Өзбекстан азаматына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс Мұнайлы аудандық сотында ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі көрші ел азаматының ҚР аумағына былтыр 4 қыркүйекте жеке сапармен келгенін мәлімдеді. Ол ҚР халықтың көші-қон заңнамасын бұзып, елде болу мерзімі өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде өз еліне кетуден жалтарған.
«Сот С-ға ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған ҚР шекарасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Қаулы заңды күшіне енген.