Мұнайлы ауданы Ақтау-Баянды тас жолында "Shaсman" маркалы ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жол үстінде апаттық жағдай туғызған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұнайлы ауданының полиция басқармасының хабарлауынша, оқиға әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықталған.
«Мұнайлы ауданы ПБ-нің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 606 бабының 1 бөлігіне сай А. есімді азаматқа әкімшілік хаттамасын жасақтады», - деп жазылған аудандық полиция басқармасының хабарламасында.