Мұнайлы ауданында кезекті сенбілік өтіп, ауданда арнайы белгіленген 10 аумаққа санитарлық тазалау, ағаш егу, егілген ағаштарды әктеу, суару жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 800-ге жуық аудан қызметкерлері және белсенді тұрғындардың атсалысуымен 200 түп ағаш егілді. Сондай-ақ, 7 арнайы техниканың көмегімен 35 тонна қоқыс қалдығынан сыртқа шығарылды.
Бұдан бөлек, әр ауылдарда, аудан орталығында коммуналдық мекемелер мен мердігер мекемелер жолдарды күтіп ұстау, жол белгілерін қайта сызу, жол жиегіндегі бордюрларды таза ұстау мен ағаш діңгектерін әктеу сынды жұмыстарды күнделікті атқарылады.
Айта кетейік, аталған іс-шара «Таза Қазақстан» және «Таза өлке- Маңғыстау» атты экологиялық акция аясында өтті. Бұл акция 11 мамырға дейін жалғасады.