© Көрнекі сурет
Басқұдық ауылында Наурыз мерекесіне орай өтетін «Ұлтымыз Ұлыстың ұлы күнін ұлықтайды» атты Мұнайлы ауданының мерекелік шаралары жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тұрғындар мен қонақтар үшін мейрамға орай киіз үй тігіліп, мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Аудан өнерпаздары концерт қойып, күміс көмей әншілер мен мен мың бұралған бишілер өнер көрсетеді.
21 наурыз күні сағат 11:00-де мерекелік шаралар басталады.
12:00 — спорттық жарыстардың басталуы. Атап айтсақ: қазақ күресі, қол күресі, қой көтеру, ләңгі тебу, асық ату және тағы басқалары;
12:30 — тал көшеттерін отырғызу;
13:00 — Киіз үй қалашығының көрсетілімі;
11:00 де басталған концерттық бағдарлама сағат 15:00 ге дейін жалғасады.
Мереке Басқұдық ауылдық округі, N9 мектеп алаңында ұйымдастырылады.