Ақтауда «Халық қатысатын бюджет» аясында көп дауыс жинаған 10 жоба іске асырылуда. Мұнда балалар ойын алаңдары, спорт алаңдары және жаяу жүргіншілер жолын салу қарастырылған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жобалар мына мекен-жайлар бойынша жүргізіледі:
-27 ш/а, №40 үй - балалар ойын алаңы және воркаут алаңы;
-28 ш/а, №10 үй - баскетбол және волейбол алаңы;
-31А ш/а, №9 үй - балалар ойын алаңы;
-15 ш/а, №55 үй - балалар ойын алаңы;
-17 ш/а, №102 үй - балалар ойын алаңы;
-33 ш/а, №19 үй - футбол және волейбол алаңы;
-Шығыс-2, №361 үй - балалар ойын алаңы;
-20А ш/а, №17 үй - балалар ойын алаңы;
-14 ш/а, №32А үй - балалар ойын алаңы;
-15 ш/а, №69 үй - балалар ойын алаңы және жаяу жүргіншілер жолы(тротуарлар).
-Қалада «Халық қатысатын бюджет» аясында 50 дауыстан жоғары жинаған жобалар аясында балалар ойын алаңдары, спорт алаңдары және жаяу жүргіншілер жолы(тротуарлар) қарастырылған. Бұл жұмыстарды маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарланды. Жобалар тұрғындардың өтінішіне және жобалық-сметалық құжаттамаларына сәйкес жүзеге асырылып отыр. «Халық қатысатын бюджет» жобасына қала тұрғындары қатыса алады. Ол үшін жылдың басында тиісті өтініш беру қажет. Биыл өтініш берілген жобалар келесі жылы іске асырылатын болады, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Айдар Бисенов.