Бүгін сағат 07:35-те диспетчерлік пультке Мұнайлы ауданындағы полигонда өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге ТЖД қызметкерлерімен бірге бір техника жұмылдырылған. Ал жергілікті атқарушы органдар 7 техника: самосвалдар, жүк тиегіштер және су тасымалдағыштар жұмылдырды.