Бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп, қоғамның айықпас дертіне айналып отырған мәселелердің бірі – кибербуллинг. Кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг дегеніміз - жасөспірімдер арасындағы зорлық- зомбылықтың бір түрі қарым-қатынас жасау үшін киберкеңістікті пайдалану. Кибербуллинг – бұл әлеуметтік желілер, онлайн ойындар және жедел хабарламалар қосымшалары арқылы онлайн қорлау. Ал буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді.
Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды, әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін. Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шындығында, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, барлық жерде буллингпен бетпе-бет келуі мүмкін. Ал құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды моббинг дейді. Жалпақ тілмен айтқанда, түрлі ғаламтор желілері арқылы азаматтарды бопсалау, қорқыту және қудалау.
БУЛЛИНГТІҢ ТҮРЛЕРІ:
Қазіргі заман инетрнет заманы. Жаңа технологияларды қолданудың танымдылығы артқан сайын оларды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерінің тізімі артады деп түсіну керек. Ал соны теріс пайдаланушылар өте көп. Соның бірден бір дәлелі - кибербуллинг. Бұл – қазіргі ақпараттық технологиялар күннен-күнге дамыған ғасырда өте өзекті мәселе. Кибербуллингтің жастарға немесе жасөспірімдерге тигізер зияны орасан зор. Қазіргі таңда кибербуллингтің құрбандары – бала. Өйткені көптеген жағдайда қорқытудың құрбаны болған бала қорлаушы тарапынан қорқыту туралы хабарламайды, себебі бала бопсалауға бейім болып келеді. Ол баланың психологиясына әсер етеді Кибербуллинг балаларға қалай әсер етеді?
Баланың қандай да бір қысымға ұшырағандағы белгілердің тізімі:
Мектеп психологы тарапынан буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жұмыстары және сауалнамалар жүргізеді. Сенім телефоны туралы ақпараттандырады. Буллингке ұшыраған оқушыларға психологиялық түзету-дамыту, кеңес беру, топтық және жекелеген жұмыстар жүргізіледі. Оқушының отбасымен және сыныптастарымен, пән мұғалімдерімен психологиялық консультация жүргізіледі.
Ата-аналар не істей алады? Баланың қанша уақыт әлеуметтік желіде отыратынын және қандай мақсатта пайдаланатынын қадағалау. Балаларға тиісті интернет, мінез-құлық туралы әнгімелесіп, дұрыс пайдаланбаудың салдарын түсіндіріп отыру қажет. Баланың интернетте жұмсалған уақытын қадағалау, балаға үнемі қолдау көрсету керек. «Мен саған сенемін», «Бұл сенің кінәң емес», «Біз сені жақсы көреміз және қайта қауіп төнбес үшін барлығын жасаймыз» деп балаға қорғаныш сезімін ұялатып, жалғыз емес екенін сезіндіру керек. Ал мұғалімдер буллинг орын алмауы үшін сынып сағаттары мен ашық сабақтар арқылы түсіндірме жұмыстарын өткізуі керек. Балалардың арасында әлімжеттік жасау, ауыр сөздермен намысқа тию жағдайларын байқаса, дереу оған тоқтау салуға міндетті. Ата-аналармен тығыз байланыста болу, оларды да осы тақырыптағы іс-шараларға қатысуға шақыру керек.
Қорыта айтатын болсақ, кибербуллингпен күресу – заман талабы. Бала – біздің болашағымыз! Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесіне үңіліп, білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін ел болып ынтымақтасып, атсалысуымыз қажет. Кейін опық жеп, бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқан жөн. Қай заман, қай қоғам болмасын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән беріуміз керек.
Салтанат ТӨЛЕГЕНОВА,
№14 жалпы білім беретін мектептің
педагог-психологы