ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Мұнайлы ауданы тұтынушыларының пікірі мен ұсынысы бойынша «Маңғыстау Жарық» ЖШС-ның электр энергияны жабдықтау қызметі бойынша алдағы уақытта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағаларының шекті бағадан жоғары көтерілуі туралы профилактикалық түсіндірме жұмысын өткізеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Іс-шаралар 2023 жылғы 11 қазан сағат 16:00-де Маңғыстау селосы, 24 квартал учаскесі, 10/5 ғимараты, Ф. Оңғарсынова атындағы Мәдениет үйінде өтеді.
Департамент мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Барлық пікірлер мен ұсыныстар тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін болады. Іс-шараны сапалы өткізу мақсатында қатысушылардан қоғамдық тәртіп пен оларды өткізу регламентінің талаптарын сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол бермеу қажет.
Департаменттің байланыс телефондары: 8(7292) 42-16-20, 43-84-11.