Мұнайлы ауданына қарасты Дәулет ауылдық округінде 200 орындық кітапханасы бар мәдениет үйінің құрылысы басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауыл әкімі Жанболат Жақаев құрылыс барысымен танысты.
Мәдениет үйі ғимараты 2 қабаттан тұрады, жалпы көлемі – 2261,16 шаршы метр.
- Қазіргі таңда ғимараттың іргетасы қаланып, негізгі бөліктерінің жұмыстары басталды. Бүгінде мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарына 10-ға жуық жұмысшы жұмылдырылды. Мердігер мекеме – «Град Строй Сервис» ЖШС,- деді ауыл әкімі Жанболат Жақаев.
Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес аяқталады деп күтілуде. Құрылыс алаңына арнайы барған ауылдық округ әкімі мердігерлерге сақтық шараларын сақтауды, жұмыстарын сапалы, әрі уақытылы аяқтауын тапсырды.