Қызылтөбе-2 ауылының тұрғындары көшеде асфальт жоқ екеніне, қолайсыз ауа райларында көше балшығы қиындық тудырады деп шағымданған болатын.
Тұрғындардың сауалына орай
Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппараты қаржы мәселесі шешімін тапса, асфальт төсеу ісі алдағы уақытта жүзеге асатындығын айтып жауап берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Қазіргі таңда Мұнайлы аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабының 7 шақырым жолының құрылыс жұмыстарына қажетті ЖСҚ/ПСД құжаты жасақталды. 2024 жылға қаржы бөлуге ұсыныс берілді. Ұсыныс негізінде қаржы мәселесі шешімін тапса асфальт төсеу, яғни автокөлік жолдарының құрылысын салу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Сондай-ақ, жолдарды күтіп ұстау қызметі есебінен мердігер мекеме анықталғаннан кейін, Қызылтөбе -2 тұрғын үй алабының көшелеріне құм төгу ( ПГС) грейдер көлігімен тегістеу жұмыстары жүргізілетін болады» делінген Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының хабарламасында.