
© gov.kz
Батыс Қазақстан облысы бойынша полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып Ақшауов Болатбек Ысқақұлы тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Еске салайық, 52 жастағы Болатбек Ақшауов 2022 жылдың қазан айынан бері Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінде қызметте болған.
Ол 1971 жылы 25 қазанда Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар (инженер-механик, заңгер). 1993 жылдан бастап Маңғыстау облысының ішкі істер органдарында қызмет етті. 2019 жылдың маусымынан бастап Маңғыстау облысының полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.