Халықаралық Жастар күні мерекесі қарсаңында Мұнайлы ауданының Батыр ауылында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиналған халық жергілікті саябақта сейіл құрып, концерттік бағдарламаны тамашалады.
Аудандық Жастар ресурстық орталығы армрестлинг, салмақ көтеру және арқан тарту бойынша спорттық жарыстар өткізді.
Ал, 10 тамыз – ұлтымыздың бас ақыны Абай күніне орай Мұнайлы аудандық кітапхана қызметкерлері кітап көрмесін ұйымдастырды.
- Бүгінгі таңда Мұнайлы ауданында 60 мыңға жуық жас бар. Оның ішінде 20 мыңнан астамы спортпен айналысады. 2000-ға жуық жасөспірім ұл мен қыз мектебіне және шығармашылық үйірмелеріне қатынайды. Өнерпазжастар бүгін жиында бар өнерін көрсетті, - деді Мұнайлы аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Айнұр Жақсылықова.