғы басшысы, Мемлекет басшысының Жарлығымен Маңғыстау облысының әкімі лауазымына тағайындалған Нұрдәулет Қилыбайға атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметіне табыс тіледі.