Төтенше жағдайлар қызметіне бүгін сағат 15:41-де Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылдық округіндегі тұрғын үй аумағында жеке тұлғаға тиесілі автокөліктер өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқиға орнында Lamberet тіркемесі, Mercedes Benz Actros жүк көлігінің артқы бөлігі, Schmitz тіркемесі, «Маз» автокранының кабинасы және 40 тонналық контейнер толығымен жанып кетті.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, өрттің таралу қаупі де жоқ. Өрт шарпыған аумақ - 80 шаршы метр.
Сағат 16:45-те өрт сөндірілді. Төтенше жағдайлар қызметінің 7 бірлік техникасымен 22 адам оқиға орнында жұмыс істеді.