Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев эвакуациялық пункттерде қызмет атқарған азаматтарды марапаттады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімі эвакуациялық пункттерде қызмет атқарып, гуманитарлық көмек көрсеткен 20 азаматқа ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.
-Қиын-қыстау кезде әр шағын ауданның азаматтары ерлік пен ұйымшылдық көрсетті. Гуманитарлық көмектің жеткізілуін қамтамасыз етуге, эвакуацияланған азаматтарға қолайлы жағдай жасауға атсалысты. Қазірде елдің бірлігі мен тұтастығы жолында еңбек етіп келесіздер. Сіздерге облыс әкімінің және өз атымнан алғысымды айтамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.