Әлеуметтік желі арқылы ер адам полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді. Оқиға 6 қаңтарда Мұнайлы ауданы Баянды ауылындағы супермаркеттердің бірінде болған. Ер адам әмиянын ұмытып кеткен, ал ауыл тұрғыны оны иемденіп алған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтың ПД сілтеме жасай отырып.
Әмиянның ішінде құжаттар мен 300 мың теңге болған. Әмиянын жоғалтып алғанын байқаған тұрғын дереу учаскелік полиция инспекторларынан көмек сұрады. Құқық қорғау органдары супермаркеттің қауіпсіздік камералары арқылы әмиянды ұрлап әкеткен адамды анықтап, көп ұзамай оны тапты.
"Басында ол бұл әрекетін мойындамады, бірақ үйді тексеру кезінде ұрланған әмиян табылды. Ақшасы мен құжаттары бар әмиян иесіне қайтарылды. Алайда, ол күдіктіге қатысты мәлімдеме жасаған жоқ", - деп хабарлады полиция.
Қылмысты ашқан аға лейтенант Қанат Сыдықов Баянды елді мекенінде 6 жылдан бері қызмет атқарады. Оның әріптесі ювеналды полиция инспекторы полиция капитаны Бегалы Қорғанбаев 2016 жылдан бері осы ауылда жұмыс істейді.